Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспары. Түбір мен қосымша

17 қыркүйек 2016, Сенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
Барлығы: 102 сағат.

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
16. Түбір мен қосымша.
17. Дара сөздер мен күрделі сөздер.
18. Біріккен сөздер.
19. Біріккен сөздердің емлесі
20. Қос сөздердің түрлері. Қайталама қос сөздер.


Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сөз тұлғасы және түбір мен қосымша жайлы толық түрде түсінік беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, бекіту, сөздікпен жұмыс, бағалау, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т. б.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сыныппен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.
б) Журнал бойынша түгелдеу.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
а) Өткен сабақта өтілген ережелерді сұраймын.
ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.
б) Сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.
в) Дәптерлерін алмастырамын.
3) Жаңа сабақты түсіндіру,

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Түбір мен қосымша» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі Бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп - оқитын орын, көр - көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанған - дас, - тың(жолдастық деген сөзде), - ын, - щы (сауыншы деген сөзде), - тер, - дің (мектептердің деген сөзде), - ін, - ген(көрінген деген сөзде) бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы - дас, - тың, - ын, т. б. қосымшаларда ешбір мағына жоқ. Кей қосымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа мағына қосады. Мысалы, жол - із я сапар болса, жолдас - жолға бірге шығатын адам я серік дегенді білдіретін жаңа мәнге ие болған сөз; мектеп - оқу оқитын орын болса, - тер деген қосымша сол мектептің біреу емес, көп екенін ғана білдіреді.

Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы Жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақтар дейді. Мысалы: жол - дас - тың, сау - ын - шы деген сөздердегі - дас пен - тың, және - ын мен - шы жұрнақтары жаңа сөз тудырып түр.
Жол деген із немесе сапар мағынасын береді. Оған - дас қосымшасы қосылса, жолдас - серік мәніндегі адам, оған - тық қосылса, жолдастық адамдар арасында болатын қарым - қатынас болып шығады. Сау деген сүт алу мәнін беретін, қимылды білдіретін сөз болса, оған - ын қосылса, саууға байланысты жаңа мағынадағы заттық ұғымды, оған — шы қосылып саууды іске асыратын адамды (сондай мамандықтың иесін) білдіреді. Осындай Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады Сөйтіп, жол, сау деген сөздер - негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастың, сауын, сауыншы деген сөздер - туынды түбірлер.

Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, өнім, өндіріс, өніс, өнгіш сияқты сөздердің негізгі түбірі - өн.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 69 - жаттығудың шарты мынадай: 1. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. 2. Мәтінде қандай елдік дәстүр көрініс тапқан? Өздерің білетін оқиғалармен байланыстырып әңгімелеңдер.

Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 70 - жаттығу жұмысының шарты: Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Келесі тапсырма: 71 - жаттығудың шарты: Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар.
Келесі тапсырма: 72 - жаттығудың шарты: Төмендегі сөздерге қосымшалар жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
Келесі тапсырма: 73 - жаттығудың шарты: Төмендегі сөздерді үлгіде көрсетілгендей етіп үш бағанға бөліп жазыңдар.
Келесі орындалатын тапсырма: 74 - жаттығу. Бес Мақал - мәтел тауып жазып, ондағы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.
Қазіргі қазақ тілі - көне түркі тілдік құбылыстардың, заңдылықтардың дені сол көпе тілден бастау алады. Бұдан былай мен сендерге көне түркі тілінің айнасы - Орхон - Енисей ескерткіштеріндегі грамматикалық заңдылықтармен де таныстырып отырамын.
Орхон - Енисей ескерткіштеріндегі сөздерді де тұлғасына қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, күрделі сөздер деп бес топқа бөлуге болады.

1. Түбір сөздер. Ескерткіштерде жалаң түбірден тұратын сөздер төмендегідей болып келеді:
1) жалғыз ғана дауысты дыбыстан тұратын сөздер, мысалы, ы - бұта (өсімдік): Ы бар бас асдымыз (Бұтасы бар шыңнан астық);
2) дауысты+дауыссыз дыбыстан тұратын сөздер: аз (аз), еб (үй), іч (іш);
3) дауыссыз +дауысты дыбыстан тұратын сөздер: бу (Бұл), те (де, айт), ку (дыбыс), т. б.;
4) дауысты және дауыссыз дыбыстар араласып келген сөздер: апа (апа), йурт (жүрт), кіші (кісі), інгек (сиыр), будун (халық), қаған (каған, хан), т. б.

Туынды сөздер. Ескерткіштерде жұрнақ. жалғану арқылы жасалған жаңа сөздер де бар. Мысалы: айгучы (кеңесші), атлыг (атты), йерчі (жершіл), күчліг (күшті).
Міне, осылайша жаттығу жұмыстарын орындап, Орхон — Енисей ескерткіштері жайлы түсінік беріп болған соң қосымша Сұрақтар мен тапсырмалар беремін. Пысықтауға арналған сұрақтар.
1. Сөздердің жасалуы мен сөздік құрамының арасында қандай байланыс бар?
2. Түбірге қосымша қосылу арқылы қандай сөздер жасалады?
3. Түбірдің негізгі белгісі қандай?
4. Түбір мен қосымшаның айырмашылығы қандай?
5. Қосымшаның қандай түрлері бар? Олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?
6. Туынды түбір деген не?
7. Туынды түбір мен негізгі түбірдің айырмашылығы қандай?
8. Түбірлес сөздер деген не?

Сабақтың қорытындысы.
а) Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ә) Оқушылардың білімін бағалаймын.
б) Үйге тапсырма: 74 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Бес
Мақал - мәтел тауып жазып, ондағы түбірге қосылған қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.
Тексердім:

16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды жүктеу

Толық нұсқасын қарау
8 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беру. Сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын байқату.
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
оқушыларға сөз түлғасы және дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру. ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.
Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Лексикадан өткенді қайталау. Күнделікті сабақ жоспары
Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың лексика тарауы бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргіземін. Алғашқы орындалатын тапсырма: 49 - жаттығу жұмысының шарты. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркестерді жөне күрделі сөздерді бөлек -
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×