Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар

23 наурыз 2015, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар
Анықтауыштық қатынас
Сабақтың мақсаты: а) Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық
тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?
2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?
3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіріп, соған сәйкес белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады. Сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы грамматикалық мағына жағынан үш түрлі синтаксистік қатынастың шеңберінде көрінеді.

Матаса, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір - бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімнің? ненің? қандай? нешінші? сияқты сұрақтары қойылады: баланың кітабы, бойшаң жігіт.
Жаттығумен жұмыс: 279 - жаттығу. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Анықтауыштық қатынасқа бірнеше сөйлемдер жазып келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)
Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)
Жанасу туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету; Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Сөйлем ішінде танылады, өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады. Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады.
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Орал қаласы, №14 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акбулатова Лунара Тулегеновна
Матасу
Матасу
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «№1 орта мектеп» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алькенова Гүлмира Төлегенқызы
Сөз тіркесі
Сөз тіркесі
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×