Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау

18 наурыз 2016, Жұма
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырбекова Гүлбақыт

Қазақ тілі пәнінен 8 - сыныпта өтетін ашық сабақтың
жоспары:
Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Мақсаты:
1) Сөйлем мүшелерінен өткенді еске түсіру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, білімдерін бекіту.
2) Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу, сөйлем талдау дағдысын қалыптастыру.
3) Елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру.
Сабақтың тегі: Қайталау, жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, шығармашылыққа ізденіс, шығарма жазу, ойтолғау.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, Астананың әсем ғимараттарын слайд арқылы көрсету, электронды оқулық, карточка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару, 2 топқа бөлу, бүгінгі сабақтың ерекшелігін түсіндіру, мақсатын айту.

ІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Дұрыс айтасыңдар. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 24 жыл толып отыр екен. Ендеше біз өзіміздің біліміміз арқылы осы мерейтойға өз үлесімізді қоса аламыз. 2016 жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады.
Өркендеген Астана – Қазақстанның шыңға шарықтаған бәйтерегі. Бүгінгі сабағымызда еліміздің рухани орталығына, мәдени мекеніне айналған айшықты қала – Астанаға саяхат жасаймыз.
1. Еңселі елордамыздағы басты ғимарат - Қазақстан Президентінің резиденциясы – Ақорда.
Бұл ғимараттың ұзындығы 600 метр, ені 20 метр. Ақордадан келіп түскен шұғыл хатқа жедел жауап бересіңдер, саяхатымызды әрі қарай жалғастыра аламыз.

Топтық тапсырмалар:
І топ.
1. Сөйлем мүшелерінің 3 белгісін білесің бе? Ата?
2. Бастауыш нені білдіреді? Дара бастауышқа мысал келтір.
3. Толықтауыштың байланысу түрі қандай?
ІІ топ.
1. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2. Баяндауыш нені білдіреді? Күрделі баяндауышқа мысал келтір.
3. Оқушылар Астанаға саяхат жасады
Асты сызылған сөз тіркесінің байланысу тәсілі мен түрі қандай? Астанаға сөзі қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.
- Жақсы, балалар, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық!

2. Астана келбетін аша түсетін арнайы тапсырыспен салынған құрылыс кешені – Пирамида. Ол - қазіргі кезде «Бейбітшілік пен келісім сарайына» айналған. Көлемі - 28 мың кв метр, ал биіктігі - 62 метр. Ішінде 1500 адамдық концерт залы бар. Пирамиданы аралағыларың келсе «Кім тапқыр?» тапсырмасын орындауларың керек.

Кім тапқыр?
Мақалдың жалғасын тауып. Сөйлем мүшесіне талдау жаса:
1. Ұстазыңды ұлы әкеңдей............. (сыйла)
2. Жақсының аты өлмейді,.............(ғалымның хаты өлмейді)
3. Ерді намыс өлтіреді,....................(қоянды қамыс өлтіреді)
4. Жылы - жылы сөйлесең,...............( жылан інінен шығады)

3. Арман қала – Астанадағы ең биік ғимараттың бірі Хан – шатыры. Алаңының өзі 10 гектар жерді алып жатыр. Оның ішінен қалалық парк, кинотеатр, көрме, концерт залдары, дүкендерді, тіпті, аквопаркті де тамашалай аласыңдар. Хан – шатырына кіруге асығыңыздар, ол үшін 56 - жаттығуда берілген «Сыйрақ - өз Отанының ұлы патриоты» мәтініне талдау жасауларың қажет «Талдау – табыс кілті». Ендеше іске сәт!

І топ. Қарамен жазылған сөздердің қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықтау, талдау жасау.

ІІ топ. Сыйрақтың айтпақ сөзін аяқтау, Сыйрақтың ерлігіне қатысты ой қорыту.

4. Ал, енді біздің бақытты болашағымыздың символындай Сарыарқаға сәулет беріп тұрған «Астана - Бәйтерек» монументіне де таяп қалдық. Биіктігі 97 метр Бәйтеректің жоғарғы шыңына шыққыларыңыз келсе, 2 топтың жетекшілері сынға түседі:

І топ жетекшісіне
1. Шылау сөйлем мүшесі бола алады ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді (иә)
3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)
4. – ның, - нің - ілік септігінің жалғауы (иә)
5. «Биылғы күз салқын» Бұл құрмалас сөйлем (жоқ)
6. «У»- тұйық етістік жасаушы жұрнақ (иә)

ІІ топ жетекшісіне
1. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (иә)
2. Мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері (иә)
3. «келе жатыр» - үйірлі баяндауыш (жоқ)
4. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3-ке бөлінеді (иә)
5. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді (жоқ)
6. Толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі (жоқ)

5. Үйге; «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» тақырыбына шығарма
жазып келу. Адамгершілік, имандылық туралы даналық сөздер жаттап келу.

6. Оқушылар білімін бағалау.
7. Сабақты қорытындылау:
Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазағымның болған қалам.
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жасай берші, нұрлы Астанам.

- Балалар, сендер сөйлем мүшелерінен алған білімдеріңді жинақтап меңгеру арқылы нұрлы қала - Астанамызға саяхат жасадыңыздар. Біздің Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын. Сондықтан әлі - ақ Елордамызда саяхат жасайтындарыңа сенімдімін.

Толық нұсқасын жүктеу
8 673
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cөйлем
Cөйлем
Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске түсіре отырып толықтыру. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай ажырата білуге машықтандыру және сауаттылықтарын арттыру.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Ашық сабақ Тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Бастауыш
Бастауыш
Сөйлем мүшесі бастауыш туралы түсінікті тереңдетіп, олардың грамматикалық белгілерін меңгерте отырып, өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету.
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;
Сөйлем мүшелерін қайталау
Сөйлем мүшелерін қайталау
Исмагулова Бекзат Мейрамқызы Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×