Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың Әбдірахманға арнаған өлеңдері

06 ақпан 2016, Сенбі
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
№ 23 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оңайбаева Күләш Самарқанқызы

Сабақтың тақырыбы: Абайдың Әбдірахманға арнаған өлеңдері (8 - сынып)
Жалпы мақсаттар: Абайдың Әбішке арналған өлеңдерінің идеясы мен тақырыбын, көркемдік тілін, мазмұнын меңгерту.
Негізгі идеялар: адалдыққа, адамгершілікке, әке мен бала арасындағы шынайы махаббатқа тәрбиелеу
Оқыту нәтижесі: лирикалық шығармаларды талдау дағдыларын, тіл байлықтарын дамытады
Әдіс - тәсілдер: модульдер талдау, саралау, топтастыру, Венн диаграммасы, 1, 2, 3, 4, 5, 7 - модуль, мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақпараттық технология, Әбіш, Абай портреттері, семантикалық, үлестірме қағаздар

Қосымша әдебиеттер: «Абай жолы» романы бойынша «Қарашығын», «Өкініште», « Қапыда» тараулары, «Абай» энциклопедиясы, Жамбыл Жабаевтың «Алғадай туралы, Ойлар» өлеңі.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын сұрау.
(Әбіш туралы тың мәліметтер игеру үшін үйге берілген «Абай жолы»
Романы бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі(
1. Романда Әбіштің портреті қалай берілген? Тауып оқы.
2. Әбіш қандай оқу орындарында оқыды?
3. Оқудан келген Әбіш пен әкесі Абай арасындағы сағыныш қалай суреттелген?
4. Оқудан келген Әбіштің бойынан қандай өзгерістер мен жағымды жаңалықтар көрдіңдер?
5. Әбіш пен анасы Ділда арасындағы қарым - қатынас қандай болды?
6. Әбіштің ауруға шалдыққанын алғаш білген кім?
7. Әбіштің сүйген жары кім?
8. Бұл ұлы махаббатқа кім себепші болды?
9. Мағрипа қандай қыз? Романнан портретін тауып оқы.
10. Әбіштің ауруға шалдыққанын білгенде Абай қандай көңіл - күйде болды?
11. Әбіштің әкесімен бақиласқан соңғы сөзін романнан тауып оқы.
12. Әбіш дүниеден өтті, оны қалай жерледі?
13. Романда анасы Ділдә мен жары Мағрипа Әбішпен қалай қоштасады?
14. Қандай салт - дәстүр көрініс тапты?

- Міне, балалар, біз бүгінгі жаңа сабағымызды бастамай тұрып Әбіш км, Абай кім, әке мен бала, ана мен бала, бауырлар арасындағы
Ұлы махаббат қандай екенін білдік. Роман арқылы біз Әбіштің қандай адам болғанын, елі үшін, халқы үшін қандай ұлы тұлға болғанын түсіндік. Енді бүгінгі танысатын Абайдың өлеңдер топтамасы арқылы сабағымыздың соңына қарай « Абай кім?», « Әбіш кім?», «Мен кіммін?» деген ойда жоба жасап, « Толық адам» проблемасы бойынша өз пікірлерімізді қорғайтын боламыз.
111 іш туралы қосымша мәлімет беру. (Бұл тапсырма да оқушыларға алдын - ала берілген(
Әбіш( Әбдірахман( (1869 - 1895(- Абайдың Ділдәдан туған баласы. Ол Семей қаласындағы уездік мектепте оқыды. 1886 - 1889 жылдары Түмен
Қаласындағы Александров реалдық училищесінің 5, 6, 7 - сыныптарын оқып бітірді. 1889 - 1892 жылдары С. Петербургте Михайлов артиллерия училищесінде әуелі қатардағы юнкер дәрежесінде түскен Әбішке1890 жылы унтер - офицер, 1892 жылы портпей - юнкер, сол жылдың тамызында
Подпоручик деген әскери атақ беріледі. Әбдірахман училищені өте жақсы деген бағамен бітіреді де, 1892 жылы Ташкенттегі бекініс горнизонының артиллериясына қызметке жіберіледі. 1895 жылы 15 қарашада ауыр науқастан қаза табады.

• Тірек – сызба арқылы Абайдың Әбіш туралы жазылған өлеңдерімен таныстыру.
1. «Талаптың мініп тұлпарын»
2. «Кешегі өткен Ер Әбіш»
3. «Бермеген құлға қайтерсің?»
4. «Тұла бойың ұят - ар едің»
5. «Мағыш қазасына шығарған жоқтауы»
6. Сүйікті ұлына 30 - ға жуық өлең шығарған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Абай мен Әбіш
Абай мен Әбіш
Бастауыш сынып мұғалімі Алимкулова Кымбат
Үздік Абайтанушы
Үздік Абайтанушы
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темкенева Толқын Алпыспаевна
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×