Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылыми жоба жазбаларын жүргізу жолдары

05 қараша 2015, Бейсенбі
Павлодар қаласының
№29 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әсемгүл Арыстанқызы Апсалямова

Ғылыми жоба жазбаларын жүргізу жолдары

Еліміздің тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі экономиканың, оқу - білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнер - білімнің, т. б. салалардың өсіп - өркендеуіне жол ашты. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны одан әрі жетілдіру бағыт сілтеу - бүгінгі күні өзекті мәселесі. Қашанда болсын, ілгерілеуге апаратын алғы шарт – сапалы білімге келіп тірелері шартты құбылыс. Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін дамыту, одан әрі жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа бағыт сілтеу өзекті міндет. Сол үшін балалардың қабілетін дарындылығына зер салу, дарындыларды тани білу қоғам дамуына, келешек өмірге дарынды балалардың қоғамға тигізер пайдасын білу қажетті.

Осы бағытта Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1996 жылы 24 мамырда дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау және дамыту туралы өкімін жариялап, сол жылдың 16 қыркүйегінде аталмыш өкімді жүзеге асыру туралы үкіметтің қаулысы шықты [1].
Көптеген танымал ғалымдардың пікірінше ел басының өкімін жүзеге асыруда таптырмайтын құралдардың бірі – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру. Бұл аталған шараны кешенді әрі жүйелі түрде орындағанда әр оқушының бойындағы дарындылық қабілеттерінің айқын көрінісін көруге және оны дағдылауға мүмкіндік туады.
Шығармашылық қабілеттің оқушы бойында қалыптасуы оның сана - сезімін дамытады, толғандырады, шабыт береді. Жалпы қазақ халқы – дарынды халық. Оның ән - жыры, өлең - күйі, айтысы, мақал - мәтелдері сезімді буырқантып, күш жігер беретін нағыз шығармашылықтың яғни, дарындылықтың бастауы.

Жалпы дарындылықты зерттеу - әлемдік деңгейде көптеген ғалымдардың күн тәртібінен түспеген мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың басында Г. Айзенк, М. Карне, Р. С. Немов, М. Б. Теплов сияқты белгілі психологтар бастаған зерттеулерді бүгінде Қазақстандық ғалымдар Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Ү. Б. Жексенбаева, Ә. О. Алмабаев т. б. жалғастыруда. Психолог Ә. Алдамұратов «Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айырықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі», деген анықтама берген.
Қазақстанда дарынды балалардың қабілетін дамыту бағытында мектептер бұрыннан бар. Жаутіков атындағы арнаулы физика - математикалық мектебі, К. Байсейітова және А. Жұбанов атындағы музыкалық мектептер, Қазақ Мемлекеттік көркем академиясы жанындағы көркем өнер мектебі және т. б. жас талант өкілдеріне арналған үйірмелер т. б. айтуымызға болады.
Дарындылардың көбінесе байқаулардан, олимпиадалардан табылатыны көпшілікке белгілі және есімізде.

Қазіргі заман ағымы бұл жұмысты жүйелендіруді және тереңдетуді талап етуде. Былтырғы жылдан бастап «Дарын» орталығы Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Өскемен қалаларында құрылды. Сонымен бірге Өскемен қаласында Республикалық эксперименталды «Арина» алаңы жұмыс істеуде. Ал Атырау қаласында дарынды балаларға арналған мектеп - интернат ашылды.
Ғылыми жоба жазу да бүгінгі таңда еліміздің болашаққа зор үміт артуынан туындайды. Қазір мектеп оқушыларына ғылыми жоба жазуға жетекшілік ету, кеңес беру жұмыстары қалай атқарылуда, тақырып таңдауда т. б. қандай қиындықтар туындауда деген мәселелерді талқылау баяндама барысында көтерілген міндет болды.

Қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты ғылыми жұмыстар жазуда мектеп оқушыларына көбінесе ауқымды тақырып берілгендіктен қиындықтарға кездесіп жатады. Мысалы «С. Торайғыров шығармаларының тілі» деген тақырыпта жазылған ғылыми жұмыс оқушы үшін өте күрделі, докторлық диссертация тақырыбы сияқты. Оқушы мен жетекшісі ғылыми жоба жазар алдында тақырып таңдау жұмыстарын атқаруы тиіс. Бұрын зерттелген, ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделенген тақырыпты алудың қанша қажеттігі бар. Сондықтан оқушының жас ерекшелігіне сәйкес, оқушыны қызықтыратын тақырыптар алынуы тиіс. Оқушының жас ерекшелігіне сәйкес алынбаған дегенге мысал келтірсек, орыс тілді мектептің 5 - сынып оқушысы (қазақша әзер түсінетін оқушы) «Орхон - Енисей ескерткіштерінің тілі» деген тақырыпта ғылыми жобасын жазыпты. Тарихи грамматикаға байланысты еңбектерді, сонау 1889 жылдары шыққан еңбектерді де қарастырған көрінеді. Осыдан байқағанымыздай ғылыми жобаға шынайылық та қажет.
Тақырыптың тым ауқымды болуы да жұмыстың мақсат - міндеттерін шешуде қиындық туғызады, ой шашыраңқылығына апарады.

Мысалы, І. Жансүгіров шығармашылығына байланысты қандай тақырыптарды алуға болады.
1.«І. Жансүгіров шығармаларының тілінің лексика - грамматикалық сипаты»;
2 «Жансүгіров поэзиясындағы жалпыхалықтық әдеби тілге тән дыбыстық гармония»;
3. «Ақын туындыларында халықтық ауызекі сөйлеу тілі көрінісі, жалпыхалықтық және авторлық тұрақты тіркестердің жұмсалу барысы»;
4. І. Жансүгіров поэзиясындағы көнерген сөздер мен этнографизмдердің стильдік мақсатта қолданылуы;
5. Жалпыхалықтық және авторлық қолданыстағы кейбір морфологиялық тұлғалардың мен қос сөздердің стильдік табиғаты;
6. І. Жансүгіров шығармашылығындағы халықтық және авторлық айшықтар;
7. Жансүгіров шығармаларында кездесетін троп түрлерінің қызметі;
8. Ақынның поэтикалық сөз қолданыстары: кейіптеу, символ, гиперболалық қолданыстар;
9. Ақынның халықтық шығармаларға тән аллегориялық қалыппен жырлау үрдісі т. б.
Бұл бір ғана ақын туындыларын зерттеуге арналған нақтылық бар, оқушы жас ерекшелігіне сай алынған тақырыптар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 275
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
“Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Сондықтан садигіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Ақтөбе қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Карамурзина Шолпан Ондасыновна
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Шаукебаева Индира Актасбаевна А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Дарындылықты анықтау мен қолдау технологиясы
Дарындылықты анықтау мен қолдау технологиясы
Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті, орташа деңгейдегі оқушы, үлгерімі нашар оқушы деп үш топқа бөлуге болады. Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе. Осы тұста «Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×