Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
76. Жанасу
77. Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар. Анықтауыштық қатынас
78. Толықтауыштық қатынас
79. Пысықтауыштық қатынас
80. Сауалнамалар


Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Жанасу

Сабақтың мақсаты: 1) Жанасу туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
3) оқушыларды патриоттыққа, жігерлікке, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, анализ, синтез.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары, интерактивті тақтадағы сызбалар, кітап, үлестірмелі тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп, жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркестерін жанаса байланысқан сөз тіркестері немесе жанасу дейміз. Жанасу көбіне етістікті сөз тіркесі болып келеді, үстеу мен етістіктен, көсемше мен етістіктен құралады. Мысалы: бүгін келді, кештете (біздің үйге) келді.

Жаттығумен жұмыс: 272 - жаттығу. Мәтіндердегі сөйлемдерден қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерін бөлек - бөлек көшіріп жазыңдар, оларды құрамына, байланысу тәсіліне қарай талдаңдар.
Топтастыру стратегиясы:
Сөз тіркесінің құрылысы

Матасу
Меңгеру
Қабысу
Жанасу

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Өткен тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын
1. Меңгерудің байланыс тәсілдері қандай?
2. Сөздер интонация арқылы қалай байланысады?
3. Сөйлемде сөздер бір - бірімен қалай байланысады?
4. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?
5. Матасудың байланысу тәсілі қандай?
6. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?
Бағалау: Оқушылардың сабаққа жақсы қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 274 - жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын жүктеу
5 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Өтініш, сенімхат
Өтініш, сенімхат
Өтініш және сенімхат туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету; Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қабдығалиева Майра Әбілхасымқызы
Матасу
Матасу
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сундетбаева Оразгул Ибрайымовна
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Орал қаласы, №14 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акбулатова Лунара Тулегеновна
Синтаксистік қатынастар
Синтаксистік қатынастар
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×