Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің райларын қайталау

23 наурыз 2015, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.
Сабақтың міндеттері: білімділік – етістіктің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу; тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.
Оқытудың әдісі: практикалық әдіс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысын бақылау.
б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қалау райдың жасалу жолын сұрау, мысалдармен дәлелдеу. 180 - жаттығуды тексеру.

ІІІ. Актуалдау кезеңі.
Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.
«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады.

IV. Жаңа сабақ.
Етістіктің райларын қайталау. Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып, еске түсіру. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топтарға райлардың атын беру.
Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады, топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп, уақытылы бағалап отырады.

V. Дамыту кезеңі.
1. 181 - жаттығудың етістіктерді теріп жазып, ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту, сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай, ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай, ІІ жақ, анайы түрі)
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).
Сөйлемдерді шартты райға айналдыруға келмегендіктен (шартты рай тобына төмендегідей сөйлемдер беріледі:
«Жылаған шешемен бірге жыласа, жігіттің жігіт боланы қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».
2. 182 - жаттығу. а) Қалау рай, ашық рай, бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір - бір оқушы шығады. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер беріледі. «Түстік өмірің болса, кештік мал жина», «Не ексең, соны орасың».
ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады. Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, рай түрлеріне талданады.
3. Оқушыларға жеке, жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. «Ашық рай» тобына: «Шалқар – адалдық пен адамдықтың алдында тік тұратын, қыздарын қыз деп қойып қалмай, қыз бала деп сыйлайтын, екіжүзділікті өлімнен де жаман деп қабылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды»,
«Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп, шашын төбесіне түйіп, есікті кілттеп далаға шықты».
Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап, бұйрық райға айналдыру.

«Шартты рай» тобына:
«Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам, атам жараған болар,
Көнеден дәурен озса, жасы жетуден болар,
Көнеден қамқа тозса, дәурені кеткен болар».
Ер жігіт айтпайды.
Айтса, қайтпайды.
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталауға арналған
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталау
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, №147 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тайғараева Эльмира Нақыпқызы
Қалау рай
Қалау рай
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, №147 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тайғараева Эльмира Нақыпқызы
Етістіктің шақ категориясы
Етістіктің шақ категориясы
Атырау қаласы, №3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Базрбаева Айжамал Сағынғалиқызы
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталау
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Жаттығу талдау жұмыстары
Жаттығу талдау жұмыстары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×