Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөздер туралы түсінік

01 қараша 2012, Бейсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шарпекова Акмарал

Қазақ тілі (6 - сынып)
Сабақ тақырыбы: Біріккен сөздер туралы түсінік және оның жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер туралы жалпы түсінік беру, оның күрделі сөздің басқа түрлерінен ерекшелігін таныту.
а) білімділік мақсаты: Оқушылардың теориялық және іс - тәжірибешілік (практикалық) білім дәрежесін анықтау.
ә) тәрбиелік мақсаты: Шәкірттерді өздігінен ой еңбегімен шұғылдануға, шапшаңдыққа баулу..
б) танымдық мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру.
в) дамытушылық мақсаты:
а) Оқушылардың сөйлеу мәнерін, логикалық ойын дамыту.
ә) шығармашылық ізденіс қабілетін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Дамытпалы оқыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың өту әдісі: Ж. А. Қараевтың педагогикалық технологиясы.
Сабақ көрнекілігі: белсенді тақта, жұмыс дәптері, сөздіктер

Сабақтың барысы:
І Жаңа тақырыпты меңгерту.
Мұғалім нұсқауы: Біздің сыныпта 6 оқушы бар. Сендердің әрқайсыңның есімдерің бар. Мәселен, Аружан, Айымжан, Қалқажан десек неше түбірден құралып тұр?
1. Сендердің араларында екі түбірден құралған адам аттары бар ма?
2. Осы сөздер неше ұғымды беріп тұр?
3. Облысымыздағы, республикамыздағы екі түбірден құралған қандай қала аттарын білесіңдер?
4. Бір түбірлі гүл деген сөзбен келетін қандай қыз есімдерін айта аласыңдар?
5. Сонымен, осындай сөздерді қандай сөздер деп атаймыз?
6. Ендеше, сабағымыздың тақырыбы мен мақсаты не?

Жұмыс дәптері бойынша тапсырмалар орындау.
Жаңа сабақты өздігінен меңгерту.
1. Мына сөздер ненің атаулары және неше түбірлерден бірігіп тұр? Қандай сұрақтар қойылады? Ақсақал, Темірқазық, соқыртеке, итмұрын, тасбақа. Үлгі: Ақсақал - ақ+сақал (кім?) з. е.+екі түбірден біріккен, жас мөлшерін білдіреді.
2. Ал енді осы сөздер мына сөйлемдерде бөлек жазылған, себебі не? Олар біріккен сөз бе? Ақ сақалды қарияға жолқытым. Атты темір қазыққа байлап қойдым.
3. Жаңа неологизм терминдер бар. Мына сыңарларымен біріккен сөз жаса. Аралық, теле, авто, тану. Мысалы, ультрадыбыс, автоқалам, қазақфильм.
4. Біріккен сөздер құрамындағы жеке түбір сөздер өздерінің бастапқы тұлғаларын сақтап та, сақтамай да бірігеді. Кейбір біріккен сөздер дыбыстық өзгеріске ұшырап бірігеді. Мысалы, а) Бастапқы түбір күйін сақтап айтылатын біріккен сөздер: Адамзат, күнбағыс... (әрі қарай өздері жалғастырады.)
ә) Бастапқы түбір қалпын сақтамай біріккен (кіріккен) сөздер бар. Тағы осындай сөздерді тауып жазып, үлгі бойынша орында. Мысалы, биыл - бұл жыл, әкел - алып кел...
б) Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөздер: қонағасы, Құрманбек. Үлгі бойынша сөздіктен алып жаз.
5. Сонымен, біріккен сөз дегеніміз не? Анықтамасын жаз. Оның сөз тіркесінен айырмашылығы неде екенін түсіндіріп жаз.

Деңгейлік тапсырмалар
Белсенді тақтамен жұмыс
І деңгей
Екі сөзден құралған шөп, балық, аң, құс аттарына мысал ойлап жаз. (орфографиялық сөздіктен ал).
Көп нүктенің орнына қ, ғ, к, г әріптерінің тиістісін қойып, күрделі зат есім жаса. Бе... әлі, Нұр... ожа, Нұр... анат, Рақым... али, Тұрлы... ожа, Сер... ожа, әр... ім, жар... анат, Құла... ер, Айнам... өз

ІІ деңгей
Біріккен сөздердің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам пісіретін ыдыс, ол қай сөз?
Үй жануарының бірінің аты мен сезім мүшесі атынан бірігіп айтылған сөз ненің аты, не деген сөз?
Төмендегі жақша ішіндегі сөздердің кейінгі сөзбен бірігіп немесе одан бөлек жазылатын орфографиялық сөздіктен қарап, жақшаны ашып, дұрыс жаз, ерекшеліктерін түсіндір.
(Ақ) құтан, (ақ) қурай, (ақ) құба, (ақ) аю, (ақ) бөкен.
(Ала) бота, (ала) бұлт, (ала) көз, (ала) қарға, (ала) бажақ.

ІІІ деңгей
Мысықкөз, мысыққұйрық, мыңжапырақ, мыңжусан, мыңжылдық сияқты өсімдіктердің атауларын қатыстырып және өзің қосып, «Саяхатта» атты тақырыпта әңгіме жаз.
Тест тапсырмалары белсенді тақта арқылы беріледі.

Қорытындылау:
Оқушыларға рефлексия жасату.
1. Бүгінгі сабақтан қандай мағлұмат алдыңдар?
2. Бұл сабақтың сендерге пайдасы болды ма?
3. Сабақ несімен құнды?
4. Не алдыңдар, не түсіндіңдер?

Үйге тапсырма: 118 - жаттығу, 11 оқып келу.
Бағалау.
27 937
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік беру, оның сөздерінің бірігуі арқылы жасалатынын байқату. Біріккен сөздер туралы ұғымымен таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Бірігу жолмен жасалған туынды сөздер
Екі я оданда көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Сырдария, Болатбек, тасбақа, т. б. Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×