Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаратпа сөз

11 желтоқсан 2015, Жұма
Солтүстік Қазақстан облысы,
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сматаева Жұлдыз Тұрсымбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз
Сабақтың мақсаты: қаратпа сөздің мағынасын түсіндіру; каратпа сөзді дауыс ырғағы арқылы ерекшелеп айту керектігін үйрену; каратпа сөздің негізгі ойға байланысты екенін түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиешілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке баулу. Өз елін, жерін қорғайтын, тәуелсіздікті бағалайтын өршіл рухты азамат
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ой қозғау, талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың барысы:
Алдымызда кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Бізде сәлем береміз.
Үй тапсырмасын сұрау: Өткенді қайталау

........... үлкендерге не айту керек?
Бар алғысым саған...............
Кәні........... жүрісті үдетейік
Жарайды................. сенің айтқаның болсын
Керекті сөздер: анашым, Балнұр, Бақыт, жігіттер
Бүгінгі сабағымыз Қаратпа сөз
Сөйлемдегі біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады.
Ондай сөздерді қаратпа сөз деп аталады: Балам, дәптеріңді таза ұста!

Дәптермен жұмыс: көркем жазу
Қ қ Ққ Ққ Қайрат
16 - желтоқсан тәуелсіздік күні: 1991жыл
Қайрат Рысқұлбеков желтоқсанда өз өмірін құрбан еткен қазақтың қайсар ұлы, «Халық Қаһарманы». Яғни тәуелсіздік күні мерекесі келе жатыр екен. Еліміз
тәуелсіздігін қай жылы алды? Тәуелсіздік күні қай күн? Биыл тәуелсіздікке неше жыл?
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Тәуелсіз елімізді дүние жүзіндегі ең алдыңғы 50 елдің қатарына қосып, ең ірі елдермен терезесін теңестіруге ұмтылуда.

1 - жаттығу: Сөйлемдерді оқы. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр. Оқу кезінде өзгеріс байқала ма?
1. Бағдат ертегі оқыды. ------- 1. Бағдат, ертегі оқы.
2. Оқушылар мектепте тәртіп сақтауға міндетті. ---------- 2. Оқушылар, мектепте тәртіп сақтаңдар.
3. Әжем кесте тігуді үйретті. ---------- 3. Әже, кесте тігуді үйретші.

2 - жаттығу: Өлеңді көшіріп жаз, қарапта сөздің астын сыз
- Ата, жаңғағымды шағып берші!
- Тісім жоқ.
- Ата, портфелімді алып берші!
- Күшім жоқ.
Балам, неге күлесің?
Менің жасымда
Тоқсаннан ассаң, білесің.

Сергіту сәті:
Аспанға қарап ай көрдік,
Төмен қарап жер көрдік,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Бірінші қатарға 3 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді
көшіріл жаз.
- Қызым - ау, бәрін жей салмадың ба?
- Апа, мен оны жылағанда жеймін,- деді қызы.

Екінші қатарға 4 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді
көшіріл жаз.
Айым, бөлмедегі гүлдерге су құй. Балам, аталарыңа батырлар жырын айтып
берші. Көрші, үйге кіріңіз!

Қорытынды: Оқып, қаратпа сөздерді тап.
Шеше, неше кесе сынды кеше.
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 5 - жаттығу. Қаратпа сөздің ережесін жаттау.
5 713
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан - жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір белгісі қойылады. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады: Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қаратпа сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, қаратпа сөздің басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту;
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы түсіндіру, сауатты, көркем жазуға машықтандыру
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Отан
Отан
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×