Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М.Мақатаев Қара өлең

15 қараша 2012, Бейсенбі
Атырау қаласы,
№35 мектеп-гимназиясы,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірғалиева Ағила Серікқызы

Тақырыбы: М. Мақатаев «Қара өлең»
Мақсаты:
1. Білімділік: ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу; оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау; ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, салыстыра талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу.
3. Танымдық: өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру; оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын өмірінен естеліктер, фотосуреттер, арнайы дайындалған слайдтар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, жатқа оқу, өлеңге теориялық талдау жасау.
Сабақтың түрі: семинар (талдау, зерттеу)
Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі ( шешендік өнер)

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
1. Қожа түбінде адам болатын бала ма?
2. Осы әңгімені жазудағы жазушының айтайын деген ойы не?
3. Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді көруге болады?
4. Майқанова апайдың сөзі арқылы Қожаның болашағы туралы не ойлайсыңдар?
Жаңа сабақ
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың арқалы ақын екендігін танып отыр.

Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы өлмес жыр жаратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, ойлау мен өрудің теңдесі жоқ классикалық, әлемдік биігіне көтергені. Соры өз қоғамы мен өз ортасына сыймай, қасірет шеккені, тапқан-таянғаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықта өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны.

Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады. Екі сөзден құралған «қара өлең»ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты. «Өлең» ұғымы қыпшақ тіліндегі «ұма»сөзінен шыққан екен. Бұл сөздердің бір-бірімен ұласуы, үйлесуі, ұйқасуы деген мағына береді. «Қара»- ол әлемнің алғашқы қалпы. Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады. Оның иесі, авторы - халық. Табиғатқа таңдануды, әділетті, аңсауды, сұлулыққа сүйсінуді т. б бір шумақ қара өлеңмен сипаттау - халқымыздың қанына сіңген қасиет.

Мұқағали туралы айта берсек, сөз жетпес. Бүгінгі сабағымыз зерттеу сабағы болғандықтан, бұл сабаққа бәріміз алдын ала дайындалып келген болатынбыз. Қазір кім не білді екен, соны ортаға салайық. Ол үшін тақтаға назар аударайық, қажетті сауалдарға өз білгенімізді айтамыз.
1) «Әр өлеңі – бір әлем» (слайдтар көрсетіледі)
2) Тіл, сөз өнері Р. Ғамзатов, Ә. Тәжібаев(Слайд)
Біз бұдан бұрын тағы да осындай тақырыпта кімдердің шығармаларын оқып танысып едік?Қандай ортақтық, ұқсастық байқадыңдар?
(І. Жансүгіров «Анам тілі», М. Жұмабаев «Қазақ тілі» )
Жатқа оқу. Өздері жатқа білетін өлеңдерін оқиды.
Семантикалық карта.
Мұқағалидың өлеңдері
Өлеңнің негізгі тақырыбы
Өлең туралы сенің пікірің
Сатылай кешенді талдау
1. Авторы
2. Тақырыбы
3. Жанр түрі
4. Идеясы
5. Шумақ саны
6. Тармақ саны
7. Бунақ саны
8. Ұйқас түрі
9. Әдеби теориялық ұғымдар
10. Негізгі түйін, тәрбиелік мәні

Қорытынды
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»- дегендей, ол өлген жоқ, халқымен бірге жасайды. Мұқағали жырларын оқымайтын адам кемде-кем. Ақын сөзі кез-келген адамға –үлгі, өнеге, өсиет. Ақын Оразақын Асқар айтқандай «Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады». Өйткені, халықтың жыры да, пірі де – Мұқағали.
Үйге тапсырма
Өлеңді мәнерлеп жатқа айту
«Тіл құдіреті»тақырыбында шағын шығарма жазып келу, өлеңдегі теңеу сөздердің жасалу жолына түсінік беру.
Бір өлеңіне кешенді талдау жүргізу.
Бір өлеңі әнімен орындалып, сабақ қорытындылады, оқушылар бағаланады.
6 383
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Мақатаев. «Қара өлең», «Қайырлы түн»
М. Мақатаев. «Қара өлең», «Қайырлы түн»
Оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мутигуллина Гүлсара Мергенқызы
«Бір жұлдыз боп жанам мен,...» (З. Шүкіровтің шығармаларынан)
«Бір жұлдыз боп жанам мен,...» (З. Шүкіровтің шығармаларынан)
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды елді мекені, №77 орта мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Абылаева Жамила
Әркімнің де өлеңге бар таласы... (Мұқағали шығармашылығына саяхат сабақ)
Әркімнің де өлеңге бар таласы... (Мұқағали шығармашылығына саяхат сабақ)
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлеуова Анар
М.Мақатаев «Қара өлең»
М.Мақатаев «Қара өлең»
Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады. Екі сөзден құралған «қара өлең» ұғымы бір қарағанда түсінікті сияқты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×