Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»

28 мам 2015, Бейсенбі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Құмжарған негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Балгарина Айзада Романовна

Сабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз Қазақстан туралы сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, тіл байлығын молайту.
Тәрбиелік: Өнер алды қызыл тіліміз арқылы шешендікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Түрі: ашық
Көрнекілік: С. Мәуленов портреті, шығармалары, Қазақстанның рәміздері, мақал - мәтелдері жазылған кестелер, слайд

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
а) Ж. Молдағалиев «Ар - ұят туралы»өздеріне ұнаған шумақтарды теріп жазып жаттап алу.
ә) өлеңдегі айтылған ой - пікірлерге өз көзқарастарын салыстыру
Топтастыру
Ар ұят

3. Ой шақыру.
Үнтаспадан Бекболат Тілеухановтың орындалуында «Менің елім»әнінен үзінді тыңдау.
- Балалар, тыңдаған әндерің не туралы?
- Отан туралы.
- Ал «Отан»дегеніміз не?
- Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері. Туғандарымен, отандастарымен бірге тұратын жері.
- Ал, біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Олай болса, балалар, біздің көптеген ақын ағаларымыз осы Республика туралы өлеңдер шығарған. Соның бірі С. Мәуленов ағамыз.

4. Мағынаны тану.
Сырбай Мәуленов 1922ж Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.
- ақынның «Өлеңдер»атты тұңғыш жинағы1948ж жарық көрді.
-«Жолдас», «Жас жүрек», «Жұлдыз жырлар» «Жол үстіндегі жалындар»т. б қырыққа жуық жыр жинақтың авторы.
- Балаларға арнап «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» «Қорқақ торпақ» т. б жазған
- А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Ә. Науай шығармаларын қазақ тіліне аударған.
-«Құрмет белгісі» ордені, Қазақстан Мемлекетінің лауреаты(1970ж),
1 - дәрежелі Отан соғысы(1985ж), «Қызыл Ту», Халықтар достығы(1982ж) марапатталған
2.«Менің Республикам»өлеңімен таныстыру.

5«Поэзия минуты» Өлеңді мәнерлеп оқу Өлеңді талдау
Менің Республикам.
Тауды көрсең күн көзімен таласқан, 11 а
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан. 11 а
Менің байтақ Республикам таулары, 11ә
Менің көгім - мөлдіреген сол аспан. 11а

Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ Республикам даласы,
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген,
Ұлан - байтақ Республикам бұл менің.

Ұлы Отанымыз қандай тамаша! Оның ұшы - қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, халық дастарханын толтыратын егістігі, суы мөлдір өзендері кімді болсын таңғалдырады. Әрине осындай Отаның болғанын мақтан тұтасың.
Менің Отаным - Қазақстан. Неткен керемет, шуақты ұғым. Осы бір сөз жаныңа жақын, жүрегіңе ыстық.
Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам»өлеңі жалпы туған елге деген сүйіспеншілік сезімді адам бойында орнықтырады. Ақын бұл мәңгілік өшпес сезімді тау, аспан, Ай, Күн, көл, теңіз, жыл сайын көктемде жаңарып отыратын дүние сияқты мәңгілік құбылыстарды суреттеу арқылы жеткізеді. Бұл - метафора. Метафора көркемдеуіш құрал ретінде өлеңнің идеясын білдіріп тұр. Өйткені ақын қолданған көркемдеуіш сөздер - мәңгі құбылыстар. Демек туған ел де, оған деген сүйіспеншілік те мәңгі деген қорытынды туады.
Сырбай Мәуленовтің «Менің Республикам» өлеңі өршіл рух, қуатты ой көтеріңкі леппен оқылуы шарт.

7. Ой толғаныс. «Еркін жазу» тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу.
Ұланымын ұлы елдің. Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Ысық. Елім. Тіршілік. Отан. Ақын. Ырыс. Бақыт. Болашақ

Ұйқаспен өлең құрау.
............................................ жерім ----------(Қазақстан кең байтақ менің жерім)
......................................... белің.------------ (Ыстық маған тау - тасың, қырың - белің)
......................................... ---------------------(Көгінде күні әрдайым қалықтаған)
......................................... елім ---------------(Жасай берші, Тәуелсіз менің елім)

Бүгінгі сабағымды Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауымен аяқтаймыз.

Жолдау: Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Н. Ә. Назарбаев
Алдағы уақытта біздің басты міндетіміз білім алу, Тәуелсіздік Қазақстан болашағына сапалы біліммен ғана қалана аламыз.

- Бағалау
- Үйге тапсырма: С. М «Менің Республикам» жаттау, тақырыпқа сурет салу.
7 321
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
Орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетінің күнтізбелік жоспары
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Тсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру
Қазақшаңыз қалай? (сайыс сабақ)
Қазақшаңыз қалай? (сайыс сабақ)
Ақмола облысы, Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Шапиева Жұлдыз Жұмашевна
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»
Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанатаева Айымгүл Бағыбергенқызы
Қазақстан - Республикам менің
Қазақстан - Республикам менің
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Кошербаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×