Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімшенің сөйлемдегі қызметі (күнделікті сабақ жоспары)

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
56. Есімшенің сөйлемдегі қызметі
57. Көсемшенің түрленуі
58. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
59. Диктант
60. Қатемен жұмыс


Қазақ тілі 7 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
а) Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметін түсіндіру, сөйлемдерді синтаксистік талдауға машықтандыру;
ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Бұйрық рай дегеніміз не? 2. Рай категориясы дегеніміз не?
3. Райдың неше түрі бар? 4. Ашық рай қалай жасалады?
5. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.
▪ Бастауыш
Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін атқарады.
Үнсіз күліп тұрған - бағанағы шәкірт бала.
▪ Баяндауыш
Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады.
Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.
▪ Толықтауыш
Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.
Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім.
▪ Анықтауыш
Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады.
Көшкен ауылды іздеп табалық.
▪ Пысықтауыш
Есімше барыс және жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқарады.
Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.

Жаттығумен жұмыс: 192 - жаттығу. Есімшелерге тұлғалық талдау жасап, олар сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс: Мақал - мәтелдердегі есімшелердің есімдерше түрленген тұлғаларына талдау жасаңдар.
1. Тойдың болғанынан боладысы қызық
2. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.
Тақтамен жұмыс: Тәуелденген есімшелерді қатыстырып, сөйлем құрастырып, морфологиялық талдау жүргізеді.
Көргенім, келетіні, жазатының, көмектескеніңіз, бармайтыны, тыңдағанымыз.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңдар да, түрлендіріп қолданыңдар.
Жаз, көмектес, кел, айт, сөйле, ізде, көр, түсін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын жүктеу
5 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады: 1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
Бұйрық рай (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрық рай (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрық рай іс - әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды! Бір жаққа қаратылып, қимылдың іс - әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімше дегеніміз не екенін «есімше» сөзінің өзін құрамына талдату арқылы айтқызу. (Яғни, есімшенің түбірі – есім, жұрнағы – - ше болса,- ше жұрнағы «секілді, сияқты» деген мағынаны білдіреді.
Көсемшенің түрленуі
Көсемшенің түрленуі
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №10 Борсеңгір орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мергенова Надира Абуғазизқызы
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×