Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағдарлама қазақ тілі тереңдету 8-сынып

31 қазан 2012, Сәрсенбі
Павлодар облыстық білім беру басқармасы
Педагог мамандардың біліктілігін арттыру институты
Шарбақты ауданы Есілбай орта мектебі
Авторы: Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы

Қазақ тілі
Жалпы орта білім беретін мектептің 8-сыныбына қазақ тілін тереңдетіп оқытуға арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пікір жазған.
Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері Даирова А.Қ.

Жалпы орта білім беретін мектептің 8-сыныбына қазақ тілін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарламасы
Түсінік хат
Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың жолға қойылуы - бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде бұл пәннің ролінің, маңызының артылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар - қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыларға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.
Қазақ тілі пәнінің алдына қоятын мақсаты - тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген, сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Оқушылардың ынта-ықыласы мен талабын, білім деңгейлерін ескере отырып арнайы бағдарлама жасалды. Бағдарлама оқушылардың қабілет-икемін ұштап, шығармашылық ізденістерге кең өріс береді.

Танымдық бағыт бойынша
- Оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
- Тілдің - қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру
- Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.

Практикалық бағыт бойынша
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
- әдеби тілдің нормаларын меңгерту;
- оқушылардың тілдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру
- сөйлем әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.

Бұл міндеттердің жүзеге асуы тілдік білімнің әр оқушының лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі олардың практикалық іскерлік дағдылардың базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды.

8-сынып
(Барлығы-68 сағат, аптасына-2 сағат)
Қазақтың әдеби тілі. 1 сағат
Қазақ тілінің бүгінгі жайы, болашағы, дамуы
І. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары-2 сағат
Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәні. Сөздердің тіркесу қабілеті, олардың мағыналық үйлесімі мен грамматикалық сипатының өзара сәйкестігіне сүйенетіндігі.

ІІ. Синтаксис
Сөйлем-6 сағат
Хабарлы сөйлемнің айтылуы мен тыныс белгісі. Хабарлы сөйлемнің баяндауыштық, морфологиялық белгілері. Сұраулы сөйлемнің түрлері. Лепті сөйлемнің мағынасы, жасалуы. Бұйрықты сөйлемнің тыныс белгісі. Бұйрықты сөйлемнің интонациясы

Сөйлем құрамы-21 сағат
Бастауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары, Зат есімдерден басқа сөз таптарының бастауыш болуы.Баяндауыш, оның тұлғасы, мағыналық белгілері. Баяндауыштың сұраулары. Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары. Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Толықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері. Дара және күрделі толықтауыш. Анықтауыштың жасалуы. Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары. Анықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері. Пысықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері.Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік. Оңашаланған айқындауыш мүше, оның өзіндік ерекшеліктері. Қосарлы айқындауыш мүшелердің ұлттық салт-дәстүрлермен байланысы. Бірыңғай мүшелерге тән грамматикалық белгілер. Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздер, олардың жасалуы. Қаратпа сөз, тыныс белгілері. Қыстырма сөздің сөйлем ішіндегі қолданылу орны.

Жай сөйлемнің түрлері-5 сағат
Жақты сөйлем, оның негізгі белгілері. Жақсыз сөйлемнің құрылымы. Жалаң және жайылма сөйлемдердің грамматикалық белгілері. Толымсыз сөйлем болудың жағдайлары.

Құрмалас сөйлем -16 сағат
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ортақ белгілері мен айырмашылықтары. Құрмалас сөйлем табиғаты туралы ғалымдар көзқарастары. Салаластың жасалу жолдары. Салалас құрмаластың мағыналық түрлері.

Ыңғайластықтың құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасы. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, тыныс белгілері. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің грамматикалық белгілері.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, жасалуы.

Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері. Көп басыңқы сабақтастың түрлері. Көп басыңқы сабақтас құрмаластың өзіндік ерекшеліктері, тыныс белгілері.

Төл сөз бен төлеу сөз-4 сағат
Төл сөздің тыныс белгілері. Төл сөз бен автор сөзі, олардың орын тәртібі. Диалог, оның стильдік мәні. Төл сөз бен автор сөзінің қолданылу ерекшеліктері.

ІІІ. Тіл мәдениеті-4 сағат
Дұрыс сөйлей, жаза білудің шарттары. Сөз қолданудың негізгі принциптері.
Сөз құдіретін танытатын мақалдар мен даналық сөздерді талдату. Халқымыздың жақсы дәстүрлерін сақтап келген шешендік сөз үлгілерін әрі қарай дамыту, оны оқушылардың сөйлеу дағдысына сіңіру бағытындағы жұмыс түрлерін жүргізу.

Жазба жұмыстары үшін-8 сағат
Өткенді қайталау-2 сағат
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Әдеби тіл және мәтін:
- Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәнін түсінеді.
- Мәтіндегі сөзжасамдық норма тұрғысынан талданады.
Синтаксис бойынша:
- Синтаксистік ұғымдарды бір-бірінен дұрыс ажырата білу;
- Сөздерді мағынасы мен логикалық байланысына қарай тіркестіре білу, оларды талғампаздықпен жұмсай алу;
Жай сөйлем синтаксисі бойынша:
- Сөз тіркесінің түрлерін ажырату;
- Сөздердің байланысу тәсілдерін және түрлерін (қиысу, қабысу, жанасу, матасу, меңгеру), оларды ажырата білу;
- Хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдерді сөйлесу мен жазуда орынды қолдана білу;
- Сөйлемді сөйлем мүшелеріне, бірыңғай мүшелерге талай алу;
- Айқындауыш және оқшау сөзді сөйлемнің мағыналық, интонациялық, стильдік ерекшеліктеріне сай дұрыс қолдана алу;
- Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз және атаулы, жай сөйлемдердің өзіндік грамматикалық белгілерін ажырата алу;
- Құрмалас сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктерін білу, тіл фактілері арқылы жүйелі түсіндіріп бере алу;
- Салалас құрмаластарды қатыстыра отырып, шағын шығарма, суреттеме, ойтолғау жаза алу;
- Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлерін қатыстырып, ауызша, жазбаша мәтін құрай алу;
- Көп құрамды құрмалас сөйлемдерді көркем шығармадан тауып, жазушы стилін айқындаудағы қызметін тану;
- Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, цитата, диалог сөздерді мәтіннен, көркем шығармалардан таба білу;
Тіл мәдениеті бойынша:
- Сөзді дұрыс айту заңдылықтарын меңгеру;
- Сөздік түрлерін пайдалана алу;
- Грамматикалық заңдылықтарын меңгеру;
- Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу және олардың қойылу жолдары мен себептерін дәлелдей білу.
25 407
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
2020 жылдың 28 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында оn - line режимінде
Кембридж тәсілімен оқыту
Кембридж тәсілімен оқыту
Бұл бағдарлама орыс мектебіндегі 9 - сыныптарға арналған. Қазақ тілін тиімді үйретудің таптырмас бір құралы деп ойлаймын.
Мақалдардың ғибраттық, өсиеттік мәні. Қатемен жұмыс
Мақалдардың ғибраттық, өсиеттік мәні. Қатемен жұмыс
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Солтанова Анар Амирғалиқызы
Кітаби тілдің стильдік тармақтары (орта мерзімді жоспарлау)
Кітаби тілдің стильдік тармақтары (орта мерзімді жоспарлау)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкенбаева Жамал Солтанхановна
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қазақ тілінен 6 сыныпқа орта мерзімді жұмыс жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, №165 С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×