Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұмай ана. Қазақ тарихындағы әйелдер

04 сәуір 2017, Сейсенбі
Қазақ тарихындағы әйелдер
Ұмай ана
Аты аңызға айналған аналар есімінің алдыңғы қатарынан Ұмай ана есімі толықтырады. Қазақ тарихындағы әулие деп саналған алғашқы әйел адам болғандықтан, оның есімінің «Жүз тұңғыш» жинағына енуі заңды. Жинақта «Қазақтың ежелгі тарихында әулие атанған тұңғыш әйел. Қазақ әйелдерінің сыйынатын тұңғыш енесі», - деп көрсете отырып, Ұмай ана жайлы неғұрлым толық мәліметті қамтуға тырысқан.
Ұмай ана біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда өмір сүрген, Арғын Аспар есімді кісінің қызы екен. Ол туралы мәліметтер бір ізді емес. Бір деректе он үш бала көтерген десе, енді біреулері Ұмай ананы алған кезде Елсаудың жасы 70 - тен асып кеткен дейді.
Көне түркі мифологиясы бойынша, ол – ұрпақ жалғастығын жебейтін періште. Ертеде қазақтар қыздарын ұзатқанда, неке қиғызу рәсімінде, сондай - ақ әйелдер босанғанында Ұмай анаға
жалбарынып, одан медет тілегені мәлім. «Ұмай» деген сөз ежелгі түркі тілінде «баланың ізі», «бала орны», «ана жатыры», деген мағынаны білдіреді екен. Ұмай құдай - әйел бейнесі түркі тілдес халықтардың көпшілігінің этнографиясында кездеседі. Әр халық Ұмай ана бейнесін әр түрлі қабылдаған. Біреулері Ұмай - ана бейнесінің нышаны ретінде садақты оғымен баланың бесігінің тұсына ілсе, енді біреулері оны сұлу жас әйел бейнесінде қабылдаған.
Ал қазақ халқы басқа көптеген түркі тектес халықтар тәрізді Ұмай ана босану кезінде адамға көмектесіп, сәбиді түрлі пәлелерден (албастыдан т. б.) қорғайды деп біледі. Ұзақ уақыт бала көтермеген немесе сәбилері шетінеп кеткен әйелдер Ұмай анаға сыйынған.
Аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынады қазақтар.
Ұмай есімі Монғолиядағы Тоныкөк пен Күлтегінге арналған көне түркі жазба нұсқаларында кездеседі екен. 2012 жылы Қазақ ғылыми - зерттеу мәдениет институтының ғылыми қызметкері Алексей Рогожинский бастаған архелогиялық - этнографиялық ғылыми экспедициясының жария еткен жаңалығы бойынша, Алматы облысы, Жамбыл ауданынан Ұмай ананың тасқа қашалған мүсіні табылған. Тас мүсін біздің дәуірімізге дейінгі 7 - 8 ғасырларда қашалған көрінеді. Экспедиция мүшелерінің жазбаларына қарағанда, бұған дейін де Ұмай ананың бейнесін көне түркілер мекенінен бес рет табылыпты. Ұмай атының қастерленгені сонша, оған Ұмай бек, Қатун - чор атақтары берілген. Иоллығ - тегін жазған Күлтегін мәтінінде «Ұмай текті анам қатынның құтына (бағына) інім Күлтегін ер атанды», «Тоныкөк ескерткішінде «Тәңірі, Ұмай, киелі Жер - су ықыласын берген екен», - дейді.
Бұл тарихи шығармаларда Ұмай ананы өмірде болған тарихи адам ретінде санайды Б. Нұржекеұлы да осындай түйін жасаған: «Ұмай ене әлдебір аспандағы аңыз бейне емес, нақты тарихи тұлға екендігін, жай әйел емес, қасиетті, ел - жұрттың басын біріктірген әулие ене екендігін біле жүретініміз, аруағы алдында басымызды ие жүргеніміз - тәрбие».
Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ.
«Орхон ескерткіштерінің толық атласы». Астана 2005.
15 681
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - Қазақ даласының батыры
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - Қазақ даласының батыры
Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан — Қажымұқан Мұңайтпасов
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті Конспект Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру - тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған
Томирис. Қазақ тарихындағы әйелдер
Томирис. Қазақ тарихындағы әйелдер
Әлемге әйгілі 10 әйелдің арасында сақ патшайымы Томиристің аты аталады. Томирис б. з. б. VI ғасырға дейін өмір сүрген (б. д. д. 570 - 520 жж). Ол атақты скиф көсемі Ишпақайдың тұқымынан тараған.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Нан дастарханға қалай келді?
Нан дастарханға қалай келді?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының мұғалімі Кубегенова Жумагул Калыбаевна
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×