Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ақын жайлы мәліметтерді тыңдата отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу. Өлең мазмұнын, құрылысын меңгерте отырып, автор шеберлігін таныту;
Тәрбиелігі: Ой және қол еңбегін жасату арқылы ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып, халықтық дәстүрді қастерлеуге үйрету;
Дамытушылығы: Түрлі шығармашылық арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары - ой қозғау,
кубизм, талдау, түрлі ойындар т. б.
Көрнекілігі: флипчарт, үнтаспа, түрлі - түсті қағаздар, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу, еңбек, саз, математика.

БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сыныпты екі топқа бөлу. 1 - топ «Білімпаздар», 2 - топ «Өнерпаздар» деп атаймын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты «Кубизм» ойыны арқылы тексеремін. Оқушы кубикті айналдырып тастайды қай сан түссе, сол сан жазылған карточка сұрағына жауап береді. Оқушылардың жауабын «бағалау айнасына қойып отырамын.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын үнтаспа арқылы М. Мақатаевтың сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің «Фаризажан» әнінен үзінді беріледі.
2. Ой қозғау.
- Қай ақынның сөзіне жазылған ән деп ойлайсыңдар?
- Ән кімге арналған екен?
Иә, балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңінен танысамыз (Дәптерге күнді, тақырыпты жазғызу).
- Бүгінгі сабағымызда әннің кейіпкері Фариза Оңғарсынова апамызбен және оның «Оюлар» өлеңімен танысамыз.
Ф. Оңғарсынова өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру.
- «Ою» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Әр топ парақ қағазға өз ойыларын топтастырсын.

Фариза Оңғарсынованың "Оюлар" өлеңін тыңдап көрейік. текемет, басқұр, желбау, түскиіздің суреті көрсетіліп тұрады.
Сөздікпен жұмыс.
Текемет – киіз үйдің ішіне төселетін жайма киіз
Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін уық пен керегенің түйіскен жеріне тағатын өрнекті жалпақ құр.
Желбау - киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланатын өрнектелген төгілме шашақты бау.
Тарамысты - еті қашқан, арықтаған.

Өлеңді оқушыларға кезекпен оқытып, мазмұнын ашу.
Сұрақ қою.
Өлең не туралы?
Ою нелерге салынады?( көрпе, ыдыс, киім, т. б)
Өлеңде қандай ою түрі айтылған? (қошқармүйіздің суреті)
Тағы қандай ою түрлерін білесіңдер? (230 - дай түрі бар ою түрлерін көрсету)
Ақынның көзіне неге жас келді?
«Әжемнің көзіндей оюлар» және «Түрінен текеметтің көріп тұрмын, әжемнің тарамысты саусақтарын» деген өлең жолдарынан нені аңғаруға болады?
Ою оятын адамды кім деп атаймыз? (оюшы, шебер)

- Енді, балалар, өлеңнің құрылысын талдайық. ( өлеңге сатылай кешенді талдау)
«Оюлар» өлеңі
Авторы:
Тақырыбы:
Идеясы:
Жанр түрі:
Шумақ:
Тармақ:
Бунақ:
Буын саны:
Ұйқас:

Топпен жұмыс.
1 - топ. «Білімпаздар» – ою туралы мақал - мәтелдер жазу
2 - топ. «Өнерпаздар»- ою салып, қию.

Қорытындылау.
«Киіз басу» ойыны. Екі топтың бір оқушыдан келіп конверт алады. Ішіндегі текемет өрнектері бар карточкалардың сұрақтарына жауап беріп ақ парақ қағазға тиісті орнына желімдейді. Сұрақтарға жауап бере отырып текемет киізді басып шығарамыз
Бағалау
Үйге тапсырма
11 768
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мқғалімі Жанкеева Нұргүл Жауынбаевна
Оюлар. Фариза Оңғарсынова
Оюлар. Фариза Оңғарсынова
Қызылорда облысы, Тасбөгет №11 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рашова Лиза Темирбековна
Шаңырақ
Шаңырақ
Қызылорда облысы, №11 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рашова Лиза Темирбековна
Фариза Оңғарсынова «Оюлар»
Фариза Оңғарсынова «Оюлар»
Қарақалпақстан Республикасы, Хожелі ауданы, №16 санды жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Утегенова Шолпан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×