Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер (қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспары)

17 қыркүйек 2016, Сенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар. 6 сынып
II тоқсан.
аптасына: 3 сағат
барлығы: 21 сағат.

Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 6 сынып.
Тақырыптар:
1. Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер.
2. Сөздерді топтастыру. Зат есім.
3. Зат есімнің жасалу жолы. Деректі және дерексіз зат есімдер
4. Есімдерден, етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар.
5. Сын есім туралы түсінік. Сын есімнің шырайлары


Сабақтың тақырыбы: Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сөздің түрлері, атауыш, көмекші және одағай сөздер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, Сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
З. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді. Ал кейбір сөздер жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды, сөйлемде басқа бір сөздің жетегінде қолданылып, сол сөздің мағынасын толықтырып, күшейтіп тұрады немесе сөздерді бір - бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Бұл сөйлемдегі бес сөздің төртеуі жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіреді:
мен — айтушы адам,
жазбаймын — қағаз бетіне сөзді түсіру (түсірмеу),
өлеңді — белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз;
ермек — уақыт өткізу үшін жасалатын әрекет.
Ал үшін дегеннің мұндай мағынасы жоқ. Бұл сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мән үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады.
Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды. Ал ондай мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді. Атауыш сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, белгілі бір Сұраққа жауап бере алады. Ал көмекші сөздер жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіре алмайтындықтан, белгілі бір Сұраққа да жауап бере алмайды. Демек, сөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алмайды.
Әдетте көмекші сөздер өзі жетегінде жұмсалған сөзбен қабаттасып қолданылады, сол сөзге қосымша мән үстейді не ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып тұрады. Жоғарыдағы сөздерді талдасақ, былай болар еді:
Кім жазбаймын дейді?— мен — бастауыш,
Мен не істеймін?— жазбаймын — баяндауыш,

Нені жазбаймын? өлеңді — толықтауыш,
Не үшін (мақсатпен) жазбаймын?— ермек үшін — пысықтауыш.
Үшін деген сөзге жеке Сұрақ қоюға болмайды, сондықтан ол жеке тұрып сөйлем мүшесі де бола алмайды.
Одағай сөздер адамның әр түрлі көңіл - күйін білдіреді немесе жан - жануарларды шақыру мәнінде қолданылады. Олар да сөйлем мүшесі бола алмайды. Толық мағынасы болмағандықтан, белгілі бір сұраққа да жауап бермейді. Мысалы: Па, шіркін! Сөзің сөз - ақ екен!
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 114 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып шығып, құрамындағы атауыш сөздер мен көмекші сөздерді ажыратыңдар. Мәтіндегі антоним сөздерді табыңдар. Оның автор ойын білдірудегі мәні қандай екеніне назар аударыңдар.
Келесі тапсырма: 115 - жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар. Қарамен жазылған сөздердің атауыш екеніне назар аударыңдар.
Келесі тапсырма: 77 - жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар, олардың неліктен көмекші сөз делінетінін дәлелдеңдер. I және II мәтіндердегі авторлардың ойын ортақ тақырыпқа тоғыстырып, білім, ғылым туралы әңгімелеңдер.

Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 117 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер.
Тексердім:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
7 071
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есімнің жасалуы (күнделікті сабақ жоспары 6 сынып)
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы; қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т. б.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Етістік. Дара және күрделі етістік
Етістік. Дара және күрделі етістік
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутеева Динара Серикбаевна
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып)
Қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері (6-сынып)
Қызылорда қаласы, "Казрис" негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Пірімова
Атауыш, көмекші және одағай сөздер
Атауыш, көмекші және одағай сөздер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×