Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топтау сан есімі

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Алматы облысы, Панфилов ауданы,
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кокенова Жанылкан Имангожаевна

Сабақтың тақырыбы: Топтау сан есімі
Сабақтың мақсаты:
1. Топтау сан есімінің жасалу жолдарын, емлесін түсіндіру
2. Сан есімнің мағынасына, құрамына қарай ажырата білу іскерліктерін дамыта түсу, сөзжұмбақ, ойын есептер арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, тыныс белгілерін интонация арқылы қоя білуге машықтандыру.
3. Ұқыпты болуға және мәдени қарым - қатынасты меңгерте отырып, қоршаған ортаны қастерлей білуге тәрбиелеу, халықтық педагогика үлгілерін есте сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекіліктері: плакат «Топтау сан есімі», тест карточкалары, кеспе сөздер, ойын түрлері, сандар
сөйлемдер, стикерлер
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: қалыптан тыс сайыс сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың формасы: топпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, биология, география, әдебиет

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты екі топқа бөліп атын, ұранын даярлап алу
«Сұңқар» тобы, үраны: «Бір елі ауызға екі елі қақпақ»
«Тұлпар» тобы, ұраны: «Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам»
2. Ой шақыру Сұрақтар. (арнайы берілген тапсырма)
А. Мектеп кітапханасында қанша кітап бар? Оның нешеуі әдеби кітаптар, нешеуі оқулықтар?
Ә. Біздің мектебімізде қанша оқушы бар? Нешеуі қыз, нешеуі ұл балалар?
Б. Мемлекетіміздің шекара ұзындығы қанша?

3. Өткен сабақты бекіту
а ) Сан есім дегеніміз не?
ә) Құрамына қарай сан есімдер нешеге бөлінеді?
б) Мына сөздердің мағынасын анықта: 1000 - даған, 50 - леп, XXI ғасыр, 40 - қа таман, 2015
жылдың желтоқсаны, 10 - ы сәрсенбі, алты - алтау

4. Жаңа сабақты түсіндіру
Тақтаға төмендегі плакатқа жазылған сөйлемдер ілінеді.
Жұмысшылар жиырмадан екі бригадаға бөлінді.
Сыныпта екі - екіден бөлінген үлкен терезе бар. Сөйлемдерден оқушылар сан есімді тауып түрленуін, жасалуын айтады. Мағынасына қарай ажыратады. Сұрақтар қойылады. Құрамы қандай табады. Мысалы: жиырмадан сөзі құрамы - дара, - дан шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы жасалып тұр. Сұрағы: нешеден? Ал екі - екіден сөзі, құрамы - күрделі, қосарланып жасалған, - дан шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы. Осылайша өздері топтау сан есімнің
ережесін құрастырады.

Қосымша түсінік: топтау сан есімі дара, қосарланған, тіркескен (күрделі) түрде кездеседі.
Барлық түріне шығыс септігі жалғауы жалғанады.

5. Жаттығулар орындау
Ойын «Қанша қауын» (жұмбақ есеп)
Самат қаппен арқалап,
Бес қауыннан тасыды.
Қабы болмай ал Талап,
Қос қауыннан тасыды.
Он рет сабылып,
Екеуі әбден шаршады.
Тасып алған қауынның,
Қанша болды бар саны (70)

Екі топқа 2 сөйлемнен беріледі, олар талдайды. Сан есімдерді мағынасына қарай талда.
1. Адам жүрегі бір минутта 70рет, тәулігіне 1000000 - нан аса соғады.
2. Алып киттің тілінің өзі 4тоннаға жуық, бауыры 1 тонна болады.
3. Жер мен Күннің ара қашықтығы 150 миллион километрдей болады.
4. Жыр алыбы – Жамбыл атамыздың туғанына 170 жыл толады.

Есептік сан есімдерден сөзбен реттік, болжалдық, топтау сан есімдер жазу
Жүз, елу. алпыс, тоқсан, мың
Реттік сан есімі: жүзінші
Болжалдық сан есімі: жүздеген, жүздей
Топтау сан есімі: жүз - жүзден

148 - жаттығу берілген есептік сан есімдерден топтау сан есімдер жасап, «Топтасу түбі - ынтымақ» тақырыбында ой - пікір алмасыңдар
Екі, төрт, алты, сегіз, он төрт, жиырма, қырық, елу. алпыс

6. Ойын «1 - ден 9 - ға дейін»
1. Халық әні (Бір бала)
2. Мезгіл үстеу (екіталай )
3. Геометриялық фигура (үшбұрыш)
4. Математикалық амалдар (төрт амал)
5. Мылтық (бесатар)
6. Ұлттық ойын (алтыбақан)
7. Жұлдыз (жетіқарақшы)
8. Омыртқа сүйек (сегізкөз)
9. Балалар ертегісі (тоғыз тоңқылдақ)

Сан есімі бар мақал - мәтелдерден жарыс
1. Өтірік - екеу, шын - төртеу
2. Темекі тартқан бір кісі, уланған бүкіл үй - іші

7. Сабақты қорыту. Берілген сан есімдерді топтап жазу
Он - оннан, алпыстан, отыз екіден, қырықтан, 20 – 30 - дан, екіден

8. Білімдерін бағалау
Жеңімпаздарды анықтау, бағаларын қою, әр топ ұрандарының мағынасын түсіндіру

9. Үйге тапсырма беру
150 - жаттығу. Топтау сан есімдерін қатыстыра отырып «Қонақта» тақырыбында әңгіме құрау
Күн тәртібі бойынша сұрақтар:
1. Мектепке қаншада барасың?
2. Неше сағат ұйықтайсың?
3. Сабаққа нешеде даярланасың?
4. Таңертең нешеде тұрасың?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Статистикалық топтастыру
Статистикалық топтастыру
Студенттердің статистикалық пәніне деген қызығушылығын арттыру және толықтай мағлұмат беру.
Топтау және бөлшектік сан есімдер
Топтау және бөлшектік сан есімдер
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық " №3 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ математика пәні мұғалімі: Рахимова Панат Советовна
І дыбысына жаттығу
І дыбысына жаттығу
Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Карагойшиева Сара Тұяққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×