Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар 7 сынып

04 қазан 2017, Сәрсенбі
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар 7 сынып

Қазақ тілі
7 сынып.
Кіріспе бөлімінде «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

I деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді мәнерлеп оқу, төл дыбыстарды орфоэпиялық нормаға сай айту.

Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен - тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!
(М. Жұмабаев)

II деңгей
1. «Қазақ тілі» атты өлеңді оқып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.
2. Мына сөздерді сөз құрамына талда.
Бесікте, тілің, тілмен, ақылы, айтылады./түбір, I - II - жақ, жекеше, көпше т. б/
3. 1. Нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне...... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі.....
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Зеңгір көк..... белгісі
а/ адалдықтың, тазалықтың, аспанның
ә/ қуаныштың, жеңістің
б/ жамандықтың, бейбітшіліктің
4. Күнге табыну...... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
5. Күн бейнесі...... белгісі
а/ татулықтың
ә/ байлық пен берекенің
б/ достықтың

III деңгей

1. «Қазақ тілі» атты өлеңнің мазмұнын айт.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
Туған тілім, тіл байлығы, мақтанышым, құдыретті, үлгі - өнеге.

Тақырып.« Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел»

I деңгей
1. «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел» атты мәтінді оқы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланған бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың борышы.
2. Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, оларға көптік
жалғауын жалғаңыз.
Үлгі: Отбасы+лар, жанұя+лар
Үй................................................................................
Ана.............................................................................
Ата - ана........................................................................
Дос...............................................................................
Туыс..............................................................................

II деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2. Отан туралы 5 - мақал - мәтел дәптеріңе жаз

III деңгей

1. «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел» атты мәтінді оқып, мазмұнын айт.
2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдыр.
Бейне, ой, бас, би.

Тақырып. «Мемлекеттік мерекелер»
I деңгей
1. «Ұстаз мерекесі» атты мәтінді түсініп оқы.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.

2. Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғап шығыңыз.
Ата - ана, ата - әже, әке, ана, бала, қыз, ұл, тұңғыш, ортаншы,
Кенже, жеңге, жезде, немере, сіңлі, қарындас, іні, аға.

II деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.
2. Астана мерекесін өз сөзіңмен әңгімелеп бер./8 - сөйлем/
3. Мына етістіктермен сөйлем құрастыр.
Орналасты, еңбектен, біледі, ақылдас, жазылды, кеңесу, билеу.

1. Мәтінге жоспар құру.
2. «Мемлекеттік мерекелер» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.

Тақырып. « Кең – байтақ Қазақстаным»

«Кең – байтақ Қазақстаным» атты мәтінді түсініп оқы.
Iдеңгей
1. Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан 1991 жылдан бастап орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2. Мақал - мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
1. Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары жақсы болса, мың бақыт.
2. Ата - ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
II деңгей
1. Мәтін бойынша сұрақ құрастыр
2. Төмендегі сөздерді оқыныз. Түсіндірме сөздікті, пайдаланып, сөздердің мағынасын табыңыз
Ескертпе, бірік, қуат, сақ.
3. Нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Қазақ елінің рәміздеріне... жатады
а/ Байрақ, жалау, жалауша
ә/ Таңба, белгі, мөр
б/ Ту, елтаңба, әнұран
2. Қазақ елі туының түсі...
а/ қызыл
ә/ сары
б/ көк
3. Күнге табыну... дүниеге келген
а/ батыста
ә/ солтүстікте
б/ шығыста
III деңгей
1. Кең – байтақ Қазақстаным» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.

Тақырып. « Табиғат тамашасы»
I деңгей
1. Мәтінді түсініп оқы
1. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер - Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман - тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
1.... ің атым.................
2.... дің отбасымыз тату - тәтті.

II деңгей

1) Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1. Адамның дені сау болу үшін не керек?
2. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды?
3. Дүниежүзілік проблема қандай?
4. Табиғатты сақтау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек?

2) Сөздердің антонимдерін табыңыз:
1. Жақсы...
2. Ұзын...
3. Аққұба...
4. Жалқау...
5. Ақылды...

III деңгей

1. Мәтінге жоспар құру.
2. Мәтінді мазмұндау.

Тақырып. « Хайуанаттар әлемі»

I деңгей
1. « Ит – жеті қазынаның бірі» атты мәтінді оқып, аудар.
“Ит – жеті қазынаның бірі”, “Ел жатпай, ит тынбас”, “Ит иесін қорғайды”, “Ит – үйдің құлағы” деген секілді мақал - мәтелдерде оның малды ұры мен бөріден сақтайтын күзетшілік, аңшылық қызметтері дұрыс бейнеленген. Асыл мал және жабайы жануарлар туралы мақал - мәтелдерде адамға тән жақсылы - жаманды мінез - құлықтар, іс - әрекеттер бейнеленеді, соның ішінде арамдық, пасықтық, залымдық мінез қылықтардың көбісі ит пен есек арқылы берілген десек, әсте асыра айтқандық болмас.

2. Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.
1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.
2. Батыр, ержүрек,............................................................................................... жігіт.
3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................ дос.

II деңгей
1. Мәтін бойынша 4 - 5 сұрақ құрастыр.
2. Тесті орында.
1. Септік жалғау…
а. заттың көптігін білдіру үшін
ә. сөздерді бір - бірімен байланыстыру үшін керек
б. заттың біреуге тән екенін білдіреді
2. Мына сөз қай септікте тұр?
Балапан
а. Атау септік ә. Ілік септік
б. Шығыс септік

III деңгей
1 Мәтінге жоспар құру.
2. Мәтінді мазмұндау.

Тақырып. «Табиғат аясында» лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

I деңгей
1. мәтінді түсініп оқу.
1. Қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек. Кез келген жерге қоқыс тастама. Өзіңді қоршаған ортаны ластама, қағазды жыртып тастама.
Суға түкірме, қоқыс тастап, бүлдірме. Ағаштың бұталарын сындырма, гүлді жұлма.
Жаңбыр жауғаннан кейін ағаш жапырақтары шаңнан тазарады. Өсімдіктер жайқалып жап - жасыл күйге енеді. Жауыннан жиналған шалшықты кешпе.
Өзен - көлдерге қоқыс тастауға болмайды. Себебі ол – балықтардың тұрағы. Балық жаны – суда. Қала маңайының тазалығы мен әдемілігін сақтап қалу - әрбір адамның қолында. Серуенге шыққанда табиғатты ластамау керек.
2. Тәуелдік тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз
а) Мен – қазақпын
ә) Олар жастар
б) Жомарттың әкесі
в) Астанадан келді

Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар 7 сынып жүктеу
6 701
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой - пікірін қалыптастыру
Тіл мерейі, ел мерейі
Тіл мерейі, ел мерейі
Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар (7 сынып)
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар (7 сынып)
Оқушыларды деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Мағжан Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ елі»
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара Әбушахманқызы
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Қазақ тілі" өлеңі
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Деңгейлік тапсырмалар 7 сынып
Деңгейлік тапсырмалар 7 сынып
Деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×