Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі

09 қаңтар 2020, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті9 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу, мәнін түсіндіру;
Тәрбиелілік: Ақынның өлеңіндегі ұлттық рух пен патриотизмді ұғындыра отырып, туған елін, туған тілін, әдебиетін сүюге құштарландыру;
Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, өздіктерінен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру.
Типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Түрі: ізденіс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, түсіндіру, «Айналмалы бекет»,«Түйінді сөз» стратегиялары
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Көрнекіліктер: Сұлтанмахмұт суреті, шығармалар жинағы, интерактивті тақта, т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру. (2 - минут)
Интерактивті тақтаға назар аудару.
Тақтаға Алаш қайраткерлерінің суреттері шығады.

Оқушылар, өткен сабақта танысқан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру поэмасында» ақын замандастарын не үшін мақтап, жырға қосты?
Көркейер қайткенде алаш деген ойдан,
Басқа ойды өмірінде малданбаған.
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай алашына қызмет еткен - деп елі үшін тәуекелге бел байлайтын азаматтар екенін танытқысы келген болса керек. Алашорда партиясының құрылуын ақын өзі де қолдаған екен. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда Сұлтанмахмұттың «Алаш ұраны» өлеңімен танысамыз.

III. Жаңа сабақ. (2 - минут)
Тақтадан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін тыңдату.

Сұлтанмахмұт Торайғыров
АЛАШ ҰРАНЫ
1 - оқушы.
Алаш туы астында,
Біз алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.

Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Қолдайтын алаш бабамыз.
"Туысқандық", "теңдік" деп,
Туын қолға ап шабамыз.
Берілгенде тілектер,
Жарылмай ма жүректер?!

2 - оқушы.
Заң жасайтын орынға,
Жұртпен бірге барамыз!
Қатардан орын аламыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Куә болсын арымыз.
Көркейтуге алашты,
Құрбандық біздің жанымыз!
Былай тұрсын малымыз,
Алаш деген ел үшін
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ер үшін,
Төгілсін біздің қанымыз!
Аялмасын жанымыз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Өлсек бірге өлдік біз.

3 - оқушы.
Не жақсылық, не қайғы,
Көрсек бірге көрдік біз!
Ішкі жанжал таласты,
Күншілдікпен қарасты,
Мына жерге көмдік біз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
Адамдықтың жолына,
Бастаған ерлер соңыңда,
Басқаға көңіл бөлмейміз,
Қандай шайтан келсе де,
Алдауына көнбейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Бұл заманға жеттік біз!
Жасайды алаш, өлмейміз!
Жасасын, алаш, жасасын!

Өлеңді 2 - 3 оқушыға мәнерлеп оқыту. (1 - минут)

III. «Айналмалы бекет» әдісі (9 - минут)
1 - топ. 3 - минут
Өлеңнің негізгі тақырыбы не, ақын қалың көпшілікті неге шақырады?
Өлеңнен тірек сөздерді теріп жазып, ақынның айтпақ ойын түсіндіріңдер.
Ақын өлеңіндегі ойды бүгінгі күнмен қалай үндестіруге болады?
тақырыбы не, ақын қалың көпшілікті неге шақырады?
теріп жазып, ақынның айтпақ ойын түсіндіріңдер.
бүгінгі күнмен қалай үндестіруге болады?

2 - топ. 3 - минут
«Алаш ұраны» өлеңінің жазылу тарихы мен идеясы қалай?
Өлең құрылысына талдау жасау.
Жанр түрі:
Шумақ:
Тармақ:
Бунақ:
Буын:
Ұйқас:
Өлең идеясы сендерге не берді?

3 - топ. 3 - минут
Өлеңдегі Алаш, Алаш балалары, Алаш туы сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер?
Өлеңде кездесетін әдеби - теориялық ұғымдар:
Өз елінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көріңдер.

VI. «Түйінді сөз» стратегиясы бойынша қорытындылау.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен орайластыра қорытындылау.

«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан - жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!»

VII. Рефлексия.
VIII. Бағалау. Үйге тапсырма.
49 010
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру; Оқушыларды оқу - білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету;
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы. романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
ШҚО, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы, Рахмадиев о/м қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұманова Жанат Ескінқызы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×