Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл

02 қараша 2012, Жұма
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

«Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген фестиваль.

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойыны, ой - толғау, полиглот, жат оқу т. б.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта..
Өтілу барысы:

Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі А. Полатова.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Бұған дейін «Тіл мерекесіне» байланысты 17 қыркүйектен бастап жоспар бойынша іс – шаралар жүргізілді. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы фестивалін бастауға рұқсат етіңіздер.
Облыстық «Қоңыраулы қошақан» байқауының бас жүлдегері «Сыр сұлуы» бишілер тобының орындауында «Шашу» биі.
1 - жүргізуші:
Кенің бай, келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.
Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Қасиетті ана тілім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.

1 - жүргізуші:
Еліміздің болашағы – жасөспірімдер тәрбиені ұлттық мектептен алады. Өкінішке орай, оны көптеп жабу, қысқарту орын алғаны белгілі. Соңғы 30 жылда 700 - ден астам қазақ мектебі жабылды. Қазақ мектебінің тағдыры Сәбит Мұқановты қатты толғандырды. Ол өз сөзінде былай деді: «Мен ұлттық қазақ мектептерінің жабылуына үзілді – кесілді қарсымын. Менің партиялық ар ожданым мұндай идеялық тұрғыдағы қателікке төзбейді».

Тіл тағдыры шешуін күтті. Көпшілік ойы айтыла бастады. Басқа мәселелерде кезекте тұр еді. Ақыры 1986 - ның желтоқсаны тығырық кезеңнен құтқарды. Соның лебімен 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11 - күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
11 - сынып оқушысы Б. Бекболаттың орындауында Амандос Сабыровтың «Ана тілім ардақтым» жыры.
Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата - бабам жерінде,
Нағыз қорлық - деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар - құлдыққа да түсірер.
Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
Ана тілін сатқандар опасыз - деп білемін,
Білген жанға өз тілің - қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
Керек емес байлығын, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата - дәстүр салтымның.
Ана тілін тартқылап0салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
Өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.

Толық нұсқасын жүктеу
56 784
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
Қасиетті ана тілім тақырыбындағы «Тіл мерекесі» онкүндігінің қорытынды кеші
Қасиетті ана тілім тақырыбындағы «Тіл мерекесі» онкүндігінің қорытынды кеші
Тілім менің - тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің?! Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің.
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы М. Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманкелди Аскерхан
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
ТҮЙІНДЕМЕ Полатова Айнұр Мүслімбекқызы 1974 жылы 21 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм ауылында туылдым. Мекен-жайым: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×