Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын тұрғысынан ойлау - білім беру үрдісінде

26 қазан 2015, Дүйсенбі
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін
типтік мектеп - интернаты» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Махтбекова Замира Айталымовна

Сын тұрғысынан ойлау - білім беру үрдісінде

“Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,- дегендей қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясаты. Білім мен ғылымның оңтайлы әсер етуі үшін елімізде оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіру міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс - әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білімін, оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.

Білім беруді дамыту оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды сонау жылдардың өзінде - ақ А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары айтып кеткен болатын.
Білім беру ісінде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық - коммуникациялық желілерге шығу – бүгінгі күннің басты талабы.

“Педагогикалық технология” дегенімізді В. П Беспаленко “Слагаемое педагогической технологии” деген еңбегінде былай дейді: “Оқу - тәрбие үрдісінің алдын - ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асу жобасы”. Технология - қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.
Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу - оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіруге ықпал етеді.

Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашалықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу – ұстаздар қауымының төл міндеті.
Оқушылардың рухани - шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыруда, кешегі мен бүгінгіні салыстыра айта білудегі қабілеттерін шыңдауда пән мүғалімінің атқарар жүгі ауыр. Оқушылардың ой еркіндігін жетілдіру ғылыми шығармашылыққа баулу - білім беру ісін демократияландырудың негізі болып табылады.
“Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман” деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі, болашақтың тұтқасы екені сөзсіз. “Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау орынды. Сондықтан да мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып отыруы керек.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесіне заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар еніп, қолдау тауып қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы.
Әдіс – оқу - тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл - ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 771
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Заманауи технологияларды білім беруде пайдалану
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қазіргі заманда білім беруде жаңа технологиялар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «№3 орта мектебі» ММ биология пәні мұғалімі Адамьянова Шолпан Советовна
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ география пәні мұғалімі А. Е. Мергазина
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Білімді ұрпақ – ел болашағы
Білімді ұрпақ – ел болашағы
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейілханова Мейрамгүл Сейілханқызы
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Патима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×