Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім Құдайбердиев «Қалқаман - Мамыр поэмасы»

04 сәуір 2015, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердиев. «Қалқаман - Мамыр поэмасы».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Ш. Құдайбердиевтің шығармашылығы туралы мәліметтер бере отырып, «Қалқаман - Мамыр» поэмасының мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу, композициялық құрылысына талдау жасау.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, көркем шығарманы түсініп оқу, талдау қабілеттерін, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шынайы сезімді құрметтеуге, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: ішінара іздендіру, мәнерлеп оқу, баяндау әдістері
Сатылай кешенді талдау, «Терминдермен болжау»,
«Дискуссиялық карта», «Поэма кестесі» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
IY. Жаңа сабақты түсіндіру
Y. Жаңа сабақты бекіту
YI. Жаңа сабақты қорытындылау
YII. Үйге тапсырма беру
YIII. Оқушылардың білімін бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар түгелденеді. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Көркемөнердің ішіндегі ең қадірлісі де, қасиеттісі де – сөз өнері, яғни әдебиет, - деп З. Қабдасов ағамыз айтқандай, қазір – әдебиет сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер санасы», - деп Абай атамыз жырлағандай, біз өткен сабағымызда әдебиет теориясынан өнерге тоқталғанбыз. Өлең шумақтарын құрылысына, ұйқасына, көркемдік ерекшелігіне тоқталып, талдадық. Осыған байланысты үйге:
І қатарға – 2, 3, 4 тармақты
ІІ қатарға – 5, 6 тармақты
ІІІ қатарға – 7, 8 тармақты

өлең жолдарына және 1, 2, 3, 4 немесе көп бунақты өлеңге мысал жазуға тапсырылған.
2 оқушыға жеке тапсырма беріледі. 1 оқушы интерактивті тақтадағы өлең шумағын құрылысына талдайды, екінші оқушы өзіне берілген өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды. Жалпы сыныптан үй тапсырмасы тексеріледі.

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау:
Тақтада өлең шумақтары көрсетіліп ұйқасына талдайды.
1. Өлең дегеніміз не?
2. Шумақ дегеніміз не?
3. Бунақ дегеніміз не?
4. Қандай ұйқастарды білеміз?
5. Қазақ өлеңдері негізінен қандай ұйқасқа құрылады?

IY. Жаңа сабақты түсіндіру:
«Өлең» деген сөзді естігенде есімізге қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі Абай атамыз оралары сөзсіз. Абай атамыздың шәкірттері де әдебиетіміздің төрінен орын алады. Солардың ішіндегі бірегейі, Абайдың тәрбиесін көріп, ақындық мектебінен өткен – Шәкәрім атамыз. Шәкәрім шығармашылығымен біз төменгі сыныптардан таныспыз. Қандай өлеңдерін білеміз?
Шәкәрім шығармашылығы бойынша 3 оқушыға ізденушілік тапсырмалар берілген. Электрондық оқулықтан қосымша мәліметтер тыңдалады.
Шәкәрім шығармашылығының кестесі көрсетіледі. Кестедегі поэмаларға тоқтала отырып, жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Суреттер поэма мазмұнымен байланысты. «Поэма не туралы болуы мүмкін?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың назары жаңа тақырыпқа аударылады. Поэманың мазмұны оқулықты пайдалана отырып, жан - жақты түсіндіріледі. Поэманың мазмұнына байланысты оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылып, жауаптар тыңдалады, поэмадан үзінділер мәнерлеп оқылады.
Поэманың тақырыбы – екі жақтың бір - біріне деген адал махаббаты, идеясы – уәдеге беріктікті, адал сезімді, сүйіспеншілікті дәріптеу.

Y. Жаңа сабақты бекіту:
Топтық тапсырмалар орындау.
І қатар
Шығарманың композициялық құрылысына сатылай – кешенді талдау жасау.
Авторы
Тақырыбы
Оқиғаның болған кезі
Оқиғаның басталуы
Оқиғадағы байланыс
Дамуы
Шиеленісуі
Шарықтау шегі
Шешімі

ІІ қатар
Дискуссиялық картаны толтыру арқылы өз пікірлерін білдіреді.
Дискуссиялық карта
Иә жоқ
1. Мамыр бақытты ма?
2. Жырда Көкенай «батыр» деп айтылады. Сен оған келісесің бе?
3. Әнет бабаның шешімі әділ ме?
5. Қалқаманның елден кетуі дұрыс па?

ІІІ қатар
Поэма кестесін толтырады.
Поэма авторы:
Поэма тақырыбы:
Поэма идеясы:
Поэма оқиғасы болған жер
Поэма жағымды кейіпкерлері
Поэма жағымсыз кейіпкерлері
Поэманың өзіңе ұнаған жері
Несімен ұнады?

YI. Жаңа сабақты қорытындылау:
Сабағымыздың басында терминдермен болжау жасап, өз пікірімізді білдіріп едік, өз қиялымызбен біз оқиға желісіне жақын келген екенбіз. Шәкәрім поэмасы арқылы өз заманының қатаң оқиғасына наразылық білдірген. Жырдағы «Қалқаман - Мамыр» еркіндікке ұмтылған жүрек қалауын мақсат ете білген – қазақтың қызы болса, Қалқаман – махаббатына берік, батыр, ер жігіт. Сонымен қатар қазақ халқының туысқандық қасиеттерді берік ұстайтындығының куәсі болдық.

YII. Үйге тапсырма беру:
1. Сұрақтар мен тапсырмалар 83 - бет
2. Поэма құрылысына сатылай кешенді талдау жасау.
YIII. Оқушылардың білімін бағалау.
4 464
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасының мазмұны бойынша талдау жасайды. Поэма оқиғасы мен кейіпкерлеріне мінездеме береді. Поэманы оқып мазмұнын білу. Поэмада көрінген әдет - ғұрып туралы мәлімет беру.
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Поэмаға әдеби талдау жасау, әдебиет теориясы бойынша кейіпкер туралы түсініктерін кеңейте отырып, Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы Абай атындағы орта мектебі КММ Байкубинова Р. К.
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Шәкерім Құдайбердіұлы «Қалқаман –Мамыр» поэмасы
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Жаңажол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бидалова Айгүл Кәрімқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы КММ “Амангелді орта мектебі Бибосинова Г. Т.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×