Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б. Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" атты повесі бойынша әдебиетшілер сайысы

16 наурыз 2015, Дүйсенбі

Сайыстың мақсаты:
білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту.
тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1 - кезең: Екі топ өздерін таныстырады. Атын, эмблемасын таныстырады.

2 - кезең: «Ойлан тап» сұрақ – жауап:
1. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақпаев)
2. Б. Соқпақпаев кім? Нәзік психолог, бала жанын терең зерттеген қаламгер, жазушы.
3. Қай жылы қай жерде дүниеге келген? 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы
Қостөбе ауылында дүниеге келді.
4. «Менің атым Қожаның» жанры қандай? (Повесть)
5. «Менің атым Қожа» фильмі қай жылы түсірілді? (1963 ж).
6. «Менің атым Қожа» фильмін қойған режиссер кім? (Абдолла Қарсақбаев)
7. Сәйбек қарт деген кім? (Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі).
8. Қожаның азан шақырылып қойылған аты кім? (Қожаберген).
9. Қожаның сынып жетекшісінің аты – жөні кім? (Сабира Майқанова)
10. Қай пәннің мұғалімі? (Қазақ тілі)
11. Қожаның жақсы көретін мұғалімдердің бірі кім? (Оспанов ағай)
12. Қожаның анасының аты кім? (Миллат ана)
13. Қожаның жүрегін жаулап алған қыздың аты кім? (Жанар)
14. Қожаны Қара көже деп мазақтайтын сыныптасы кім? (Жантас)
15. Қаратай деген кім? (Қожаның анасына үйленбекші болып жүрген адам).
16. Қожаның жан досы кім? (Сұлтан)
17. Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсірген кім? (Әжесі)
18. Қадыровтың аты кім? (Қожаберген)
19. “Менің де атым Қожа” фильмінің режисері кім? (Еркін Рахышев)
20. Орыс тілінің мұғалімі кім? (Анфиса Михайловна)

3 - кезең «Білген сайын келеді біле бергім…»
Бұл қай сәт?
1. Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)
2. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті)
3. «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»
(Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт )
4. Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін!
5.. Досым болсын, қасым болсын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.
6. «Күлетін нәрсе тапқан екенсіздер» Майқанованың сөзі

4 - кезең:
Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4 Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт) 5. Бар, шешеңнің көңілін тап, ауратынын білесің ғой. Әжесі
6. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен - ақ жет.
Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

5 - кезең
Үй тапсырмасы екі топтың шығармашылық қабілеттерін сарапқа аламыз.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен білімді әрекеттерін әділқазылар алқасы бағалап, бір топты ерекшелейді. Ерекше еңбегі үшін жүлдеге ие болған топ, сынып жетекшінің қалауымен, Астана қаласындағы драмтеатрлардың біріне жолдама алады.
Қорытынды сөзді пән мұғалімі өз құзырлығына алады, сайысты аяқтайды.
38 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақпаевтың өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру, толықтыру;
Қожа бейнесі
Қожа бейнесі
повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету. өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Қожа бейнесі «Түбінде адам болатын бала»
Қожа бейнесі «Түбінде адам болатын бала»
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Менің атым - Қожа
Менің атым - Қожа
Мақсаты: білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету. дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×