Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Негізгі және туынды сын есім

10 шілде 2016, Жексенбі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Ганюшкин ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Байменова Гүлбағила Ғизатқызы

Қазақ тілі
Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақтың мақсаты: 1. Сын есімнің негізгі және туынды болып бөлінетіні туралы мағлұмат беру, туынды сын есімнің басқа сөз таптарынан жасалатынын меңгерту.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
3. Байқағыштыққа баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа психологиялық даярлық.
ІІ. Өткенге шолу. Сын есімді еске түсіру, ережені қорыту, мысал келтіру.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: 22 - жаттығу сөздерді салыстырып оқу, оларға сұрақтар қою: Ақыл - ақылды, тәртіп - тәртіпті, біл - білгіш, айна - айнадай. Бірінші сөздер зат есімдер, ал екінші сөздер жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер екен.

Ү. Оқулықпен жұмыс.
1) Ережемен жұмыс: түсініп оқу, талдау, есте сақтау.
2) Жатқа жазу. 23 - жаттығу, Мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. Сын есімдерді табу, сұрақ қою, негізгі немесе туынды екендерін анықтау.
3) Көркем жазу. 24 - жаттығу, сөздерді көшіріп жазу, туынды сөздерді сөз құрамына талдау: талапты, білімді, әдепті, ажарлы, сәнді, саналы, көңілді. Туынды сын есімдер қай сөз табынан жасалған? Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау.
4) Сергіту сәті.
5) Мәтінмен жұмыс. 25 - жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Мәтін не жайында? Аспан қандай болып тұр? Тапсырмаларды орындау: сын есімдерді табу, олардың қай түрге жататынын анықтау.

ҮІ. Бекіту. Венн диаграммасы. 26 - жаттығу берілген негізгі және туынды сын есімдерді сылыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу:
Негізгі сын есім: Жаңа, көк, жүйрік.
Туынды сын есім: Әдепті, сүтті, атақты, көктемгі.

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі және туынды сын есімдер туралы не білдіңдер?
Тест жұмысы. 1. Сын есімді тауып белгіле.
А. Ақта
В. Ағар
С. Ақ
2. Қарсы мәндес сын есімді тап.
А. Арлы - берлі
В. Ұзын - қысқа
С. Құрт - құмырсқа
3. Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап.
А. Не?
В. Неше?
С. Қандай?
4. Туынды сын есімді тап.
А. Сөзсіз
В. Сөзшең
С. Сөзге
Сөйлемнен сын есімді тап. Ақбауыр – сүйкімді кірпі.
А. Ақбауыр
В. Сүйкімді
С. Кірпі.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 27 - жаттығу, ережені еске сақтау. 189 – бет.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
25 483
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім туралы білім қалыптастыру; Туынды сын есімнің жасалу жолын түсіндіру Сауатты, көркем жазуға төселдіру, ойлау әрекетін, шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің түрлерінің негізгі және туынды екендігін, айырмашылығын, ұқсастығын білу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×