Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің райларын қайталау

25 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Мұғалім: Маширбаева Л. С.

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың рай категорияларынан алған білімдерін қорыту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың кешенді талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың түрі: оқыта үйрету сабағы «Бақытты сәт!»
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, талдау,
Сабақтың көрнекілігі: сандықша секундомер, ортақ бағалау парағы, фишкалар, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Ойынның жүру барысымен таныстыру:
Сыныпты екі топқа бөлу
1 - Топ «Болашақ» 2 - топ «Барыс» топ басшыларын сайлау
1 - гейм. «Бой сергіту» Топтарға 10 сұрақтан беру, талдауға 5 минут беріледі. Команданың бір өкілі жауап береді, бәсекелес топ үлгі бойынша дұрыстығын қадағалап отырады.

1 - топ сұрақтары
1. Етістіктің райлары дегеніміз не?
2. Етістіктің райлары мен шақтары арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?
3. Етістік райларының қандай түрлері бар?
4. Ашық рай нені білдіреді және қалай жасалады?
5. Бұйрық райдың мағыналары қандай және қалай жасалады?
6. Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?
7. Шартты райлы етістіктердің сөйлемде қолданылу ерекшеліктері қандай?
8. Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында пейіліңді көрсет. /мағынасын түсіндір, рай түріне ажырат, жақ, түріне ажырат/
9. Қалау рай дегеніміз не?
10. Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?

2 - топ сұрақтары
1. Қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі қалай аталады?
2. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын қандай рай деп атаймыз?
3. Қалау рай мен бұйрық райдың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңдар.
2. Қалау райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?
3. Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа! /мағынасын аш, қай рай, жақ түрі//
4. Шартты райдың мағыналары қандай және қалай жасалады?
5. Шартты райлы етістік жіктік жалғауының І, ІІ жағында тұрып, оған – шы,- ші жұрнаға жалғанса ол қандай мағына білдіреді?
6. Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?
7. Қалау рай жасауға қатыстатын көмекші етістікті атаңдар. Оларсыз қалау рай жасала ма? Дәлелдеңдер.

2 - гейм. Сандықшадан шыққан басқатырғылар
Сандықшадан алынған сұрақтарға ақылдаса жауап іздеп, жауап берулері керек.
Аналарға мерекелік тілек жазыңдар /рай түрлері қатысуы керек/
Қыздарға мерекелік лебіз / рай түрлерінің барлығын қатыстыру керек/
«Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі

3 - гейм «Жұмбақтас» Жүгізушінің сұрағына тезірек жауап берген топ ұтады. Жауап дайын болса қол немесе жалауша көтеру керек.
1. Ақыл көпке жеткізер,
Өнер..... / көкке жеткізер.
1. Анаға қарап... / қыз өсер/,
Атаға қарап... / ұл өсер/
2. Ол оқуды бітірді. Қай шақ?
3. Бар етістігін рай түрлеріне қарай түрлендір.
4. – са,- се жұрнағы жалғанғанда сөз үнемі істің шартын білдіре ме? Мен болсам ауылда қалдым.
4 - гейм. «Мен - саған, мен - саған» Топ бір - біріне 2 - сұрақтан қою керек.
5 - гейм «Көсемдікке ұмтылу» иә, жоқ деп жауап беру керек
1. Бір үйдің баласы болма,
Бүкіл елдің санасы бол. Қалау рай ма?
1. Есімдік іс әрекет қимылды білдіре ме?
2. Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ. Мақсатты келер шаққа жата ма?
3. Келдіңіз, айттыңыз жедел өткен шақтары тәуелдік жалғауының ІІ жағында тұр ма? /жіктік жалғауының ІІ жақ, сыпай ытүрі/
4. Мезгіл жетсе, мұз ерір. Бұйрық рай дегенге сенесіз бе? /шартты рай/
5. Етістіктің рай түрі 3 - еу, шағы 4 - еу деген жауап нақты ма?

2-гейм 2-мин. 3 - 4 - 5 геймдерге 1минут беру. Үнемдеген минуттарды пайдалануға болады
6 093
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұйық етістік (күнделікті сабақ жоспары)
Тұйық етістік (күнделікті сабақ жоспары)
Етістіктің ерекше бір түрі тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру, оқушылардың етістік жайлы ілімдерін кеңейту. оқушыларға тұйық етістіктің түрленуінің ерекшеліктерін ұғындыру, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Ас қорыту
Ас қорыту
Оқушылардың ас қорыту мүшелерінің құрылысы, қызметі, жалпы маңызы жайлы алған білім, білік дағдыларын, биологиялық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, қалыптастыру.
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Жалпы мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, тілдік тараптан талдауға үйрету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қабдығалиева Майра Әбілхасымқызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×