Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін және стиль

08 қараша 2015, Жексенбі
Алматы облысы, Талғар қаласындағы
№7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дарменқұлова Ғалия

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және стиль
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Мәтінді танып, талдау. Әр мәтіннің тілдік сипатымен өзіндік құрылым, түзілім ерекшелігін білуге үйрету;
2. Дамытушылығы: Мәтінді талдау барысында грамматикалық тұлғаларға назар аудару, тілдік бірліктердің қызметін анықтауға көңіл бөлу;
3. Тәрбиелілігі: Автор еңбектерін (көркем шығарма, газет - журнал мақалалары, ғылыми зерттеу жұмыстары, ресми іскерлік хат жазбалары) зерделеп, талдап қарастыру, мәтін мен стиль арасындағы байланысты анықтау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
1. Модуль құрылымымен таныстыру.
2. Жаңа тарауды тірек сызбалар арқылы түсіндіру.
3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
4. Шығармашылықпен ізденіске баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, ертегі, ребус құру, даналық ағашы, кеспе қағаздар, презентация
Пайданалынатын әдебиеттер:
1. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»
2. Қ. Ибрагимов, Б. Базарғалиева. «Қазақ тілі» Оқулық тест, Алматы «Шың», 2007
3. Б. Хасанов, А. Қасымбек «Қазақ тілі» 9 - сынып, «Арман - ПВ», 2013
4. «Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім берудегі ерекшеліктері» (Әдістемелік нұсқау) Алматы, 2006

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Модульдің құрамын, мақсатын, міндетін түсіндіру
III. Мәтіннің түрлері: Сипаттау, баяндау, пайымдау
IV. Кітаби тілдің стильдік тармақтары: Ауызекі сөйлеу стилі, ресми стилі, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль
V. Үй тапсырмасын сұрау: 13 - жаттығу. Ұлылар сөзін түсіндіріп, ойын жазу
VI. Мәтінді құру (автор) Мәтінді қабылдау (оқырман)
Келтірілген тақырыпқа орай автор мәтінді құру барысында белгілі бір дерекке, мәліметке сүйеніп, ойын жүйелі жеткізуді жоспарлайды. Автор ой - тұжырымын қорытып, тілдік бірліктерді (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) іріктеп қолданады, мәтінді жазады. Оқырман өз ойын, автордың айтпақ ойын салыстырады. Бұл үшін әрбір сөздің лексика - грамматикалық және стильдік сипатын талдап, білуге ден қояды.
VII. Мәтіннің жоспарлары

Жоспар:
• Айтылатын ойды жинақтап, реттеу;
• Мәтін мазмұнын ашу;
• Бағдарлы жұмыс істеу;
• Ойын жеткізу

22 - жаттығу
Төмендегі жоспар негізінде мәтін құру.
Достық – қасиетті ұғым.
Достарым – мейірімді тамаша жандар.
Бағалау керек достықты!

Синтаксис сөз тіркесі мен сөйлем құрылымын зерттейді.
Стилистика синтаксистік бірліктердің жұмсалу аясы экспрессивті мағыналары, адамға әсер етуі менорынды дұрыс қолданылуы қарастырылады.
Мәтін – айтылатын ойдың жазбаша көрінісі.
Дискурс – белгілі бір жүйеге түскен оқиғасы қатысушылары бар қолданыстағы мәтін ( сахна, кино, радио, теледидар т. б. )

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Мәтін
Мәтін
Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкенбаева Жамал Солтанхановна
Мәтіндерге тілдік талдау
Мәтіндерге тілдік талдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті Аманбаева Хадиша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×