Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»

30 наурыз 2016, Сәрсенбі
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№17 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Нурмашова Гулнара

Қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырып: Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»
Мақсаты:
білімділік – Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесін оқушыларға түсіндіріп, әңгіме туралы танымын кеңейту.
дамытушылық – оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін жүйелі жеткізу, өз пайымын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру, танымдық белсенділігін арттыру; бүгінгі күнмен байланыста қарау үшін салыстырмалы талдау жүргізуді меңгерту.
тәрбиелік – ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге баули отырып, адамгершілік, өзара сыйластық қасиеттерін ұштай отырып, адал, мәдениетті тұлға қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер: Сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін жүйелеуге, қорғауға үйренеді. Жаңа ақпараттар қабылдайды. Сыныпта жақсы қарым қатынас орнайды. Ойлау, сөйлеу мәдениеті дамиды. Пәнге қызығушылығы, белсенділігі артады.
Түйінді идеялар: Жазушылардың әңгімелерін оқи отырып – тарихи кезеңдерді біле жүру.

Жаттығулар
Мұғалімнің іс - әрекеті
Топқа бөлу: Оқушыларды төрт топқа бөлемін.
«Ақтар» тобы, «Сарылар» тобы «Көктер» тобы, «Қызылдар» тобы
Топ ережесі: Оқушыларға топқа ереже жасау керектігін үйретеді.

Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел
Көрнекілік: Интерактивті тақта, сауалнама, сараптама қорытындылары.
Әдіс - тәсіл: Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік тәсіл, сұрақ - жауап, сауалнамалық зерттеу,
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
Қызығушылығын ояту: 1. Сәлемдеседі.
2. Оқушыларды түгендейді.
3. Сабаққа психологиялық бағыт береді. Балалар біз бүгін топқа бөлініп оқимыз. Сондықтан топ ережесін жасап алайық. Топ ережесін оқушылар жасайды. Оны көрнекі жерге іліп қояды.

Мағынаны тану:
Үйге тапсырманы сұрау: Әр топтан үйге берілген тапсырманы Қ: Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесінінің мазмұнын әр топтан бір оқушыдан сұраймын. Сол оқушыларды бағалап, бағасын қоямын
Өтілген тақырыпқа шолу.
Әңгімедегі таныс кейіпкерлер. Бұл кім?

1. Бұл көк ат та бір, біз де бір қу жанға тыныштық жоқ - деп атты сойылдап - сойылдап алды. Бұл кім? ( Жарықжұлдыз)
2. – Ой, су мұрын, сен жүрген жер тек болушы ма еді,- деп жарық жұлдызды бір шағып алды да, жөніне кетті. Бұл кім? (Алтын)
3. Бар, ана Қабдығалиеваның қасына! Тістеп алар деймісің, қорықпа!- деген кім?
(мектеп басшысы, Маймұрын)
4. Ия, жаңа жарасты ғой өздері,- деп қағытты біреу. Бұл кім? (Бүкір деген бала)

Бұл қай мезгіл
1. Ақ жауын себелеп тұр. Жол лайсаң. Алтай өңірінің ең бір жүдеу шағы. Бұл қай мезгіл? (Күз)
2. Қарағайлы шатқал арасындағы ауыл үстіне ымырт үйіріліп, ығы - жығы үйлері алагеуімденіп қана көрінеді. Бұл қай мезгіл? (бейуақ, кешкі мезгіл)
3. Соғыс біткеніне бір - ақ жыл болатын. Сол жылдың қай мезгілі еді? (Күз)
4. Алматай берген кітапты оқып отырғанда қарасам, біраз уақыт болып қалыпты. егер мектеп күзетшісі қуып шықпағанда, білмеймін. Сол кезде қай мезгіл еді? (түннің ортасы)

Әңгімеде кездесетін кітап аттары
1. Алматай берген кітаптың сыртына латынша әріппен жазып қойыпты. кітаптың сыртында не деген жазу болды? (қазақ тілі.)
2. Әңгіменің аты да белгісіз, авторы да белгісіз. сол кітап аты кейін білгенде қалай аталды?
(Шұғаның белгісі).
3. Алматай біздің мектепте жоғары сыныпқа мына пәннен сабақ береді. Ол қай пән? (Әдебиет)
4. Сурет өнерінің асыл қазынасын маған жеткізген сарғайып тозған кітапты(сыртында аты бар) бауырыма қысып, қатты разы болдым. Ол қай кітап еді? (Қазақ тілі)

Жаңа тақырып. Қалихан Ысқақтың « Қоңыр күз еді» әңгімесін баяндау.
Кітаппен жұмыс.
1. топқа Шұғаның белгісін Қасым неге қызығып оқыды, Жазушымен кездесем деген үміті Алматыға келгенде неге үзілді?
2. Топқа Бірінші деңгейлік тапсырманы орындау.
3. Топқа екінші деңгейлік тапсырманы орындау.
4. Топқа үшінші деңгейлік тапсырманы орындау.

Сергіту сәті.

Өзіңді тап. Ақ қағазға кейіпкер аты жазылады да, сол жазылған сөзді сұрақтар қою арқылы оқушының өзіне кім екенін таптыру.
Б. Майлин туралы қысқаша түсінік беру.

2 - тапсырма. «Менің сұрағым»
Әр топ басқа топтарға 2 сұрақтан қояды. Сабақта осы тапсырма бойынша 8 сұрақ, 8 жауап қаралады. Сұрақты құру топтық жұмысына 1 минут беріледі.
Бағалау критерийлері үлестіріледі:

Толық нұсқасын жүктеу
7 550
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді.
Қ. Ысқақ «Қоңыр күз еді»повесінен үзінді.
Қ. Ысқақовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қалихан Ысқақтың"Қоңыр күз еді" повесіндегі балалар бейнесі
Қалихан Ысқақтың"Қоңыр күз еді" повесіндегі балалар бейнесі
Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі - Қалихан Ысқақ. Балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, қиыншылықтарымен өткен.
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Қазақ әдебиеті үшін тарихи оқиғаларға толы кезең екендігін түсіндіру. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін көрсететін, тарихын, салт санасын, дәстүрін таңбалайтын ұлы туындылар туралы айту, балалар бойына патриоттық сезім ұялату.
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
С. Торайғыров «Шілде» өлеңі
Оқушыларды С. Торайғыровтың өмірімен танысып, өлеңінің идеясын ашу, білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
Қазақ прозасы әлемінде
Қазақ прозасы әлемінде
Оңтүстік Қазақстан облысы, № 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуандықова Гүлжамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×