Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілияс Жансүгіров

22 қараша 2016, Сейсенбі
Ілияс Жансүгіров (8 сынып)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – оқушылардың «Ілияс Жансүгіров» тақырыбында жан - жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру;
ә) дамытушылық – оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік – оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, талдау, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: кітап

І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
4. Оқушыларды 2 - топқа бөлу.

І. Үй тапсырмасын тексеру
4 - тапсырма 109 - бет.
Оқушыларға өткен І тоқсан бойынша сұрақтар қою.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Фонетика бөлімі нені қарастырады?
3. Синтаксис бөлімі нені қарастырады?
4. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табын атаңыз.
5. Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
6. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылықтары бар ма?

ІІ. Жаңа сабақ
1 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда қазіргі Талдықорған өңірінің Ақсу ауданының бұрынғы 4 - ші ауылында туған. Ілияс шешесінен жастайынан жетіп қалып, әке тәрбиесінде өседі. Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап - ақ өткір мінезді, өжет, еңбекқұмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөнеріне мейлінше жетік болған. Ол аяқ киім тігетін етікші және темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. мұнымен қатар ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп оқып, көп жинапты. Сегіз қырлы, бір сырлы, осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияс та әкесіндей әрі етікші, әрі ұста, әрі әнші, әрі домбырашы болады. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таниды. Осының өзі Ілиястың әдебиетке қызығуына көп көмегін тигізеді. Әкесінен көптеген қызықты әңгімелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оның халық өмірімен, арман - тілегімен, зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызады.

Сұрақтар:
1. Ілияс Жансүгіров қашан және қайда туған?
2. Ілиясты жастайынан кім тәрбиелейді?
3. Әкесі қандай болған? Немен айналысқан?
4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Ілияс Жансүгіров әкесінен не үйренген?
6. Ілиястың әдебиетке қызығуына кім әсер еткен?
7. Ілияс кімнен халық өлеңдерін, қызықты әңгімелер естіген?
8. Халық өмірімен тереңірек танысуына кім мүмкіндік туғызған?

2 - тапсырма. «Он сұрақ» ойыны
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жабыстырады - қатысушы сыныпқа он сұрақ қоя алады, оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап бере алады. Осылайша оқушы маңдайында жазылып тұрған сөзді анықтауы керек.

3 - тапсырма. Ілияс Жансүгіровтың «Мен қалай жаздым?» мақаласындағы айтқан сөзін қалай түсінесіңдер?
... Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы әдебиеттің біз де жасалуына көмектесуіміз керек. Бұл туралы біраз еңбектерім бар: «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық», т. б.
«Бізде, әсіресе, техника, өнер жайында шығармалар туған жоқ. Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек дейміз...»

ІV. Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақтан не түсіндік? Қандай жаңа сөздермен таныстық? Қай тапсырма сіздерге қиындық келтірді және оңай түскендері қайсысы?

V. Үй тапсырмасын беру
5 - тапсырма 135 - бет.
VІ. Бағалау

Атырау облысы, Атырау қаласы
Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын
техникалық гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Иманғалиева Айдана Жексенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
І. Жансүгіров (1894 - 1938) (күнделікті сабақ жоспары)
Ілияс Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Ілияс Жансүгіров «Жазғытұрым»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Ілияс Жансүгіров «Күй»
Ілияс Жансүгіров «Күй»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Ілияс Жансүгіров "Көктемде"
Шалқар қаласы, №6 орта мектебі Төреханова Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×