Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Анықтауыштық қатынас
Сабақтың мақсаты: а) Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Өткен тақырыптарды қайталау.
1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?
2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?
3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіріп, соған сәйкес белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады. Сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы грамматикалық мағына жағынан үш түрлі синтаксистік қатынастың шеңберінде көрінеді.

Матаса, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір - бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімнің? ненің? қандай? нешінші? сияқты сұрақтары қойылады: баланың кітабы, бойшаң жігіт
Жаттығумен жұмыс:
1. 252 - жаттығу. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.
2. Матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге 5 мысал ойлап жазыңдар.
3. «Көңілді көктем» тақырыбына мәтін құрастырып жазыңдар.

ІҮ. Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Синтаксис дегеніміз не?
- Сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым.
2. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата:
- Орын тәртібі, интонация, жалғау арқылы, шылау арқылы.
3. Есімді, етістікті сөз тіркестері қалай жасалады?
- Басыңқы сыңарлары есім не етістік болуына қарай.
4. Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ата:
- Қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
5. Қиысу қалай жасалады?
- Бастауыш пен баяндауыштың жақ - жағынан үйлесе байланысуы.
6. Матасу дегеніміз не?
- Ілік септік пен тәуелдік жалғаудың байланысы.
7. Меңгеру қандай септіктер арқылы жасалады?
- Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері арқылы.
8. Қабысу мен жанасуды қалай ажыратамыз?
- Қабысу орын тәртібі арқылы, жанасу іргелес немесе алшақ түрде байланысады.
9. Анықтауыштық қатынас дегеніміз не?
Матаса, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері.
Ү. Үйге тапсырма: Анықтауыштық қатынасқа көркем шығармадан бірнеше сөйлем жазып келіңдер.
ҮІ. Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
21 885
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөйлем туралы түсінік. Сөйлем дегеніміз - сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі. Сөйлем адамдардың бір - бірімен түсінісіп, пікір алысуы үшін, қарым - қатынас жасауы үшін қажет.
Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)
Жанасу (күнделікті сабақ жоспары)
Жанасу туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету; Өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Сөйлем ішінде танылады, өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады. Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады.
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ (күнделікті сабақ жоспары)
Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қабдығалиева Майра Әбілхасымқызы
Синтаксистік қатынастар
Синтаксистік қатынастар
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×