Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүз жыл жырлаған жүрек

11 сәуір 2015, Сенбі
Жүз жыл жырлаған жүрек
(Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін тексеру, білім деңгейін көтеру.
Сабақтың міндеттері:
- оқушылар өз бетінше ізденеді, ақын туралы білімдерін кеңейтеді, толықтырады.
- оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері дамиды, сөз қорын байиды, есте сақтау қабілеттері дамиды.
Сабақтың әдіс - тәсілі: зерттеу жұмыстары, Эссе стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: бәйтерек суреті, Жамбыл кесенесі, Жамбыл тауының суреті, бағдаршам, білім ағашы, видеотаспа, маркер, плакат, стикер т. б.
Сабақтың барысы: Сабаққа оқушылардың назарын аудару.
Топқа бөлу «Пазыл» әдісі

І. Қызығушылықты ояту кезеңі
- Балалар, бәріміз бүгінгі сабағымыздың тақырыбына көңілімізді аударайықшы, ол неге «Жүз жасаған бәйтерек» деп аталады деп ойлайсыңдар?

Дәптерлеріне күнді, тақырыпты жазғызу.
- Ақын Сәкен Сейфуллин: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген екен. Сондықтан біз оның өмірін, жырларын білуіміз керек.
Жамбыл атамыз жайлы деректер өте көп, кітап қоры да бар, түсірілген көркем фильмдар де, деректі фильмдер де бар. Қазір мен сендердің назарларыңа мына бейнетаспаны ұсынғым келеді (бейнетаспаны көрсету).
Балалар, шынында да, екі дәуірдің жыршысы болған Ж. Жабаев туралы қаншалықты біз біледі екенбіз? Ендеше, бүгінгі сабағымыздың мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерімізді жинақтап, қосымша мәліметтер арқылы әр қырынан зерттеп көру.

ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі
Сыныптағы оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Тапсырмаларын сол жерде таңдап алады. Тапсырмалары конвертте. Бағалау парағы таратылады.
1 - топ «Өмірі – аңыз, өзі – абыз»
Жамбыл атамыздың өмірінен алынған тағылымды деректер, суреттер, фотосуреттер бойынша зерттеу жұмыстарын жасайды.
2 - топ «Жамбыл – айтыскер ақын»
Айтыс өнері туралы, түрлері жайлы мағлұмат бере отырып, Жамбыл атамыздың суырып салма ақын екендігін дәлелдеп, Құлмамбет ақынмен айтысын талдайды.
3 - топ Соғыс тақырыбындағы өлеңдері

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
«Жамбыл баба, мәңгі бірге қазақпен» шағын эссе

ІV. Қорытынды
- Бүгінгі сабағымызда Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығын жан - жақты зерттедік. Манадан айтқандарыңа қосарым, «Егеменді Қазақстан» газетінде «Жүрегі жүз жыл жырлаған» деген мақала шықты. Содан бір үзінді келтіре кетейін:
... 1957 жылы Мұхтар Әуезов Үндістанға бір сапармен барыпты. Онда оның аты - жөнін, «Абай жолы» романын үнділер жақсы біледі екен, бірақ ұлтын білмейді екен. Ұлтының қазақ екенін білдіру үшін келтірмеген мысалы қалмапты. Бір кезде аузына Жамбыл түседі. Жамбылдың есімін атайды. Сол кезде залда отырғандар ду қол шапалақтап, дүрлігіп орындарынан тұрып кетеді. Үндінің бір ақыны мінбеге шығып, ақынның халықтар достығы туралы жырлаған «Жаңа заң» өлеңін өз тілінде жатқа айтып береді. Жұрт қошемет көрсетіп, ұзақ қол шапалақтап тұрып алады.
Сонда М. Әуезов:
– Міне, мен сол Жамбылдың ұлтынанмын, – дейді. Сондықтан, балалар, өз ұлтымызды сүйіп, өзге ұлтты құрметтеу керек. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың даңқы әлемге жайылып, қазақ халқы барда оның есімі де бірге мәңгілік жасай беретініне кәміл сенемін.
Үйге: Өлеңдерін жаттау.
4 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Жамбыл – жыр дүлдүлі
Ақтөбе қаласы, №31 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Жабаев Жамбыл (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы.
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×