Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл

16 тамыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мақсаты: Оқушыларға 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күнінің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал - мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздарына тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! "Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл" тақырыбындағы 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.
Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
2 - жүргізуші:
- Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
1 - жүргізуші:
1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, 1997 жылы шілденің 11 - күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.
2 - жүргізуші:
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Ол атадан - балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.
Тіл туралы өлең - жүргізуші: ырлар.
1 - жүргізуші:: Тіл - мәдениет, тіл - әдебиет, тіл - тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.
2 - жүргізуші: үргізуші:
Жөргегімнен жыр боп енген қазақ тілін айналдым,
Қазақтардың нұр боп өрген азат күнін айналдым.
Кең далада кер жусанның жұпар иісін айналдым
Кербез қыздың бұлан қаққан қазақ биін айналдым - биші қыздарымыздың «Қамажай» биін тамашалайық!
1 - жүргізуші:
Әр адамда өз анасынан басқа да
Ғұмырына етер мәңгі астана
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері - түп қазығы, айбыны
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.
Жан байлығы, салт - дәстүрі - тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Жаңа Туған тарихы
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі, қасіретті болса да
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Ән «Анамның тілі» орындайтын Тоқашева Жансая
2 - жүргізуші: Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы.
1 - жүргізуші:
Тәуелсіз – Қазақстаным, Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
« Қазақстан - қыран далам» әні орындайтын Майлыбай Бекнұр
1 - жүргізуші:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2 - жүргізуші:
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

Осымен «Қазақстан халықтары тілдері» күніне арналған жиынымыз өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б. Момышұлы

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынов)

Кімде - кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. (Мұхтар Әуезов)

Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ. (Ғабит Мүсірепов)

Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисымын, орайын келтіріп пайдалансақ, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, текемет оюға болады - ау. (Нұртас Оңдасынов)

Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп - тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата - бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды. (Шерхан Мұртаза)

Тіл – халықтың басты белгісі. Мемлекеттік тіл – тек мемлекеттік рәміздердің бірі ғана емес, ұлттардың, мемлекеттердің бірегей негізі.
Бәріміз де мойындауға тиіс бір шындық бар: Жалпы адам баласы, жеке ұлттар мен ұлыстар жер бетінде қанша жасамасын, оның тілсіз көрген күні – тұл. (Әбдуәли Хайдар)

Тәуелсіз еліміз бар, байырғы жеріміз бар, баянды ата-мекеніміз бар, қайырлы дініміз бар, зайырлы діліміз бар, бай тіліміз бар, осынау шалқар даламыз бар, Бас иер Президентіміз бар. Сондықтан мығым Ел боламыз деген құдайдан үмітіміз бар. Болашақ үшін тілімізді қайткенде де сақтауымыз тиіс. (Өмірзақ Айтбайұлы)
Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. (Н. Назарбаев)
9 270
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Педагог - ұйымдастырушының жылдық жоспары
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Қасиетті ана тілім
Қасиетті ана тілім
Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×