Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана - арман қала!

02 мам 2015, Сенбі
Ж. Жабаев атындағы № 6 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Мулдиярова Мадина Елеусізқызы

Сабақтың тақырыбы: Астана - арман қала
Сабақтың мақсаты: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме, топтық жұмыс, слайд, АКТ
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер
Пән аралық байланыс: география, тарих, орыс тілі

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
- Оқу құралдарын тексеру (оқулық, дәптер, қалам, сөздік дәптер)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут) (Қазақстан Республикасының Рәміздері)
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
- Балалар, бір - біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
(топтар бір - біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын бағалап отырады.

Саяхат картасы
1. Вокзал
2. Бәйтерек
3. Пирамида
4. Ақ Орда
5. «Думан»

6. «Хан шатыры»
1 - аялдама. Сөздік алқабы.
ғимарат - здание
аялдама - остановка
көрікті - красивий
жаға - берег
орталық - центр
ойын - сауық орталығы - развлекательный центр
Сөз тізбегі Сөз тіркесі тізбегі Сөйлем тізбегі

2 - аялдама. «Бәйтерек»
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр. «Астана - Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы - Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.
2. Тапсырма
Мәтін бойынан жалғау жалғанған сөздерді теріп жаз.

3 - аялдама «Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма
*Әр топ мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, сандықшаға салады.
*Кезекпен сандықшадағы сұраққа жауап береді.

Сергіту сәті
4 - аялдама «Ақ Орда»
«Ақ Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма
«Мақал қуаласпақ» ойыны

5 - аялдама «Думан»
«Думан» ойын - сауық орталығы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.
Тапсырма
«Мені түсін». Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, кілтті сөздерді дәптерлеріне жазады. К ейін мәтінмен салыстырып, тексереді.

6 - аялдама «Хан шатыры»
Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200-дей метрлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.

Тапсырма
Берілген сөздерді құрамына қарай талда.
Сарайының, уақыттары, өздерінің, тұрғындарды.
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
- Саяхат сендерге ұнады ма?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік.
«Сиқырлы сандық». Берілген сандарды таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2. Астанадағы ойын - сауық орталықтарын ата.
3. Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Қ. Р тұңғыш президенті кім?
5. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл?
6. Бір сөзбен ата.
Әнұран, елтаңба, ту.
7. Әнұранның авторларын ата.
8. Астанаға қандай тілек айтасың?
9. Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана, орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
10. Астананың болашағын қалай елестетесің?

Үй тапсырмасы: Шығарма жазу. «Астана - арман қала»
Сабақты қорытындылау.
Бағалау: Топ басшылары бағалайды.
Бағалау парағы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 259
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Astana is the heart of the country
Astana is the heart of the country
Мақсаты: балаларға Астана қаласының әсем ғимараттарымен таныстыру. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, балалардың сөйлеу дағдыларын арттыру.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Астана – арман қала
Астана – арман қала
Қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×