Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарама - қарсы мағыналы сөздер

25 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Қарама - қарсы мағыналы сөздер (285 – 289 жаттығулар)
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтай отырып, кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болып айтылатынын түсіндіру;
2. Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрістерін кеңейту;
3. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді мәтін арасынан таба білуге үйрете отырып, сөздік қорларын молайту мақсатында көркемдеп, шебер сөйлей білуге үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік, талдау-жинақтау, т. б.
Көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балаларды сабаққа дайындау
2. Үй тапсырмасын тексеру: парта бойынша тексеріп өту;
3. Өткенді пысықтау: Дыбыс түрлері, сөйлем, сөз туралы алған білімдерін еске түсіру;

4. Мотивациялық – бағдарлау кезеңі: (мысалды оқи отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
Бір күні көпірде екі лақ бір - біріне қарама - қарсы кездесіп қалады. Оның біреуі – ақ лақ та, екіншісі – қара лақ. Екеуі де бір - біріне жол бергісі келмейді. Сонда қара лақ былай дейді: - Ей, ақ лақ, сен маған жол бер. Мен сенен үлкенмін. Мен қыста туғанмын, ал сен жазда туғансың. Сондықтан да сен маған жол беруге тиіссің. «Үлкенге – құрмет, Кішіге – міндет» дегенді білсің бе?
Ал, ақ лақ болса жол бергісі келмей былай депті: - Жоқ сенің жасың үлкен, менің жасым кіші болса да, менің сенен бойым - ұзын, сенің бойың – қысқа. Сондықтан да мен неге саған жол беруім керек. Ол екеуі ұзақ айтысып тұрып алды. Ақырында екеуі де жол бермей, екі жаққа қайтып кетті.
- Ал, айтыңдаршы қай лақтың айтқаны дұрыс?. Қайсы жол беруі керек?
- Мына тақтадағы сөздердің осы мысалға қандай қатысы бар. (дәлелдету)
- Ақ – қара, ұзын – қысқа, жаз – қыс, үлкен – кіші,
Сөздерді қолдана отырып, ертегі мазмұнына шолу, талдау;
Бұл сөздердің мағыналары қалай айтылып тұр? Яғни бір - біріне қарама - қарсы мағынада айтылып тұр екен. Олай болса, қандай қорытынды жасауға болады? ТҰЖЫРЫМ: сөздердің кей түрлері бір - біріне қарама - қарсы мағынада айтылады екен.

5. Операциялық орындаушылық кезең: Тақтаға кесте ілінеді:
1. Қант... болады, бұрыш... болады. 2.... бала қуаныш,... бала өкініш
Кестедегі көп нүктенің орнына тиісті сөз қойып, оның мағынасын ажырату;

285 - жаттығу: берілген мәтінді оқытып, талдау жасау. Мәтіннің ішінен мағынасы қарама - қарсы сөздерді тауып, көшіріп жазу, олардың қарама - қарсы сөз екендігін дәлелдету; жақсы – жаман;
- Бұл жаттығу бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? (өз ойларын ортаға салады)
286 - жаттығу: мақалды оқып, мағынасын ашу, талдау жасау: оқытудың бірнеше түрін пайдалана отырып, мақалды жаттатып, жатқа көшіріп жаздыру, қарама - қарсы сөздердің астын сызу.
Ащы мен тұщыны татқан білер, Алыс пен жақынды жортқан білер.

6. Сергіту сәті: Көжегім тұршы, бетіңді жушы.
Айнаға қарашы, шашыңды тарашы
Таза боп киінші, Мектепке жүгірші.
287 - жаттығу: берілген сөздерге сөйлемдер құрату
Таза, лас, тар, кең – бұлар қандай сөздер, қалай жұптастыруға болады?
288 - жаттығу: берілген әр сөздің тұсына мағынасы қарама - қарсы сөздер тауып, көшіріп жазу, дәлелдету:
Таза – лас арзан – қымбат
жылы – суық мейірімді – қатыгез
әлсіз – әлді терең - саяз

7. Рефлексиялық – бағалау кезеңі:
«кім – кімге қарсы» ойынын ойнату. Шарты: шеңбер жасап тұру, қарама - қарсы тұрған балалар бір - біріне мағынасы қарсы сөздер тауып айтады.
- Сонымен сөз неден құралады екен? Ал бүгін мағынасы қандай сөз туралы білдік?
- Олар неліктен мағынасы қарама - қарсы сөздер делінген??
Үлестірмелі карточкалармен жұптаса жұмыс жасату. Әр карточкадағы сөздердің қарсы мағынасын тауып жазу.

8. Үйге тапсырма: 289 - жаттығу
9. Бағалау.

Қарағанды облысы, Жаңа арқа ауданы,
Б. Амалбеков атындағы ЖОББ мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Сауытбаева Гульжазира Серикбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі Ибикенова Карлыгаш Кылышевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 275
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағынасы жуық сөздер
Мағынасы жуық сөздер
Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, керекті жерде сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру, ой - өрістерін кеңейту.; Мағынасы жуық сөздерді мәтін арасынан таба білуге үйрете отырып, сөздік қорларын молайту мақсатында
Сөз туралы түсінік
Сөз туралы түсінік
Сөйлемнің сөздерден, сөзді дыбыстан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіре отырып, сөз белгілі бір заттың атауы екенін ұғындыру; Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқата отырып, сөздерді дұрыс қолдана білу қабілеттерін
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Барлық оқушылар: мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік алады. Сөз және оның мағынасына қарап ереже шығара алады.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Қарсы мағыналы сөздер
Қарсы мағыналы сөздер
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×