Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының ырым - тыйымдары

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жариялаған Махмутова Динара
Тақырыбы: «Қазақ халқының ырым - тыйымдары»
Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру;
Тәрбиелік мәні: Ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту;
Көрнекілігі: Қазақтың ырым - тыйымдары туралы сөздер, кітапшалар, слайдтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, сабақ мақсатымен таныстыру, )
Кіріспе: Ырым - тыйымдар туралы түсінік беру;
Негізгі бөлім:
І. «Кім көп біледі?» (оқушылар өздерінің қаншалықты тыйым сөздер білетінін айтып жарысады)
ІІ. «Білгенге маржан» (тыйым сөздердің мағынасын ашу, слайд арқылы)
ІІІ. «Сөз мәйегі» (тыйым сөздерді жалғастыру, слайд арқылы)
ІҮ. «Сыр сандық» (көрініс арқылы орындау )

Кіріспе сөз: (слайд арқылы)
Қазақтың тыйым сөзі - ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының қанына сіңген тектігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни бала бойына ертеден сіңірген. Біз сол ата - әжелеріміздің тыйымымен өсіп, өніп келеміз. Тыйым сөздер ел ішінде өте көп тараған.
Халқымызда «баланы - жастан»деген сөз бар. Бала оңы мен солын танымай жатып - ақ көп нәрсені үйренуге тырысқанымен, кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз. Көп жағдайда, мысалы: «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа»деп айтуын айтқанымен балаға оның мән - мағынасын түсіндірместен, «жаман болады»деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Осынымыз дұрыс па? Жалпы, тыйым сөздер қайдан шыққан? Оның астарына зер сала қарадық па?

І. «Кім көп біледі айдары?»:
Оқушылар өз білгендерін ортаға салады.

ІІ. «Білгенге маржан»
1) Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. 2) Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға келіп қалады деген жаман ырым бар.
3) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. 4) Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
5) Бетіңді баспа - қайғылы адам берін басады.
6) Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың.
7) Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
8) Бақан, құрық аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.

ІІІ кезең. «Сөз мәйегі»(3 оқушыдан шығып берілген тыйым сөздерді алма - кезек жалғастырады)
 Нанды бір қолмен..............(үзбе)
 Жағыңды............................(таянба)
 Су шашып............................(ойнама)
 Кемтар адамға....................(күлме)
 Пышақты шалқасынан........(қойма)
 Бас киіммен......................... (ойнама)
 Адамды.................................(айналма)
 Малды...................................(теппе)
 Отпен.....................................(ойнама)
 Түнде суға................................(барма)

ІҮ кезең. «Сыр сандық (көрініс көрсету)
Халқымыздың дәстүрлі ырымдарының арасында жас балаларға арналған немесе балаларды тәрбиелеуге байланысты кездесетін ырым - тыйымдар қатары мол. Соның бірі қазақ қонақ келгенде де ырым - нанымдарын бала тәрбиесінде қолданып отырған. Осы жөнінде көрініске назар аударайық
Үй ішін ана аластап жүреді. Қасында баласы жүреді.(Ортаға екі аяғын ашып, жол қарап тұрған бала тұрады. Оны байқап қалған анасы:
- Оу үйге қонақ келе жатыр ғой. Мына балам менің жол қарады ғой,- дейді анасы. (Осы сөзді айтып бола бергенде екінші ұлы үйге жүгіріп келе жатып:
- Апа, үйге қонақтар келе жатыр (дей бергенде табалдырыққа келе құлайды).
Оны баласын анасы көтеріп жатып:
Үйге береке, ырыс келеді деген ырым бар. Айналайын. Еш жерің ауырып кеткен жоқ па?
Кел мен сені мына төр көрпеге аунатып алайын. Біссіміллә - біссіміллә. Олжа келді, олжа келді. Олжасын көтере алмай келе жатыр, төрге, төрге жұқсын Осы сәтте үйге топырлай біраз қонақтар кіреді. Армысыздар. Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын, Ырыс - несібелі жыл болсын!- деп бір - бірімен көрісіп жатады. Жоғарылаңыздар, төрге шығыңыздар!- дейді.

Қорытынды: Міне, балалар Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жоғарыда айтқандай. Халқымыздың қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен. Түсінген адамға тіпті қазақтың әрбір сөзінің өзі – ұрпағына қалдырған үлкен қазынасы. Өкініштісі, оның мағынасына терең бойламаймыз.
«Алтынның қолда бар да қадірі жоқ» – дегендей атадан келе жатқан ырым мен тыйымдар – балаға мұра болып келе жатқан осы бір салт - дәстүрлерінен қол жазып қалмай тұрғанда келер ұрпаққа аманат қылайық - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
18 077
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Халық даналығы – рухани байлық көзі
Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын және мағынасын түсіндіру. Ата – баба дәстүрін құрметтеуге дағдыландыру. Шешендік сөздерден тағлым алуға тәрбиелеу.
Ырым - тыйымдар
Ырым - тыйымдар
Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым - тыйымдар жүйесі хал¬қы¬мыз¬дың өмірінде, салт - санасында, әдет - ғұрпында, тұрмыс - тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі.
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
№ 6 мектеп - интернат тәрбиешісі: Шынбергенова Мариям
Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық
Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық
Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Оразгелді Бексұлтан Ғылыми жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Шопанбекова Газиза Жокеновна
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Семей қаласы, №2 кешкі мектеп ОВ 156/15 мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабдуалиева Гүлсим Рахимовна
Ата салтым-асыл мұрам
Ата салтым-асыл мұрам
Қазақ халқының ырымдары, тыйымдары ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі. Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдар мен тыйымдардың озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×