Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі, болымды және болымсыз етістіктер

21 қазан 2015, Сәрсенбі
Атырау қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған
лицейде орыс сыныптарына қазақ тіл мен әдебиеті мұғалімі
Куанышалиева Гаухар Кадыровна

Қазақ тілі, 6 - сынып
Грамматикалық тақырыбы: Дара және күрделі, болымды және болымсыз етістіктер. (простые и сложные, положительные и отрицательные глаголы)
Лексикалық тақырыбы: үй жануарлары (домашние животные)
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіру. Дара және күрделі, болымды және болымсыз етістіктерді түсіндіру; Балалардың ой - өрісін кеңейту, өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру; Оқушыларды жануарлармен дос болып, оларды қорламауға үйрету.
Күтілетін нәтиже
А. Үй жануарлары туралы мәлімет алады.
В. Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана біледі.
С. Дара және күрделі, болымды және болымсыз етістіктерді меңгереді.
Керекті жабдықтар Интерактивті тақта, слайд, карточкалар тарату, кестелер, смайликтер.

Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Тексеру
Үй тапсырмасын тексеру

Сергіту сәті.
«Пародия»
1. Жылқының дауысын сал
2. Қойдың дауысын сал
3. Сиырдың дауысын сал
4. Иттің дауысын сал
5. Әтештің дауысын сал
6. Мысықтың дауысын сал

Оқушылар тақтада ілулі тұрған стикерлерді таңдап, онда жазылған жануардың дауысын салады.

Ой қозғау.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Тұйық етістік туралы не білесіңдер?
4. Негізгі және туынды етістіктерге мысал келтіріңдер.
Экранға ребус қосылады. «Үй жануарлары»

Оқушылар сұраққа жауап беріп, өткенді еске түсіреді.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырып. (слайд)
1. Дара: Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады.
Мысалы: бар, жүр, кел
Күрделі: Екі я одан көп құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады.
Мысалы: қашып бара жатыр, отыр екен, салып жатыр
Болымды: Іс - әрекеттің, амал - қимылдың жүзеге асқанын, асатындығын, асуын білдіретін форма етістіктің болымды түрі деп аталады.
Мысалы: бар, көтер, сөйле, шық, жаз, кел.
Болымсыз: Іс - әрекеттің, амал мен қимылдың жүзеге аспауын, орындалмауын білдіретін форма етістіктің болымсыз түрі деп аталады. Етістіктің болымды түрі түбір, туынды және күрделі етістіктер арқылы берілетін болса, оның болымсыз түрі болымды етістіктердің түбіріне
– ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе, жұрнақтар жалғау арқылы жасалады.
Мысалы: бар - барма, көтер - көтерме, сөйле - сөйлеме, шық - шықпа, жаз - жазба, кел - келме т. б.

2. Сөздікпен жұмыс
Төрт түлік мал - четыре вида домашнего скота
Шұбат - напиток из верблюжьего молока
Қымыз - напиток из кобыльего молока
Қызмет етеді - служат
Үркегі - пугливый
Құттысы - приносящий благо
Төл - приплод, детёныши
Пайда әкеледі - приносят пользу.

3. Топтық жұмыс.
Үй жануарларына қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі, ит, мысық тағы басқалары жатады. Үй жануарларының, малдың пайдасы зор. Олардың сүті, еті - тағам, жүні мен терісі - киім. Жылқы мен түйені көлік ретінде пайдаланады.
Үй жануарлары адамға қызмет етеді. Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды. Сиыр мен ешкі де сүт береді. Біздің халық бұл жануарларды «төрт түлік» деп атайды. Ит үйді күзетеді, мысық тышқан аулайды. Үй жануарларын ұрып, қорлауға болмайды.
Түйе - малдың үлкені,
Жылқы - малдың үркегі.
Сиыр - малдың сүттісі,
Қой - түліктің құттысы.

1 - тапсырма.
Аудару.
1 топ – 1 абзац
2 топ – 2 абзац
3 топ – 3 абзац

2 - тапсырма.(үш топқа ортақ)
Мәтіннен етістіктерді тауып, түрлеріне ажырату.

3 - тапсырма.
Мәтін бойынша сурет салып, түсіндіріп беру

Қорытынды
«Жәшіктегі сұрақтар» ойыны.
1. Қандай үй жануарлары бар?
2. Үй жануарларының пайдасы қандай?
3. Етістік дегеніміз не?
4. Дара етістікке мысал (пример) айт.
5. Күрделі етістікке мысал айт
6. Болымды етістікке мысал айт
7. Болымсыз етістікке мысал айт
8. Жылқының сүті?
9. Түйенің сүті?
10. Қазақ халқында неше түлік бар?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Бағалау Оқушыларды сабақ уақытындағы белсенділіктері арқылы бағалау.
Үйге тапсырма 130 беттегі екінші тапсырма.
10 732
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру.
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік
Етістікті қайталау, Болымды және болымсыз етістік. Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтай отырып, етістік туралы берілген білімді әр түрлі материалдар - ойындар бойынша еске түсіру, талдау.
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету. Сөздік қорын, тілін дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық - ізденушілік әрекетін белсендіру.
Қазақ тілі пәнінен «Жануарлар әлемі» тарауы бойынша орта мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі пәнінен «Жануарлар әлемі» тарауы бойынша орта мерзімді сабақ жоспары
4 - сыныбында қазақ тілі пәнінен «Жануарлар әлемі» тарауы бойынша орта мерзімді сабақ жоспары
Болымды, болымсыз етістік
Болымды, болымсыз етістік
Сабақтың тақырыбы: Болымды, болымсыз етістік
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×