Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мезгіл бағыныңқы сабақтас

20 ақпан 2016, Сенбі
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Сабақ мақсаты: Мезгіл бағыныңқы сабақтас туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыра отырып, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету
Міндеттер: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Құралдар: оқулық, А - 3, маркер, стикер,
Әдіс - тәсілдер: топтастыру, сұрақ - жауап
Оқыту нәтижесі: Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдерді меңгереді. Қандай мақсатта қолдануды біледі.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
- амандасу
- түгелдеу
- сабаққа бейімдеу
- топқа бөлу
- топтарға (жапырық, жүрекше, төртбұрыш пішінді) стикерлер таратылып, тапсырманы дұрыс орындаған топ тақтаға стикер жабыстырады.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасын тексеру. (Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасау.)
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
2. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен қалай байланысады?
3. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
4. Шартты бағыныңқы сабақтастын ережесі қандай?
5. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастын ережесі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан? қашанға дейін? қашаннан бері? қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен байланысады.
1) - ған/ген, - қан/кен есімше тұлғалы етістікке - ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Жиналыс аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды.
2) - ған/ген, - қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.
3) - ған/ген, - қан/кен есімше тұлғалы етістікке соң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларының қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.
4) - ған/ген, - қан/кен есімше тұлғалы етістікке кезде, шақта, уақытта мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.
5) - ғалы/гелі, - қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.
6) - са/се шартты райдың жұрнағы және - ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ұлпа уәделі жерге келсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қысбасталысымен (қашан?), Ораз да аңға шығуға дайындалады.

ІV. Cабақты меңгерту
Кітаппен жұмыс: 133 - жаттығу
Берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқы сабақтас жасаңдар.

V. Сабақты қорытындылау
Жаңа сабақты бекіту.
Ал енді сіздермен «Арқан тартыс» (Білім тартыс) ойынын ойнаймыз. Бұл ойында тақырыпты қаншалықты меңгергендіктеріңізді көрсетесіздер.
Ойынның шарты: Сіздерге шашыраңқы сөздер беріледі, содан мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрайсыздар. Қай топ барлық сөйлемдерді дұрыс құраса, сол топ жеңімпаз атанады.

Тапсырма. Мына шашыраңқы сөздерден, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құраңыздар.

1. Мереке, тазартылып, ағаштар, соң, бұлақтар, отырғызылған, басталды.
2. Қолданылған, ұйқысынан, мынадай, адамдар, қызық, оянған, дәстүр, соң.
3. Әзірлеген, құрғанша, бойжеткендер, алтыбақан, көже, жігіттер, наурыз.
4. Жарысқа, палуандар, дайындалуда, өнерпаздар, салғанша өнерлерін, ортаға.

VІ. Үйге тапсырма беру. Жаңа сөздерді пайдалана отырып, мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмаласқа 3 сөйлем жазыңыздар.
VІІ. Бағалау(Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалаймын).
Жинақталған стикер санына қараймын.
54 711
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарымен таныстырып, жаттығу арқылы талдай білуге үйрету.
Себеп бағыныңқы сабақтас
Себеп бағыныңқы сабақтас
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×