Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақшаңыз қалай? (сайыс сабақ)

Ақмола облысы, Астана қаласы
Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Шапиева Жұлдыз Жұмашевна

Сабақтың тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?» (сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаттары:
 өзге ұлт арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру;
 сөздік қорларын, ауызекі сөйлеу тілі мен мәдениетін, тіл байлықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрісін кеңейту;
 қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру
Көрнекі құралдар: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, нақыл сөздер, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі.

Сайыстың өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру. Сайыстың мақсатын хабарлау.

2. Кіріспе сөз.
Мұғалім:
– Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер, қонақтар, қадірлі ойынға қатысушылар! Бүгінгі біздің өткізгелі отырған «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыздың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

3. Сайыстың өтілу барысының ережесі мынадай:
1) міндетті түрде ұлттық киіммен шығу керек;
2) тыныштық сақтау;
3) бірін – бірі тыңдау;
4) сұраққа толық жауап беру.

4. Бүгінгі сайысқа 8 – сынып оқушылары арасынан өзге ұлт өкілдері қатысады.
Мұғалім: Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт – дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
– Олай болса, сайысымызды бастайық. Ойыншылар, сіздерге сәт – сапар тілеймін!
– Сайыс бес белестен тұрады. Әр белес ұпайлармен бағаланады, сайыс мәресіне жеткенде қорытынды шығарылып, жеңімпаздар мадақтама қағазымен марапатталады.

II. Сайыс.
I белес. а) Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік. Жетондар үлестіру. Өзін – өзі таныстыру.
ә) Әділқазылар алқасымен таныстыру.

ІІ белес. «Көркем сөз» сайысы. 5 ұпаймен бағаланады. Үйге берілген тапсырма. Әр қатысушы өзі дайындап келген өлеңдерін оқиды.
Әділқазылар алқасы қорытынды баға шығарады.

ІII белес. «Бәйге». 5 ұпаймен бағаланады. Жылдам, толық жауап берулері керек. Әр ойыншының қолыңда 1 – 10 нөмірленген карточка. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді.

Сұрақтар:
1) Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялаған жыл (1991 ж.)
2) Тіл туралы заң қашан шықты? (1989 ж.)
3) Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі)
5) Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
6) Үш би (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би)
7) Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң – арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалаң.
Өлең шумақтарының авторы кім? (Абай)
8) М. Әуезовтың атақты роман – эпопеясы («Абай жолы»)
9) 100 жасаған ақын (Жамбыл)
10) «Наурыз» сөзі қай тілден шыққан? (парсы)
11) Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? (3 түрі бар. Салалас, сабақтас, аралас)
12) Ұлттық музыкалық аспап (домбыра)
13) Республиканың рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)
14) Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
15) Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)
16) Абайдың шың аты (Ибраһим)
17) Мемлекеттік туда белгіленген құс (бүркіт, қыран)
18) Оқушы сөзінің синонимі (шәкірт)
19) Қобызда ойнаған күйші (Қорқыт)
20) «Кел, балалар, оқылық...» кімнің өлеңі?
Әділқазылар алқасы қорытынды баға шығарады.

ІҮ белес. «Жорға».
Мақал – мәтелдер жарысы (уақытқа) 10 ұпай жинайды.

Ү белес. «Полиглот»
Нақты заттарды көрсету арқылы жауаптарын үш тілде атау (3 ұпай)
(Дәптер, кітап, тарақ, айна, қыз, ұл, мұғалім, тақта, қарындаш, қалам)

Мұғалім:
– Сонымен, балалар, сайысымыз мәресіне жетті. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз. Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңген топты марапаттау қағазымен мадақтайды.

Жанкүйерлерге сұрақ:
1. Бала туғанда жасайтын той (шілдехана)
2. «Тәуелсіз Қазақстан» сөз тіркесі қалай аударылады?
3. Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл (қазақ, орыс, ағылшын)
4. Наурыз мерекесінің басты асы (наурыз көже)
5. Бір жылда он екі не бар? (ай)
6. Қыстан кейін не келеді?

– Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Осы сайыста сендер өздеріңнің алған білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Сайыс болғаннан кейін жеңген де болады, жеңілген де болады. Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінулеріңе тілектеспін!
Сау болыңыздар!
10 144
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Өзге ұлт мұғалімдері арасында «Қазақшаңыз қалай» сайысы
Өзге ұлт мұғалімдері арасында «Қазақшаңыз қалай» сайысы
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл - халықтың ұлттық мақтанышы, атадан балаға қалған мұрасы. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет - ғұрыптары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.
"Кім тапқыр?"
"Кім тапқыр?"
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Қазақшаңыз қалай? Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі
Қазақшаңыз қалай? Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі
БҚО, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының № 5 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ксауинова Д. С.
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы, Әл - Фараби атындағы орта мектеп Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Жанат Нуроллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×