Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мазмұндама (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып
Тақырыптар:
61. Мазмұндама. Құс – табиғат перзенті
62. Мазмұндама. Апам


Сабақ жоспары
1. Пән аты: әдебиеті
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан:
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды шығармашылық қабілеттерін бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: бақылау сабағы.
Сабақтың түрі: мазмұндама
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жазба жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.
Құс – табиғат перзенті
Көктем күшіне еніп, бүкіл дала құстардың әсем үніне бөленді.
Атамыз қазақ қашан да құс атаулыны ерте заманнан ерекше құрметтеп келген. Қыран бүркіт, алғыр қаршыға, көк дауыл сұңқар, ұшқыр тұйғын баулып, оларды қиянға салып, өнерін құмарта тамашалаған. Құс біткенді жәбірлеуді өздеріне рақымсыздық, қиянат көрген. Бұл жөнінде ел аузында мынадай бір аңыз бар.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде адамдар ел - жұртын тастап, бас сауғалап,
жан - жаққа қашқаны белгілі. Сонда жау келе жатқан жолда атақты Төле би көшпей, жалғыз үй қалып қойыпты. Ентелеп келіп бас қойған жау еш қаперсіз жұртта отырған жалғыз үйді көріп, оның бұл қылығына таң - тамаша қалады. Өктем жау ордаға келіп ойран салмақ болғанда, Төле би шығып:
- Ей, адамзаттың балалары! Биыл көктемде шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Қазір сол ұяда оның қызылшақа балапандары жатыр. Соларды аяп, өзгелерге ұқсап үдере көшпей, шаңырағымды, жолдарыңда қалып қойдым. Ең болмаса, сол балапандарды аяңдар. Өзіме тисеңдер де, шаңырағыма тимеңдер, - деп, өтініш жасаған екен дейді.
Сонда жауыздығымен әлемге аты жайылған жоңғар басқыншыларының өзі Төле бидің асқан адамгершілігіне риза болып, оның шаңырағына тиіспеген көрінеді.
Саятшылық – үлкен өнер, ата салтымыз. Саятшылық құру – аң - құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Ел арасында аңдар мен құстардың қайсысының қай уақытта өсіп - көбейетінін, жүретін жерін, олардың мекендейтін, жайылатын орнын, жүріс - тұрыс, мінез - дағдысын өте жақсы білетін адамдар көп. Олар аң - құстың өсіп - көбейетін кезінде мазасын алмайды, үркітпейді, қайта қамқор болып жүреді. Қазақ салтында жалт еткенді жамбастан, бүлк еткенді бүйректен, сырт еткенді сирақтан тигізетін, құралайды көзге атқан мергендердің өзі аң - құстың бәріне бірдей тие бермейді, қалағанын ғана таңдап ататын болған. Өйткені Табиғат - ана әркімнен өзгеге залалын тигізбей, қажет тап басып тауып алуды, өзін аялауды, шапағатты көзбен қарауды қалайды.
Мазмұндау жоспары:
1. Аталар құрметі.
2. Аңыз ізімен.
3. Саятшылық деген не?
4. Құс – табиғат.
5. Ата – баба дәстүрін сақтау.

Сөздік жұмысы:
бас сауғалау, қаперсіз.
ІV. Сабақтың аяқталуы.

Сабақ жоспары
1. Пән аты: әдебиеті
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІV
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: бақылау сабағы.
Сабақтың түрі: шығарма
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жазба жұмысы, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.
Апам
Апамның мінезі қызық. Әлі күнге шейін айналып - толғанып, өбектеп жүргені. Менің ер жетіп, ересектер қатарына қосылып, ерте тұрып, кеш жатқанымда жұмысы да жоқ. Басым жастыққа тиіп, көзім ұйқыға кетісімен маңдайымнан иіскеп, шашымды сипап, қасымнан шықпайды.
Кейде оянып, көзімді ашпастан ұзақ жататынмын. Ана мейірімінің таусылар, сарқылар шегі болмайтын да шығар. Әр еміренуі сонау кеудемнің түкпірінде ұйып қалған балалық шақтың елжіреуін қайта қоздатып кететін екі - үш ұлдан қалған жалғыз «қоңыр қозысы» болғаныма өзімді кінәлі санаймын ба, жұрт алдында қабақ түйсем, осындай оңаша шақта алақан иісін құшырлана сіміріп, шексіз қуанышқа бөленем. Анаға жетер не бар екен?! Ана мейірімін алмастырар құдірет бар ма екен!
Бүгін де апамның маңдайыма тиген жұп - жұмсақ еріндерінің лебімен күліп ояндым. Әкем жұмысқа кетіп қалыпты. Асығыс атып тұрдым. Апам үстел үстіне тағамдарын жасап жүр. Далаға шықтым. Өткір жарық көзе шағылысып, ті қаратар емес.
Үйге кіріп, апамның бәйек болғанына қарамастан, түрегеп тұрып суық еттен қарбытып бірер асадым да, ораулы түстік тағамымды қолтығыма қысып, жұмысқа кеттім.
Көз алдымнан апам кетпей келеді... әсіресе, жасы мөлдіреген жанары әлденеге зарыққандай, әлденеге көңілі ынтығып, соған мұңая қалғандай.
Жайдары жаз өтіп барады. Енді бірер айдан кейін мына жасылы азая бастаған далаға күз келіп түседі. Ондайда бұл жердің сұрқы адам көргісіз. Сіркіреп жаңбыр жауады - ай келіп. Жердің миы шығып, аяқ аттасаң ақыретке айналып бітеді.
Аспанға қараймын. Ноқаттай боп бозторғай тұр қос қанатын қайшылап. Алысқа қараймын. Маңай жап - жарық. Күн күйдіріп барады. Айналайын жаз ғой бұл.
Тағы да апамды ойлап келемін. Ұзақ сапар өмірімнің ащы - тұщысын, күйініш - сүйінішін еске алғанда, қысқа ғұмырдың күңгірт күзіне тап болғанын сезетін болар. Тап сол кездерде көз жетпеске кеткен жастықтың жайдары жазын сағынып, іштей елжірейтін шығар. Сол күйіне аңсары ауғанда тірлігінің қайта ашылған гүліндей, қайта көктеген құрағындай мен көрінетін шығармын. Өбектейтіні де сондықтан болар.
(С. Сматаев, 334 сөз.)

Мазмұндама бойынша жоспар құру.
1. Ана мінезі.
2. «Ананың көңілі – балада,
Баланың көңілі – далада».
3. Оятқан ана алақаны.
4. Ана көңілі.
5. Жайдары жаздың өтуі.
6. Күз – көңілсіздік белгісі.
7. Өмірдің жазы, күзі.

ІV. Сабақтың аяқталуы.
19 468
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Мазмұндама "Қайыңның көз жасы"
Мазмұндама "Қайыңның көз жасы"
Мәтіннің негізгі ойын, мазмұнын жазба түрінде жеткізу. Білімділік мақсаты: Сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қолдана білу, сауатты жазуға үйрету.
Күнделікті сабақ жоспары, Диктант. Қоштасу
Күнделікті сабақ жоспары, Диктант. Қоштасу
Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені - ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала - ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді.
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×