Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елін сүйген Елбасы (ақындар мүшайрасы)

13 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Елін сүйген Елбасы
Мақсаты: Оқушылардың елге деген, Елбасына деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, тілін дамыту.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз:
«Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 7-сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақындар мүшайрасына қош келдіңіздер!»

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сайланған күні! Бұл күн 2012 жылдан бастап мемлекет мереке ретінде қабылдап, бүкіл ел тойлап жатыр.

Бір аптадан бері біздің мектебімізде де осы атаулы мерекеге орай түрлі іс-шаралар өтуде. Міне, 7-сынып оқушылары да өз үлесін қосып, елге, жерге деген,Елбасына деген сезімдерін, ризашылық көңілдерін өлең жолдарымен жеткізуде.
Жас ақындарымыздың талантын,өнерін бағалайтын қазылар алқасын сайлаймыз.

1. Ғ. Ниязымбетов – оқу ісінің меңгерушісі.
2. Б. Изтелеуова- тіл маманы.
3. Г. Көшербаева-жас ақын, мұғалім
Мүшайраға қатысушы ақындарға сәттілік тілеп, кезек береміз.
1. Оралбек Ақнұр
2. Шарап Диана
3. Кәдірбай Перизат
4. Бұхарбай Мақпал
5. Мықтыбай Бақнұр
6. Зинелабдин Сымбат
7. Алмат Гүлім
8. Дүйсембай Айжан
9. Руллон Еркінай

Елін сүйген Елбасы

Астана асқақтаған – асқар қала,
Елімізді болашаққа бастар қала.
Санаңа өмір салтын сіңірген деп,
Сапалы білім берген жастар қала.

Нұрсұлтан ата - ел басқарған азамат
Тәуелсіздік жарығын,жандандырған ғаламат,
Өзге елден қалыспай еңбектенген, тер төккен,
Ондай адам өмірде жарқырап тұрар тек көктен.

91-дің басында «президент» болып сайландың
Ел басқарып, адамзатты жақсы жолға байладың,
Өз еліңнің әнұранын, елтаңбасын, көк туын,
Желбіретіп әлемге, көк туыңды байладың

Нұрсұлтан Назарбаев көсемінің,
Көзінен көрініп тұр отты айбары.
Өзге елмен терезесін теңестіріп,
Көгінде желбіреп тұр көк байрағы.

Өркендеп, өсіп-өнген еліміздің,
Білсеңіз Бәйтерегі басты айғағы,
Алладан ел басымыз аман болса,
Елімді талай шыңға бастайды әлі.

Құтты болсын туған күні ел басымның,
Еліме бақыт берген жанашырым.
Сезімге толыққанды жетелеуде,
Кейінгі ұрпағының жанашыры.

Ел болып еңсемізді түзеу еді,
Алғанда тәуелсіздік басты арманым,
Елдердің өркениеті алды болып
Таймасын әрдайымда бастан бағың.

Мықтыбай Бақнұр
Ел және Елбасы.

Жалықпайды,ел басқару салтымыз,
Ұмытпайды,барша халық антымыз.
Үлгі тұтар Нұр ағаны бәрі де,
Қазақстан ұлы елге басшымыз.

Елін сүйген Ел басы-
Нұрсұлтандай атамыз бар қарашы.
Құрметтейді қасиетін аямай,
Адамзаттың асқақ ұлан арманы.

Аялаймын Қазақстан елімді,
Саялаймын көгершіндей көгімді.
Ұмытпаймын,мәңгі жасар елімді,
Елін сүйем қазағым қара жерімді.

Кәдірбай Перизат.

Көш бастады Нұр ағам.

Ертеңін ойлап халқының,
Көп тер төкті Нұр ағам.
Есілдің сыңғыр суымен
Жайқалған гүл боп Астанам.

Қазаққа хандық орнатқан,
Бұл бір сіздің арқаңыз.
Алашқа бейбіт таң атқан,
Білімі толық арнаңыз.

Есілдің ерен жағасын
Шарпып жатыр ордаңыз.
Билік күшін нығайтқан,
Бұлда сіздің арқаңыз.

Артта қалып сұм соғыс,
Көш бастады Нұр ағаң.
Абыройын алаштың
Ол көтерді әрқашан.

Танытқан жайсаң Қазағын
Мынау ғажап әлемге.
Менде арнап жазамын
Өлеңімді әліде.

Беделі көтеріліп қазағымның,
Кетті ғой қайта оралмас азалы үнің.
Рухымен Абылайдың ұрандатқан,
Атамыз Нұрсұлтандай ел басқарған.

Келешекке жол бастап
Алға қарай жетеміз
Ерлігі биік, күші мол,
Елбасыға сенеміз.

Дүйсембай Айжан.
Елбасы.

Елін сүйген әрқашан Елбасымыз,
Әрқашанда аман болсын Елбасымыз!
Тәуелсіздік бүгінде елімізде,
Толғанып жатыр далам, жеріміз де.

Түледі танымастай өңір мүлдем,
Бөленіп жатыр қырат өлең-гүлге.
Егеменді елімнің асқақ тойын
Именбеңдер, жырлайық досым сенде.

Теңесіп алуан жұртпен тереземіз,
Кеңейді қанат жайып керегем де.
Еліміздің төрағасы Елбасымыз
Тыныштығын қалайды өз елінде.

Әрқашанда сүйеді елімізді,
Тәуелсіздік ұланы жерімізді.
Ер Нұрсұлтан атамыз бақытты бол
Көк туды желбіреткен елімізде.

Шарапова Диана

Біздің президентіміз әрқашан елмен бірге, елге қамқорлығы, ықыласы ерекше! Біздің осындай көшбасшымыз бар. Олай болса, біздің болашағымыз айқын! Елбасына кәміл сенеміз.
Жанжал мен дау-шары жоқ құрыш елің,
Арман мен аңсары көп дұрыс елің
Әманда оған менің күмәнім жоқ
Өзіңе артады ғой Ұлы сенім!

Болашағымызға сеніммен қадам басайық! Өнерлі , ақын оқушыларымызға рахмет айтып, шығармашылық шабыт тілеп, бүгінгі «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақындар мүшайрасын аяқтаймыз.
9 990
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылшеева М. Қ.
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий 1 жүрг. Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×