Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отыз үшінші сөз (Абай Құнанбаев)

26 қаңтар 2015, Дүйсенбі
БҚО, Казталов ауданы,
Қараөзен мектеп - лицейінің мұғалімі
Тасқалиева Альбина Ерболатқызы

Қазақ әдебиеті 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Отыз үшінші сөз. (Абай Құнанбаев)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз үшінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының элементтерін қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суретті парақша, есеп
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі, психология

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу
• Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу, бір - бірімен амандасу:
Шеңбер – қол алысып;
Үшбұрыш – өзге тілде;
Төртбұрыш – ыммен.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
- Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?
(«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т. б.
- Абайдың қандай күйлерін білесіңдер?
( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)
- Абайдың әндері? «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»
Әлихан Бөкейханов – қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан тұлға. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.
1) Қазақтың «Бас ақыны» деген атауды Абайға беріп, мақала жазған Ахмет Байтұрсынұлы.

ІІІ Жаңа сабақ
Қызығушылықты арттыру.
Амалды орында. 7*7 - 18+23 - 21=? (33)
Бұл қандай сан есім?
Үш тілде айтып бер.
Морфологиялық талдау жаса.

Мағынаны тану
Түсінік беру.
Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы. Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл - ойы толысып, жасы кемелденген, көрген - білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46 - ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.
Қара сөздерінде Абай әңгіме - сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.
Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М. Әуезов еді. «... Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов. 20 - том).

IV Топпен жұмыс.
1. Оқып шығады;
2. Топпен түсінеді.
3. Сыныппен талқылайды: Сатылай кешенді талдау.
«Отыз үшінші» қара сөзі
Авторы:
Тақырыбы:
Идеясы:
Қолына аз - маз өнер берген қазақтардың кеселдері:
Талапсыздығы;
Еріншектігі;
Мақтаншақтығы;
Тамыршылдау келетіні.

V Асыл сөздің жалғасын тап.
1. Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық... (Аздырар адам баласын)
2. Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті... (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
3. Еңбек етсең ерінбей...
4. Баламды медресеге біл деп бердім... (Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім)
5. Талап, еңбек, терең ой... ( Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
6. Сақалын сатқан кәріден... (Еңбегін сатқан бала артық)
7. Биік мансап – биік жартас...( Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, Екпіндеп ұшып қыран да шығады)

VI Психологиялық сәт.
VII Бекіту.
Бір - біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды. Топтар бір - бірін бағалайды.
VIII Үйге тапсырма.
А. Құнанбаев «Отыз үшінші қара сөз»
ІХ Бағалау.
Х Қорытындылау.
15 384
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы мен қара сөздері
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы мен қара сөздері
Атырау қаласы, №2 орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Унгаралиева Назгул Имашевна
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
Абай Құнанбаев "Отыз жетінші сөз"
БҚО, Казталов ауданы, Қараөзен мектеп - лицейі Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзі
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Абайдың «Отыз бірінші  қара сөзі»
Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»
Атырау облысы Исатай ауданы Жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Аманбаева Гүлбағила
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөзі
Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 мектептің мұғалімі Тақырыбы: Абай Құнанбаев Он жетінші қара сөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×