Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме» өлеңі

17 мам 2016, Сейсенбі
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Жаңашар ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Темиркулова Мадина Сулейменқызы

Қазақ әдебиеті 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Сабақтың мақсаты:
а) А Байтұрсынұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой - өрісін, ойлау қабілетін арттыруға, шығармашылық ізденіске жол ашу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену, СКТ т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, кестелері, портреті т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасы бойынша сұрақтар дайындап, орындыққа отырған оқушыға сұрақтар қояды.
1. А. Байтұрсынұлының қандай мақалаларын білесіңдер?
2. Ахмет не себепті ату жазасына кесілді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
А. Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқып беріп, ақынның айтпақ болған ойын өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Сөздікпен жұмыс: Милләт - араб сөзі, халық, ұлт деген мағынада
Аплатон – ертедегі грек оқымыстысы

Кітаппен жұмыс: Автордың ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарындағы ирониялық сарынды тап.
Мысалы. «Нашардың көбірек же, хақын інім,
Айғырсып момындарға ақыр, інім,
Кісімсіп, ең болмаса қақыр, інім»
Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу

Ақын ініме
1. Авторы – А. Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашы, мысалшы, саясаткер.
2. Тақырыбы — тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы - атқамінер шонжарлардың мінез - құлқын әшкерелеу.
3. Жанр түрі – поэзия (өлең) Өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы — атқамінер шонжарлардың мінез - құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз – автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман - мақсатын, қиялын білдіреді.
5. Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ой. 8 шумақты
6. Тармақ – өлеңнің әр жолы. 30 тармақты
7. Бунақ — белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
8. Буын саны — дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.
9. Ұйқас түрі — қара өлең ұйқасы (а - а - б - а) Ұйқас - өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өле тармақтарындағы сөздер үндестігі.
10. Әдеби - теориялық ұғымдар.
10. 1. Троп – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп ойды өзгертіп айту.
Теңеу: доңыздай, балдай, Аплатондай
Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт
Дөрекі сөздер: қақыр, лапыр, пақыр, айғырсып.
Ирония – кекесін келемеждеу
Сүйікті милләтіңа болам десең, Нашардың көбірек же хақын, інім.
Сыйласын десең жұртың қадір тұтып,
Айғырсып момындарға ақыр, інім.
Білімді ел ішінде болам десең,
Шешенсіп, жақты сөйлеп, лапыр, інім.
Қолыңнан мұның бірі келмес болса,
Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім.
Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,
Ет асып табақ - табақ шақыр, інім.
10. 2. Фигура - айшықтау.
Арнау - жазушының көбіне – көп ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.
Бұл өлең жарлай арнауға құрылған. Өлең М. Дулатұлына арналған.
11. Түсіндірме сөздік
Милләт - араб сөзі, халық, ұлт. Аплатон, Платон - ертедегі грек оқымыстысы, правосы - құқы
12. Тәрбиелік мәні. Өлең адамгершілікке үндеп, адал еңбек, қызмет етуге, шақырады. Жаман әдеттерден, жамандардан бойды аулақ ұстауға шақырады.

Тақтаман жұмыс: Өлеңді құрылысына қарай талдайды.
3 ------------------- 4 ------------ 4
Азырақ // құлағың сал,//ақын інім,
Ойымыз,//рухымыз //жақын, інім.
Ағалық //провасын //қолыма алып,
Келемін// айтайын деп //ақыл, інім.
1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ, 11 буынды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?
2. Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: А. Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін жаттап келу.
12 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А. Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен ақын - жазушыларымыз туралы мағлұмат беру;
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындаға жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шабаева Патима Пазылқызы
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудан Жаңабұлақ ОЖББМ – ің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Абай Құнанбайұлы ұлы суреткер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×