Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

14 ақпан 2015, Сенбі
Шығармашылық тақырыбы:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері сабағында оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту

“Ғылымның апаты – естен шығару және ғылымға қызығушылығы жоқ адамдарға үйретіп уақытыңды босқа кеткізу” / Хадистен /

Педагогикалық ұстаным:
Ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың
"Жай мұғалім хабарлайды;
Жақсы мұғалім түсіндіреді;
Керемет мұғалім көрсетеді;
Ұлы мұғалім шабыттандырады"

Пікір
«Қос - қорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимұлы қазіргі таңда « Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерінен және халықтық педагогикадан тиімді пайдаланып, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту» шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыс істеп, зерттеулер жүргізіп келеді. Мұғалім Кембридж тәсілі бойынша ІІІ деңгейді бітіріп, өзінің біліктілігін артырған болатын. Бұл ізденулер мұғалімнің шеберлігін және оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен қоса қызығушылықтарын арттыруға болатынын көрсетіп отыр. Жаңа идеялар фестивалінде өзінің баяндамасында қорғаған тақырыбының тиімді тараптарын көрсетіп, «Есте сақтау - білімді апаттан сақтайды»- деген сөзді дәлелдеп берді.
(Үрімова Рахила
Қалалық білім бөлімінің әдіскері
филология ғылымдарының кандидаты)


Сабақ тақырыбы: Етістік
А) Білімділік: Жаңа тақырыпты толық меңгерту
Ә) Дамытушылық: Оқушылырдың ой - өрісін, дүниетанымын, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Б) Тәрбиелік: Әр бір істі саналы түрде істеуге, ақылды мен ақымақты айыра білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сахналық қойылым, әңгімелесу, жаттығу орындау, пысықтау, топтастыру,
салыстыру, сұрақ - жауап, пысықтау.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интербелсенді тақта, кесте плакаттар, шарлар, ертегі қаһармандарының киімдері, үлестірмелі кеспелер, ойындар,
DVD.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылырмен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын, сабаққа дайындықтарын, сынып бөлмесінің тазалығын анақтап, үйге тапсырманы сұрау, оқушыларға сабақтың ұранын айтқызу
Сабақтың ұраны: Бал араша тынбаймыз
Білім балын жинаймыз
Мектеп ана өзіңе біз
Бестіктерді сыйлаймыз

2. Үйге тапсырма:
а) 61 - жаттығуды орындау
ә) «Жақсылық» тақырыбында мәтін құрау
б) Өткенді қайталау

3. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендіктерін анықтау үшін үлестірмелі кеспелермен, лото ойынымен анықтап, өтілгенге қысқаша шолу жасап өту.
Лото ойыны өтілген тақырыптар бойынша 30 сұрақтан тұрады,
әр бір сұрақ нөмірленген:

Осындай кеспелерден алты данасы оқушыларға үлестіріледі, әр бір кеспедегі нөмірлер қайта қайталанбайды, кім бірінші болып дайын болса, сол оқушы жауап береді, жауабына қарай баға орнына

жұлдыз беріледі, сабақтарда қолданыла келіп тоқсан аяғында оқушының қанша жұлдыз жинағаны анықталады, және оның өтілгенді қаншалықты меңгергендіктерін анықтауға болады.
Өтілген тақырыптарды есте сақтау қабілеттерін анықтау кестесімен жұмыс:

ІІ Негізгі бөлім:
1. Жаңа тақырып: Етістік

Эпиграф: Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақсұңқар қаққызбай іледі.(Мақал)

Мақалды оқып, мазмұнын түсіндіру, сабақ барысында мақал естерінде қаншалықты қалғаны анықталып, етістіктерді табу.

Ертегі:
Ерте, ерте, ертеде морфология патшалығында «сөз таптары» на иелік жасаған «Сөйлем» деген хан болыпты, бұл хан барлық мал - дүниесін жинап, ұлдарын жинап, тоғызға бөліп, ұлдарына еншілес бермек болыпты. Қартайған хан үлкен ұлдарын алдына шақырып әр біріне өзіне тиісті еншілесін бермекші болыпты:
- Әй, ұлдарым, бері келіңдер, мен қартайдым, енді сендерге еншілестеріңді бөліп берейін,- депті.
- Мен, әке үлкен ұлыңыз, барлық заттың атауы менімен аталады сондықтан маған зат есімді берсеңіз.
- Мен, әке үлкен, күшті, көркем, дәмді, жақсы нәрселерді ұнатамын, сондықтан маған сын есімді берсеңіз, өте жақсы болар еді.
- Бір, екі, үш, төрт, бес. Әке, мен санағанды өте жақсы көремін, сондықтан маған мыңдаған, шексіз сан есімдерді берсеңіз жақсы болар еді.
- Әй, етістік қайда жүр өзі? Ол неге келмеді, шақырыңдар! - деді хан
- Ой, әке, ол ылғи іс - әрекетпен айналысып жүреді, қазірде бір нәрсемен шұғылданып жатқан шығар,- депті ұлдары.
- Әй, етістік, кел мұнда, сені әкем шақырып жатыр
Қолында домбырасымен етістік кіріп келеді:
- Ассалаумағалайкум, хан әке маған қандай жұмысыңыз бар?
Әке, маған еншілес бермесеңіз де болады, мен сіздің қызметіңізде боламын.
Хан әкесі ұлдарына сұрағандарын беріп, содан бастап етістікті өз қолында алып қалыпты, сөйлем етістіксіз аяқталмас та, баяндалмас та екен.
Етістік – іс - әрекет, қимылды білдіріп, не қылды?, не істеді?, қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

Етістік құрамына қарай екі түрге бөлінеді:
1. Дара етістік – тек қана бір сөзден жасалады
Мысалы: Барды, алды, жазды т. б
2. Күрделі етістік - бірнеше сөзден жасалып, бір сұраққа жауап береді
Мысалы: Алып барды, жұлып алды, жазып тастады т. б

Етістіктің үш шағы бар:
1. Өткен шақ – іс - әрекеттің болып өткенін білдіреді
2. Осы шақ - іс - әрекеттің тап сол уақытта орындалып жатқанын білдіреді
3. Келер шақ - іс - әрекеттің енді болатынын білдіреді
ІІІ. Жаттығу орындау сәті:
Жануарлар қалай дыбыстайды?, не істейді? деген сұраққа жауап береді:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 777
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Портфолио
Портфолио
Портфолионың мақсаты: Мұғалімнің шығармашылық, зерттеу жұмыстарындағы іс - тәжірибені жинақтап көрсету. Оқу мен тәрбие үрдісіндегі нәтижелер мен қорытындылар есебі.
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты повесі бойынша толық мәлімет беру. Оқушылардың өлең бойынша пікірлерін тыңдау, негізгі идеяны ашу. Оқулық бойынша жұмыс атқару, өз ойының айырмашылығын ескере отырып, есте сақтау кестесі арқылы оқушылардың
Шығыс септік
Шығыс септік
Жаңа тақырыпты толық меңгерту, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сын есім
Сын есім
ОҚО, Түркістан ауданы, «Қос Қорған» жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимович
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
«Қос - қорған» жалпы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимович
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылар тапсырмаларды логикалық тұрғыдан ойлап, шешу жолдарын қарастырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып күрделене береді, баланың шығармашылық қабілеттері дамиды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×