Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы мен қара сөздері

05 қазан 2015, Дүйсенбі
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі Унгаралиева Назгул Имашевна

Қазақ әдебиеті 10 - сынып

Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы мен қара сөздері.
Мақсаты:
А) білімділік: Абай мұрасын тереңдеп, ақынның «Ескендір» дастанының мазмұнын меңгерту, көркемдік ерекшелігін ашу, қара сөздердің тәрбиелік мәнін түсіндіру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету;
Ә) дамытушылық: оқушылардың ізденіс - шығармашылық қабілеттерін шыңдау, мәнерлеп оқуға, көркем мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру;
Б) тәрбиелік: оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, слайдтар, сызба, суретті парақшалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
б) Сабақ барысы туралы түсінік беру.

ІІ. Ой қозғау
1. Абай қандай отбасында дүниеге келген?
2. Туғанда Ибраһим деген ат қойылса да, Абай аталып кетуінің себебі не?
3. Абай отбасында қалай тәрбиеленеді?
4. Балалық шағы туралы әңгімелеп беріңдер?
5. Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуы Абайдың шығармашылық өмірінде қандай рөл атқарды?

6. Құнанбай Абайды неге оқуын бітіртпей шақыртып алды?
Шеңберді толтыру. Толықтыру сынамасы.
1. Абай өлеңдерінің аттарын атап, жатқа айту.
2. Абай әндерінің аттары.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сағынғали Сейітовтың «Кім?» өлеңімен бастайық.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің үні ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы
Ол - Абай, Ұлты - Қазақ, Аты - Адам.

А) Суретпен жұмыс
Ә) Отбасымен таныстыру. Сызбаны толтыру.

Б) Талантты балаларымен таныстыру.
В) Абайдың шығарған кітаптарының бірі.
Г) Қара сөзге тоқталу. 15қара сөзін тыңдау.
Ақылды кісі мен ақылсыз кісіні салыстыру.
Ғ) Поэмаға тоқталу.
1. Дастандағы кейіпкерлерді таныстыру.
2. Мінездеме беру.

IV. Сабақты бекіту.
1. Бүгінгі сабақтан не түйдім? Сызбаны толтыру.
2. Жұлдызды сағат ойыны. Тест.

V. Үйге тапсырма.
1. «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу.
2. Поэмадан үзінді жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 427
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Отыз үшінші сөз (Абай Құнанбаев)
Отыз үшінші сөз (Абай Құнанбаев)
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейінің мұғалімі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы
Абай Құнанбаев “Ескендір” поэмасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық Қуанышқызы
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×