Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түріктердің рухани мәдениеті

09 мам 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Түріктердің рухани мәдениеті
Конспект
Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру - тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған мерзімі туралы жаңа пікірлер туды. Көне түрік жазуы б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан. Алматы, Павлодар облыстарының жеріндегі сақ тайпаларының обаларынан түрік тіліндегі жазулардың табылуы бұған дәлел болады. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан соңғы 30 - 40 жыл ішінде көне түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды. Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуы түрік билеушілері арасында тез қабылданды. Бұл жағдай түрік жазуының өмірде қолдану аясын тарылта бастаған. Ел ішінде түрік жазуымен қатар соғды жазуы кең тараған.
Жазу өнерінің дамуына байланысты 8 ғасырда жазба әдебиет пайда болды. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – “Күлтегін” және “Тоныкөк” жазулары. “Қорқыт ата” мен “Оғызнама” – 8 - 9 ғасырларға жататын шығармалар. Бұл шығармалар 8 ғасырда ауызша айтылған, 11 ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған.
Түріктердің зираттарынан табылған бұйымдар олардың о дүниелік өмірге сенуінің айғағы болып табылады. Олар отқа, табиғатқа табынған. Түріктер қаза болған адамның мәйітіне аты мен заттарын қоса өртеген. Сондай - ақ түріктер көк бөріге табынған. Балаға, бәйге аттарына тіл - көз тимеу үшін бөрінің тырнағын, көзін, тілін кесіп алып, тағып қоятын болған. Ұмай анаға отбасына шапағатын тигізеді деп табынған. Қазақстанның оңтүстігінде, Жетісуда мұсылман діні 8 ғасырдан бастап кең тарала бастаған.

Конспект сұрақтар
1. Көне түрік жазуының бүкіл халық игілігіне айнала бастаған кезеңі:
2. Мұсылман діні кең тарала бастаған кез:
3. Отбасына шапағатын тигізуші:
4. Тіл - көз тимес үшін тұмар ретінде тақты:
5. Түріктерде мәйітті өртеу ғұрпы білдіреді:
6. “Оғызнама” дастаны 6 ғасырда аударылды:
7. “Оғызнаманың” ескі нұсқасын бірінші жазып қалдырған тарихшы:
8. Қорқыт ата ескерткіші орналасқан жер:
9. 8 - 9 ғасырларға жататын әдеби шығарма:
10. Түріктердің жазба әдебиеті пайда болды:
11. Түрік жазуымен қатар ел ішінде кең тараған жазу:
12. Көне түрік жазуларының ескерткіштері табылған жер:
13. Көне түрік жазуы қалыптасқан мерзім:
14. Көне түрік әліпбиіндегі әріп саны:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 326
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар) Конспект Араб тарихшысы әл - Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады.
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты Конспект Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік - шығысында Қытаймен, оңтүстік - батысында парсылармен шектесіп жатты.
Тарих пәнінен сөзжұмбақтар
Тарих пәнінен сөзжұмбақтар
Сөзжұмбақ «ТАРИХ» 1. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен.... атауы қалыптасқан. (Түрік) 2. Ыдыраған Түрік қағанатының бір бөлігі... (Батыс)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×