Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай қара сөздеріндегі тәлім - тәрбие мәселесі

11 мам 2017, Бейсенбі
Абайтану 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай қара сөздеріндегі тәлім - тәрбие мәселесі
Сабақтың білімділік мақсаты: Абайдың қара сөздерінің тәлім - тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру.
Дамытушылығы: Ақын жан - жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып, оқушылардың ақыл - ойларын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Абай шығармашылығында кең таралған кәсіптің түрлі салаларын меңгеруге, адал еңбек етуге үндеу, тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Иллюстративті - түсіндірмелі, ынталандыру, сөздік әдісі, ақпарат беру әдісі, оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Абайдың қара сөздері (аудио түрінде жазылған), слайд, қара сөздері толық нұсқаларымен, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу)
ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (түсіндіру, видеоролик гиперссылка арқылы ашылады.)
Абайдың қара сөздерінің саны - 45. Қара сөз — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б көптеген тілдеріне аударылды.
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс ( слайд арқылы көрсетіледі)
Ғақлия – көркем сөз, дана сөз, асыл сөз
Ләкин – бірақ (он сегізінші сөз)
Дәрілхарап – қауіпті, бүлінген (Жиырма бесінші сөз)
Хикмет – керемет, ғажайып, сыр, ақыл (Жиырма бесінші сөз)
Дауғасына – талас, тартыс, айтыс ( Жиырма бесінші сөз)
Ғибратлану - үлгі, өнеге, сабақ алу (Отыз бірінші сөз)
Оқушыларға Абайдың бірінші, екінші, үшінші, төртінші қара сөздері аудио жазба түрінде тыңдатылып, ауызша талдаймыз.
Қорытынды ( тапсырмалар беру) тапсырмалар (слайдтан көрсетіледі)

1 - тапсырма. Абайдың он жетінші қара сөзін рөлге бөліп оқыңыздар (ақыл, жүрек, қайрат, ғылым)
2 - тапсырма. Абайдың бесінші қара сөзіндегі мақал - мәтелдерді теріп жазып, талдаңыздар
«Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал — адамның бауыр еті», «Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым — береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз — құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без»
3 - тапсырма. Абайдың он екінші, он бірінші, он тоғызыншы қара сөздерін оқып, мазмұнын ашыңыздар
4 - тапсырма. Ақпаратпен толықтыру (оқулықпен жұмыс, оқушылар берілген мәтіннен жасырын сөзді табады 109 - 112 беттер аралығында)
1. Бұл қарасөздер - көркем әңгіме емес, алайда олардың _______ ______, мақала, ғылымдық, _________ шолулар деп қарастыруға болады.
2. Абай поэзиясында жиі кездесетін “_____” мен “______” ұғымын оның адам ___________ рөлін, өміріндегі қызметін өзіндік __________ кең талдап түсіндіреді.
3.______ қара сөздері өз _______ тарихи шындығынан туған.
4.“Сөз _________ жұртқа сөз айтқанша, __________ танитұғын шошқаны баққан жақсы деген екен ______ ________, сол секілді сөз болады”. – деп аяқтайды

ІҮ. Бекіту. Н. Ә. Назарбаев: «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен» деп сабағымызды қорытындылаймыз.

Ү. Үй тапсырмасын беру. «Абайдың қара сөздерін жатқа айту» (түсіндіру әрбір оқушы бір - бір қара сөзден жаттау)

Мектеп: «Башмашын жалпы білім беру орта мектебі»ММ
Мұғалімнің аты - жөні: Айгерім Қанатқызы Жаирбаева
14 030
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздері (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 7- сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөзі
Абайдың қара сөздері. Он жетінші қара сөзі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Абайдың қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық)
Абайдың қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық)
Ерлан Шарапиев Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 орта мектебінің Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Хәкім Абайдың қара сөздерін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау ісі бір мезетке де тоқтаусыз бола беретін іс.
Абай Құнанбаевтың  Қара сөздері.
Абай Құнанбаевтың Қара сөздері.
Абай Құнанбаев(1845-1904ж.ж.) ұлы қазақ ақынының шығармаларының бiрi де көзiнiң тiрiсiнде дүниеге келмегені белгiлi. Тек дүниеден кеткеннен кейін ғана 1909 жылы, Петербургте оның өлеңдерiнiң жинағын басып шығарды."Ғақлия" немесе "Қара сөз"
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×