Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен тест

14 қазан 2012, Жексенбі
Исмагулова Бекзат Мейрамқызы
Петропавл қаласындағы
№17 ұлттық өркендеу орта мектеп - кешені

Қазақ тілінен тест сұрақтары
9 - нұсқа
1. Төл сөздің тыныс белгісін анықта
Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі - үш күн боламыз деген болатын.
А) тырнақша, үтір, сызықша
В) қос нүкте, сызықша, леп белгісі
С) қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша
Д) қос нүкте, тырнақша
Е) сызықша, қос нүкте, тырнақша

2. Төл сөзді сөйлем
А) Осы алаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық.
В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті.
С) «Табылған ақыл, Мұқа!» - деп, Жарқын айналасына қарады.
Д) Күрең ат – Бөжейдің қыс мінетін аты.
Е) Тәртіп бойынша, мен сіздерге есеп беруге міндеттімін.

3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді тап
А) Көңіл кірлесе, сол жаман.
В) Үңгір іші қараңғылана түсті.
С) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері.
Д) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды.
Е) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр.

4. Сызықшаның қойылу себебін анықта.
Бұл – үлкен бақыт.
А) Жіктеу есімдік – зат есім.
В) Есімдік – сын есім.
С) Сілтеу есімдігі – зат есім.
Д) Есім – етістік.
Е) Зат есім – зат есім

5. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
А) Синтаксис
В) Лексикология
С) Полисемия
Д) Стилистика
Е) Пунктуация

6. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін тап
А) Жанат орын ұсынып еді, - отырған жоқ.
В) Балалар, аманбысың, шырақтарым.
С) Ата қоныс – ата мекен.
Д) Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.

7. Қос нүктенің қойылған орнын анықта
Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың!
А) Қарсылықты салаластың жай сөйлемдері арасына.
В) Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен кейін.
С) Төл сөзден кейін.
Д) Жалпылауыш сөзге қатысты.
Е) Автор сөзінен кейін.

8. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгіле
Жалғыз кемдігім хат танымайтыным ғой.
А) жалғыз
В) кемдігім
С) хат
Д) танымайтыным
Е) ғой

9. Үтірдің қойылу себебі.
Оқып білім ал, бөбек!
А) бірыңғай мүше
В) одағай
С) қыстырма сөз
Д) оңашаланған айқындауыш
Е) қаратпа сөз

10. Үтірдің қойылу себебі
Менің ұғуымша, терең сын.
А) Шартты бағыныңқылы сабақтас
В) Толымсыз сөйлем
С) Оқшау сөздер
Д) Қыстырма сөз
Е) Құрмалас құрамындағы жай сөйлем

11. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын тап
А) Ол әндер ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
В) Ол әндер: ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
С) Ол әндер ерлікті де, елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
Д) Ол әндер - ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да - сыйдырған.
Е) Ол әндер ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да сыйдырған.

12. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет
А) Көп сөз – күміс – аз сөз, алтын.
В) Көп сөз – күміс; аз сөз – алтын.
С) Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Д) Көп сөз, күміс, аз сөз, алтын.
Е) Көп сөз күміс – аз сөз алтын.

13. Қойылмаған тыныс белгіні табыңыз.
Жақсы адам елдің арысы.
А) қос нүкте
В) сызықша
С) үтір
Д) нүкте
Е) сұрақ белгісі

14. Сабақтас құрмалас сөйлемді тап
А) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.
В) Міне біз де келдік. Кеш те басталды.
С) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.
Д) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
Е) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.

15. Құрмалас сөйлемді тап
А) Асқар белгілі мерзімде тұрды.
В) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.
С) Жабай жауап қайтара алмады.
Д) Ауылдарыңнан не хабар бар?
Е) Ертең күн жылы, бұлтсыз, жауынсыз болады.

16. Тура мағыналы сөз
А) қара жұмыс
В) қарақағаз
С) қара ниет
Д) қара көйлек
Е) қара сөз

17. Сөздің тура мағынасы
А) Ол менің үлкен балам.
В) Жасың үлкен, жолың үлкен.
С) Үлкенді сыйлай білейік.
Д) Үлкен кісінің сөзін қайда қоясың?
Е) Сірә, үлкен іс қылайын деп жатқан шығар.

18. Диалект сөз
А) Әрлі - берлі
В) кәсіпкер
С) сәукеле
Д) ұжым
Е) маңлай

19. Езулік дауыстылар
А) б, в
В) е, і
С) м, н
Д) ү, у
Е) о, ө

20. Тұйық буын
А) ата - баба
В) ас - су
С) ас үй
Д) ат - тон
Е) алша
21. Тасымалдауға болмайтын сөз
А) еңбек
В) 30 га
С) сулы
Д) километр
Е) жүзім

22. Ұяң дауыссызға аяқталған сөз
А) қыз
В) саң
С) Болат
Д) таң
Е) қыс

23. Орфографиялық заңдылыққа сай жазылған сөз
А) құлұншақ
В) тұлұм
С) көзүлдірүк
Д) бөгет
Е) өзөн

24. Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықта
А) жіңішке дауыстыдан
В) дауыстыдан
С) қатаңнан
Д) ұяңнан
Е) үндіден

25. Үндестік заңына бағынбайтын сөз
А) сызғыш
В) халық
С) Астана
Д) Қарағанды
Е) ауызекі

Толық нұсқасын жүктеу
300 016
0
  • 80
5 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Атырау қаласы, №2 орта мектептің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жаңартылған оқу бағдарламасы тренері Унгаралиева Назгул Имашевна
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Нүкте әлеміне саяхат
Нүкте әлеміне саяхат
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Н. Островский атындағы, №4 Күршім орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Умутбаева Асыл
1 сыныпқа арналған ана тілінен тест сұрақтары
1 сыныпқа арналған ана тілінен тест сұрақтары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Джумабекова Маруза
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×