Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем мүшелері. Бастауыш

14 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
СҚО, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Исмакова Ғалия Серікқызы

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Сабақтың мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
1. Сөйлем мүшелері, бастауыш туралы мәлімет беру
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой - өрісін, ойлау, есте сақтау, шығармашылық
қабілеттерін дамыту,
3. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, топпен жұмыс, бағалау, халықтық педагогика элементтері
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, тірек сызбалар, интербелсенді тақта, кеспе жұмыстары, бағалау парақшалары, рефлексия

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сабақта шаттық шеңберін қолданамын. Шаттық шеңберін сынып кезекшісі өткізеді. Балалар орындарынан тұрып, бір - бірлерін дос болуға шақырады.
Шаттық шеңбері
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн біз нәзік қыздармыз
Қайырлы күн біз ержүрек ұлдармыз
Дос болайық екеуіміз
Доспыз енді бәріміз
Бүгін біздің сабағымыз ерекше болады, өйткені сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Қазір алдыңызда төрт түрлі түсті қағаз жатыр, ұнаған түстерді алып, бір түстілер бір топ құрайды. Сыныпты топқа бөлгеннен кейін, топтың көшбасшысын, уақыт төрешісін, баяндамашысын, хатшысын және спикерін тез арада тағайындайды.
- Балалар сабақты бастамас бұрын, бүгінгі сабақты әр оқушы өз білімін өз билігіне алып бағалайды. Әр оқушының алдында мынадай бағалау парақшалары жатыр. Сендер әр кезең сайын өздерінің білімдеріңді осы бағалау парақшаларына уақытылы енгізіп отырысыңдар. Сабақ соңында балдарыңды қосып, жиынтық бағасын шығарып болғаннан кейін бағалау парақшасын мұғалімге тапсырамыз. Бағалау критерийлері тақтада берілген.
Енді жайдары көңілмен мұғалім үй тапсырмасын диалогты қолдану арқылы сұрайды.

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Диалогты қолдану ( оқушы мен оқушының арасында)
Сұрақтар: «Мен - саған, сен - оған» ойыны арқылы өткіземін. Мұғалім әр топқа кеспе қағаздарын таратады. Әр топқа З сұрақтан қойылады. Бұл жерде әр топтан бір оқушы тұрып өз қалаған кез келген топтағы бір оқушыдан өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, ол өзінің сұрағын басқа топтағы бір оқушы қоя алады. Солай шеңбер жалғаса береді.

І топтың сұрақтары:
1. Сөйлемдер айтылу мақсаты мен сазына қарай неше түрге бөлінеді?
2. Хабарлы сөйлемге тән белгіні ата.
3. Хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшелігін сипатта

ІІ топтың сұрақтары:
1. Сұраулы сөйлемнің анықтамасын айт.
2. Сұраулы сөйлемнің интонациялық еррекшелігін сипатта
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?

ІІІ топтың сұрақтары:
1. Лепті сөйлем қандай жолдармен жасалады?
2. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
3. Лепті сөйлемге тән белгі не?

ІV топтың сұрақтары:
1. Лепті сөйлемнің интонациялық белгілерін сипатта.
2. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы қандай жолдармен жасалады?
3. Бұйрықты сөйлемнің интонациялық ерекшелігін сипатта.
Жақсы балалар, жауап берген оқушылар өздерінің бағаларыңды бағалау парақшаларына қоюды ұмытпайық.

ІІІ Жаңа сабақ
Мұғалім жаңа сабақты тақтадағы мысалмен түсіндіреді. Мысал: Ертең Ажар қалаға барады. Сөйлемге ұйытқы болып тұрған қай сөз деп оқушылардан сұрайды. Оқушылар «Ажар» деп жауап береді. Ол қандай сұраққа жауап береді. «Кім?» ендеше балалар кім? Не? деген сұраққа жауап берсе, ол бастауыш болады. Сендер бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелері туралы жалпы өткен болатынсыңдар. Ендеше сұрақ:
- Сөйлем мүшесі болу үшін қандай белгілер болу керек деп ойлайсыңдар? (сөйлем мүшесі болу үшін жеке тұрып та, сөйлем ішінде тұрып та белгілі сұраққа жауап бере алатын мүше)
- Жақсы балалар, бұл мәліметті сендер, бастауышта алған болатынсыңдар ал біз бүгін сабақта осы сөйлем мүшелерін тереңірек білетін боламыз. Ол үшін дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күнді жазып қояйық. Сөйлем мүшелері. Бастауыш.
- Балалар, тақтада сұрақтар берілген. Сендер топ болып осы сұрақтардың жауаптарын оқулық арқылы іздеп, дәптерге жазып алады. Уақыт бес сұрақ бес минут уақыт. Осы жерде әр оқушы рөлдерін ұмытпау керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзіңді – өзің тексер
Өзіңді – өзің тексер
Сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем және бірыңғай мүшелер туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге машықтандыру. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×