Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғаламтор ұғымы

22 қыркүйек 2017, Жұма
Қазақ тілі 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Ғаламтор» тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Сөздікпен танысу:
Байланыстыру - связаться
Дүниежүзілік - всемирный
Ауқымды - обширный
Басқару - управлять
Көмегімен - с помощью
Қашықтан - дистанционно
Торап - сеть
А) сөздерді дұрыс айту;
Ә) сөздік дәптерге жазып алу;
Б) сөз тіркестерін құрап жазу.
3. Оқылым - мәтінмен танысу, оқу, аудару.
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес, Міне, осы Интернет торабы көмегімен электронды пошта арқылы хабар алып, басқа компьютердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатысу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

4. Жазылым - 2 - тапсырмадағы берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, дұрыс - бұрыстығын анықтау

IV. Жаңа сабақты бекіту: Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын анықтаңдар.
Сөздер мен сөз тіркестері ---------------- Аудармалары
1. байланыс жасау -------------------- 1. можно сказать
2 телефон желісі --------------- 2. управлять
3. көмек ------------------------- 3. телефонная связь
4 басқару ------------------ 4. помощь
5. айтуға болады --- 5. связываться

V. Сабақты қорыту: Тірек сызбаны пайдалана отырып, термин сөздер туралы түсінік беру
2 280
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ғаламтор қызметтер
Ғаламтор қызметтер
Ғаламтор қызметтері тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік торап.
Ғаламтор құрамының элементтері
Ғаламтор құрамының элементтері
«Ғаламтор құрамының элементтері» тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×