Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын тыныс белгілер. Үтір

14 наурыз 2015, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын тыныс белгілер. Үтір.
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік 2. Дамытушылық 3. Тәрбиелік
Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып - үйренудің жобасын тұтас қабылдауға көмектесу. Үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамытуға жағдай жасау. Мақала арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздерді орынды қолдануға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, баяндау, түсіндіру, с. т. о(сыни тұрғыдан ойлау) стратегиясы.
Сабақтың жабдығы: слайд, интерактивті тақта, карточкалар.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа дайындықтарын бақылау;
Оқушылар қазақ тілі бойынша қандай тақырыпты өтіп жатырмыз? (пунктуация)
Ендеше, пунктуация дегеніміз не? Қандай тыныс белгілерін білесіңдер? Өткен сабақта қандай тыныс белгілерімен таныстыңдар? (үтір)
Үтір қандай жерлерде қойылады?
Тыныс белгілері бізге не үшін қажет?
Олардың маңызы қандай?
Олай болса үтір ауызекі сөйлеу тілінде интонация қандай маңызға ие болса жазба тілде тыныс белгілерінің атқаратын орны зор. Үтір бізге өте қажет белгі. Ол сөйлем ішіндегі ең көп қолданатын белгі. Ол бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа сөздерге, оңашаланған айқындауыш сөздердің ара - жігіне қойылатын белгі.
Бүгінгі өтілетін тақырыбымыз: Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа қойылатын үтір.

1. Бірыңғай мүше дегеніміз не? Мысал.
2. Қаратпа сөздер дегеніміз не?
3. Айқындауыш мүше дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
4. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не? Бұлардың араларына қандай жағдайда үтір қойылады? Мысал келтір.

1. Көктемде, жазда және күзде ауыр тікұшақтар тайгадағы бұрғылардың үстінде қалықтап жүреді.
2. – Армысың, хан ием! – деп оң қолын кеудесіне қойып, иілген кезде Абылай да орнынан көтеріле берді.
3. Біз ауыл балалары, қыс болса, ол кісінің отынын жарып беруге, жаз болса, бұзауын айдап келуге, таласып жүреміз.
4. Долы далада, қатуланған суық жүзді өгей далада, бұлар тағы да ұзақ жорытты.
Мына суретке назар аударайық, кімдерді көріп тұрмыз?

Билер туралы не білесіңдер?
Қандай шешендік сөздерін жатқа білесіңдер?
Мысалы, қалалық Ақберен сайысы өтіп тұрады, сол сайысқа қатысқандарың барма?
Биыл қазақ хандығының құрылғанына неше жыл болды?
Ендеше осы биіміздің қазақ тарихында алатын орны қандай? (Оқушылар айтады)
Енді кітапқа қарайық.
Жаттығулар керуені. 171 - жаттығу шартымен орындау. 1 оқушыға оқытып, тыныс белгілеріне назар аударту.

- Балам, мынаны сындырып көрші, - дейді
- Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.

172 - жаттығу
Қаз дауысты Қазыбек би аумалы - төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешті. (Сөйлем мүшелеріне талдау)

173 - жаттығу
Шартымен орындау.
Әдебиет өнер тарихында рухани таза болмысымен турашылдығымен даналығымен күйлі - қуатты әрі сымбатты сөздерімен аты аңызға айналған ақыл ой алыптарының бірі – Әйтеке би.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 030
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып - үйренудің жобасын
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір белгісі қойылады. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады: Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қаратпа сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, қаратпа сөздің басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту;
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы түсіндіру, сауатты, көркем жазуға машықтандыру
Үтірдің сөйлем ішінде қойылуы
Үтірдің сөйлем ішінде қойылуы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Шетпе гимназиясы"ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К. Нукенова
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Одағайға байланысты қойылатын үтір
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдіқалықова Индира Тұрсынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×