Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің шақтары туралы түсінік

01 наурыз 2016, Сейсенбі
«М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Аманкелди А.

Қазақ тілі 7 сынып
Тақырып: Етістіктің шақтары туралы түсінік

МАҚСАТЫ: Етістік туралы зерттей отырып, етістіктің шақтарын біледі, маңызын түсінеді.
ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ: бір - бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алды;
бір - бірімен қарым - қатынасы қалыптасты;
бір - бірін тыңдай білуге үйренді, бағалай алды;
топтасуды үйренді, мағынаны ашуда бірлесе жұмыс атқаруға дағдыланды, білімін кеңейтті.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ: Диалог арқылы сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.
ӘДІС - ТӘСІЛДЕР: ЖИГСО, талдау, топтық жұмыс, диалогтік әңгіме, АКТ пайдалану, ойын, жеке жұмыс, жұптық жұмыс интервью.
КЕЗЕҢДЕРІ
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Үй тапсырмасы (5 минут)
Мағынаны тану (10 минут) (3 минут )
Сергіту сәті (2 минут)
Рефлекция (7 минут)
Бағалау ( 3 минут)
Сабақты қорытындылау, үй жұмысы 3 минут

Етістіктің шақтары туралы түсінік
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады. Соған сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді.

Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне – ды, - ді, ты, - ті және - мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Дара етістікте ( кел - іп - ті, кел - ер ) Күрделі етістікте
( келіп отыр, келіп кеткен, келіп кетпек )
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына береді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен ( есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтарынан кейін жалғанады:
Оқы – ған - мын, оқы - р - сың, бар - ып - ты, бар - ды - м, бар - мақ - ың, т. б.
Жіктік жалғау күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістікке жалғанады: сөйлеп отыр - ған - сың, сөйлеп отыр - ар - мын.

Осы шақ
Сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс – қимылды білдіреді. Оның 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ және нақ осы шақ.
Нақ осы шақ қимылдың, іс – әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Мысалы: Мен отырмын.

Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктер деп аталады. Қалып етістіктер ІІІ жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. ІІ жақта жіктеу есімдігімен тіркесіп бұйрық мағынасын білдіреді.

Жасалу жолдары:
Жалаң нақ осы шақ қалып етістігіне жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мен жүрмін. Мен отырмын. Мен тұрмын. Мен жатырмын.

Күрделі нақ осы шақ көсемше / қалып етістігіне жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мен келіп жүрмін. Мен келіп отырмын.
Мен келіп тұрмын. Мен келе жатырмын.

Нақ осы шақтың күрделі түрі негізгі етістіктің – ып,, - іп, - п және
– а, - е, - й тұлғалы көсемше түрі мен қалып етістіктерінің көмекші етістік мәніндегі тіркесінен жасалады.
Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктер ( отыр, тұр, жүр, жатыр ) жіктеліп жұмсалады. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып отыр.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
32 285
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары
Мақсаты Етістіктің шақтары жайында түсінік беру Міндеттері Етістіктің шақтары жайында білімдерін кеңейту Етістіктің шақтарын ажырата алуда сыни ойлауын дамыту Сөйлем ішінен саналы түрде табуға және пайдалана білуге үйрету.
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ түрлерін тілдесім барысында қолдана алады.
Келер шақ туралы түсінік. Болжалды келер шақ.
Келер шақ туралы түсінік. Болжалды келер шақ.
Келер шақ түрлері туралы түсінік бере отырып, болжалды келер шақ ерекшелігін меңгерту. Оқушылар «Етістіктің шақтары» туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдана алды;
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №9 орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Атаджанова Наргиза Довлетовна
Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №10 Борсеңгір орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мергенова Надира Абуғазизқызы
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×